Дара кәсіпкерді қалай тіркеуге болады?

Жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу салық органында дара кәсiпкер ретiнде есепке қою арқылы жүзеге асырылады.

Дара кәсiпкерлер келесі шарттардың біріне сай келетін болса, онда мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады. Бұл шарттар:

1) тұрақты негiзде жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдалану;

2) 2015 жылға жеке кәсiпкерлiктен есептелген жылдық жиынтық табысы 256 368 теңгеден асу (ең төменгi жалақының 12 еселенген мөлшерi х 21364 теңге).

Бұл дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызмет жасауына тыйым салынады.

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.

Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Ip kaz 11Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тіркеуші органға:

1) дара кәсіпкерді тіркеу есебі туралы салықтық өтініш;

2) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшiн 3704 теңге мөлшерде алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

3) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат ұсынады.

Мекенжай анықтамасы не жылжымайтын мүлiкке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара кәсiпкердiң орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар келу тәртібімен ұсынылған кезде жеке тұлға жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді.

Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған кезде жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын бюджетке төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.

Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, жоғарыда аталған құжаттарға – заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болмаған кезде – неке қию (ерлi-зайыпты болу) туралы куәлiктiң көшiрмесі не қамқоршылық және қорғаншылық органы шешімінің көшірмесі немесе кәмелет жасына толмаған адамды толығымен іс-әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмiнің көшірмесі қоса берiледi.

Айта кету керек, өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

Жеке тұлға құжаттарды ұсынған кезден бастап тіркеуші орган бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуді жүргізеді не мұндай тіркеуден бас тартады.

Салық органы, егер:

1) өтініш беруші әрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және (немесе) хабарсыз кеттi деп танылған және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216 және 217-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы болған;

2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;

3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайда, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуден бас тартуды жүргізеді.

Дара кәсіпкер ретінде тіркеу үшін өтініш беруші салықтық өтінішті келу тәртібімен тіркеуші органға қағаз жеткізгіште не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынуға құқылы.

Кәмелет жасына толмаған жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда, салықтық өтініш келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады.

Бiрлескен дара кәсiпкерлiктi тiркеу кезiнде өтiнiштi үшiншi тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен қатынастарда мүдделерiн бiлдiретiн уәкiлеттi тұлға бередi.

Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бiрлескен дара кәсiпкерлiкке жазылады. Куәлiкке тiркеу органының басшысы куәландырған бiрлескен дара кәсiпкер мүшелерiнiң тiзiмi қоса берiледi.

Дереккөз

Author: Vitaly Zhirov