Бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (БСНді) қалай алуға болады?

2013 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында барлық заңды тұлғалардың бизнес сәйкестендіру нөмірлері болуы тиіс екені белгілі.

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) дегеніміз заңды тұлғаға (филиал мен өкiлдiкке) және бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр.

Барлық БСН-дарды тіркеулік есепке алу арнайы ақпараттық жүйеде – бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде іске асырылады. БСН әділет органдарының тіркеу нөмірлерін, СТН, статистика органдарының кодын алмастыратын бірыңғай сәйкестендіруші болып табылады.

Қазақстанның аумағында сәйкестендіру нөмірін енгізу «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы №406 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілеттіктердің), сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірлерін жасау және бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін өтініш беру ережесімен реттеледі.

БСН-ді қалай алуға болады?

Егер Сіз жаңа заңды тұлға тіркесеңіз, БСН сізге автоматты түрде тағайындалады. БСН алу рәсімі күрделі емес – БСН-ды әділет органдары қайта тіркеуге өтініш беру кезінде автоматты түрде тағайындайды.

БСН ресімдеу үшін әділет департаменттеріне келесі құжаттар ұсыну қажет:

белгіленген үлгідегі өтініш;

заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) түпнұсқасы;

филиалдың ережесі;

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу куәлігі;

статистикалық картаның көшірмесі.

Егер бұл құжаттарды ұйымның бірінші басшысы тапсырмаса, құжаттарды ұсыну және алу үшін ұйымның бірінші басшысының қолы және мөрі қойылған сенімхат болу керек. Құжаттар ұсынылғаннан кейін тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрық шығарылады және жаңа куәлікте БСН көрсетіледі.

Заңды тұлғаның БСН келесі құжаттардан тұрады:

жеке тұлға үшін – бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдарымен өкілдіктері үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалды, өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

Қазақстан Республикасында қызметін филиалдармен өкілдіктер арқылы іске асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін – олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

төменде берілген резидент емес заңды тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі:

– Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгілі бір құнды қағаздарды сату кезінде құн өсімінен табыс алатын;

– Қазақстан Республикасында салық салу объектілері бар;

– резидент банктерде ағымдағы есепшоттар мен карт-есепшоттарын ашатын және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын.

Заңды тұлғаларға БСН тағайындау бюджет қаражаты есебінен тегін іске асырылады.

Өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу жеке сәйкестендiру нөмiрi бойынша жүргiзiледi.

Өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде жаңа жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмейдi.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың филиалдары мен өкілеттіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы бұған дейін берілген куәліктерді қайта ресімдеу қажетті құжаттармен бірге өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал өзге заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу – қажетті құжаттармен бірге өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей іске асырылады.

БСН-ды қайдан алуға болады?

Сәйкестендіру нөмірін тағайындау өкілетті органда іске асырылады:

бірлескен жеке кәсіпкердің өкілетті тұлғасының тұрғылықты жері бойынша;

орналасқан жері бойынша.

– заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер), оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін тұрақты мекемелер арқылы іске асыратын резидент емес заңды тұлғалар орналасқан жері бойынша;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 197 бабының 5-тармақшасына сәйкес мүлкі салық агенті болып табылатын резидент емес заңды тұлғаның сатылған акцияларының, қатысу үлестері мен активтерінің құнынан 50 пайызын және одан да жоғары пайызын құрайтын Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығы бар резиденттің немесе консорциумның орналасқан жері бойынша;

салық салу объектілерінің орналасқан және (немесе) тіркелген жері бойынша.

– Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін сатып алатын және (немесе) оларға ие резидент емес заңды тұлғалар үшін;

резидент банктің орналасқан жері бойынша.

– резидент банктерде ағымдағы есепшоттар ашатын және олар бойынша сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру іске асырылматын резидент емес заңды тұлғалар үшін.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің сайтында салық органдарының деректер базасында іздеу арқылы бизнес-сәйкестендіру нөмірінің болуын тексере аласыз. Егер Сізде БСН бар болып, дегенмен іздеу нәтижелерінде Сіздің сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер болмаса, салық органының деректер базасына енгізу үшін Сіз орналасқан жеріңіз бойынша салық органына өтініш бересіз.

binБСН цифрларының мәні

БСН 12 цифрдан және 5 бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім – 4 цифрдан тұрады және заңды тұлғаны, филиалдар мен өкілдіктерді немесе бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкерді (БДК) мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу жылынан (соңғы екі цифр) және айын білдіреді;

Екінші бөлім – 1 цифрдан тұрады және заңды тұлғаның немесе БДК типін білдіреді.

Заңды тұлға немесе БДК типінің нақты мәндері:

4 – резидент заңды тұлғалар үшін;

5 – резидент емес заңды тұлғалар үшін;

6 – БДК үшін;

Үшінші бөлім – 1 цифрдан тұрады және қосымша белгі болып табылады әрі келесі тәсілмен анықталады:

0 – заңды тұлғаның немесе БДК басты бөлімшесі;

1 – заңды тұлғаның немесе БДК филиалы;

2 – заңды тұлғаның немесе БДК өкілеттігі;

3 – бірлескен кәсіпкерлік негізінде қызметін іске асыратын шаруа (фермер) қожайындығы;

Төртінші бөлім – 5 цифрдан тұрады және заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілеттіктер) немесе БДК жүйесінде тіркелудің реттік нөмірінен тұрады;

Бесінші бөлім – 1 цифрдан тұрады, автоматты түрде анықталады және қорытынды цифр болып табылады.

Author: Vitaly Zhirov