(2014 жылғы II тоқсан)
Халықаралық мәліметтер корпорациясы (IDC) мобильдік платформалар жөніндегі жаңа есебін жариялады.
Әлемде бір айда 85 миллион Android және 12 миллион iOS құрылғысы сатылады. Сонымен бірге, Андроид сатылым мөлшері бойынша да, нарықтағы үлесі бойынша өсіп келеді, ал iOS-тың сатылымы аздап өскенімен, ол нарықтағы үлесін жоғалтуда. Windows Phone мен Blackberry-лердің сатылымы төмендеуде, екеуінің саудасы – 3%.
Мобильдік құрылғылар саудасының жалпы мөлшері өсе түсуде. Өткен жылы бір айда 80 млн құрылғы (телефон және планшет) сатылса, биыл – 100 млн. сатылды және жан жағынан алып қарағанда, сауда нарығы әрі қарай өсе беретін түрі бар.
Смартфондар нарығындағы ең жоғары 5 платформа (сауда млн. дана)
Платформа | 2014 ІІ тоқсан |
2014 ІІ тоқсан нарық үлесі |
2013 ІІ тоқсан |
2013 ІІ тоқсан нарық үлесі |
Өткен жылға өсім |
Android | 255,3 | 84,7% | 191,5 | 79,6% | 33,3% |
iOS | 35,2 | 11,7% | 31,2 | 13,0% | 12,7% |
Windows Phone |
7,4 | 2,5% | 8,2 | 3,4% | -9,4% |
BlackBerry | 1,5 | 0,5% | 6,7 | 2,8% | -78,0% |
Others | 1,9 | 0,6% | 2,9 | 1,2% | -32,2% |
Жалпы | 301,3 | 100% | 240,5 | 100% | 25,3% |