Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

kasipkerlik kodeks2015 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне қол қойылды.

Қабылданған Кодекс Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Негізгі мақсат – бизнесті жүргізуге барынша оңтайлы жағдай жасау, инвестициялар ағынын ынталандыру, кәсіпкерлікті қолдау.

Кәсіпкерлік кодекс сегіз бөлім, 34 тарау және 465 баптан тұрады. Онда кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі және мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының жаңа тәртібі белгіленген.

Кодекс 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және келесі 6 заңның күші жойылады. Олар:

1) «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» Заң;
2) «Инвестициялар туралы» Заң;
3) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заң;
4) «Бәсекелестік туралы» Заң;
5) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заң;
6) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заң.

2015 жылғы 29 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің толық нұсқасын мына жерден жүктеп аласыз.

Download (DOCX, 294KB)

Author: Vitaly Zhirov