Бүгін 19 қараша – Дүниежізілік әжетхана күні екен деп күлеміз.
Шынтуайтында, әлі де болса біраз елдер туалет тауқыметін көруде. Әрбір үндістің үйін әжетханамен қамтамасыз етуді сайлауалды бағдарламасына енгізген Нарендра Моди сайлауда жеңіп, Индияның премьер-министрі болып тағайындалды. “Индияны тазарту” науқаны аясында 100 млн туалет салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 1,28 млрд үндістің жартысына жуығы далаға дәрет сындырады. Бұл өз кезегінде экологиялық жағдайды ушықтырып, көптеген аурулардың тарауына септігін тигізіп отыр.
Туалеті жоқ адамда намыс қайдан болсын. Туалет жоқ болса, рухы тапталады, ұяты қашады. Намысы, рухы жоқ халық қайдан дамиды?
Сондықтан, бүл күнге түсіністікпен қарайық.