1. Сейсенбі – жұмыс аптасының ең өнімді күні.
2. Күніне 65 адам миллионер болуда.
3. 20 пайызға жуық миллионерлер ешқашан университетте оқымаған.
4. Әлемде күнде жаңа 33 тауар пайда болады, олардың 13 – ойыншықтар.
5. Статистика бойынша 90 пайыз ресторандар ашылғаннан кейін бірінші жылда жабылады.
6. Кофе бензиннен кейін ең көп сатылатын тауар.
7. Әлемдегі ойыншықтардың 80 пайызы Қытайда жасалынған.
8. Орналасқан еліне қарамастан «McDonalds» компаниясының негізгі табысы сусындардан түседі.
9. Балалар көру үшін дүкендерде балалар тауарлары еденге барынша жақын сөрелерде орналастырылады.
10. «American Airlines» компаниясы бизнес класс жолаушыларына берілетін салаттан бір зәйтүн алып тастап 40 мың доллар үнемдеген.
11. Дүкендегі хош иіс көп жағдайда жасанды. Ол сатып алушыларды сауда жасауға итермелейді. Әсіресе, бұл әдіс аш адамдарға қатты әсер етеді.
12. Фаст фуд асханаларында жылдам музыка қояды, өйткені осындай әуенге келушілер асты тез жейді, демек жаңа клиенттерге орындар жылдам босайды.
13. 1998 жылы «Google»-дің негізін қалаушылар Ларри Пейдж бен Сергей Брин компанияны «Yahoo»-ға 1 миллиард долларға сатқысы келген, бірақ «Yahoo» мұндай ұсыныстан бас тартқан. Жеті жылдан кейін, 2005 жылы «Google» компаниясы 80 миллиард долларға бағаланған және жылдық пайдасы 1,5 миллиард доллар құраған.
14. 20 ғасырда орыс кәсіпкері Николай Шустов мәскеулік трактирлерде (шарап ішетін орындарында) өзінің жаңа коньягін жылжытуды ойластырады. Бұл үшін трактирлерге барып, «Шустов конягін» талап ететін жас жігіттерді жалдаған. Олар сұраған ішімдігін алмаған соң, шу шығарып, жанжал туғызған. Осындай айланың арқасында мәскеулік трактир қожайындары жаңа коньяк туралы естіп, оны жасампаз кәсіпкерден сатып ала бастаған.
15. Жарнама қызметі нарығының жылдық айналымы жарты триллион доллар құрайды. Салыстырмалы түрде әлемдегі темекінің жылдық айналымы 400 миллиард долларға жуық, яғни жарнамадан 100 миллион долларға аз.