Пластикалық карта жасау

Күн өткен сайын біз күнделікті өмірімізде пластикалық карталарды жиі пайдаланамыз. Олардың қатарына кредиттік карталар, дүкендердің, клубтардың, қонақ үйлердің, мейрамханалардың дисконтты карталарын, тіпті куәлік пен құжаттарды жатқызуға болады. Пластикалық карталарды мұншалықты кеңінен қолдану оларды жасауды бизнестің тиімді әрі перспективті түріне айналдырды.

Пластикалық карта – бұл мөлшері 86 х 54 мм, қалыңдығы 0,76 мм болатын кесек пластик. Пластикалық карталардың мақсаты мен сыртқы түрі әртүрлі болады, олар дизайны жағынан ерекшеленгенмен, негізінен айтарлықтай айырмашылықтары жоқ.

Ғимарат. Бұл бизнес үшін сізге жалпы алаңы 25-30 м² болатын кеңсе керек. Егер мұндай орын қолжетімді, қала орталығына жақын жерде, бәлкім бір бизнес‑орталығында (астыңғы қабатта) орналасса тіптен жақсы.

Құрал-жабдықтар. Бұл бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін бірінші кезекте Adobe Illustrator немесе CorelDraw сияқты графикалық редактор бағдарламалары бар компьютер қажет. Сонымен қатар принтер, карта кескіш және пресс-ламинатор қерек. Бұдан бөлек штрих‑коды бар пластикалық карталар жасау үшін сізде кодтаушы мен эмбоссер болуы тиіс.

Технология. Пластикалық карталарды жасаудың көптеген технологиялары бар, бірақ 5 000 данаға дейін тираждау үшін «қарқынды» әдісті пайдалану аса тиімді болып табылады. Бұл технология бойынша бірнеше мыңдаған пластикалық карталар жасау тапсырысын арнайы құрылғыларды пайдалана отырып екі күн ішінде орындауға болады.

Сонымен, пластикалық карталар жасау үдерісі былайша жүзеге асады: алдымен кәдімгі компьютер көмегімен қалыңдығы 0,3 мм болатын арнайы пластикте макеттер жасалып, қарқынды (струйной) принтерден басып шығарылады. Пластикалық карталарды басып шығару үшін ақ, күміс, алтын түсті пластиктерді пайдалануға болады.

Егер пластикалық картаға аты‑жөні, карталардың нөмірлері, кодтар, логиндер, құпия сөздер, штрих-кодтар сияқты мәліметтер енгізілуі тиіс болса, онда бұлардың барлығы бірден макетпен бірге басып шығарылады. Басып шығарылғаннан кейін кәдімгі қарапайым әдіспен, яғни қорғаныс қабаты, беткі жағы, келесі жағы және қайтадан қорғаныс қабаты етіп пластикалық карталарды жинайды.

Жиналғаннан кейін барлық қабаттар пресс‑пеште қысым мен температура көмегімен бірігеді, бұдан кейін карталар арнайы пластикалық карталарды кесу құралымен кесіледі. Егер бұл өзіне жазылған ақпаратты сақтап қалатын кредиттік немесе қарапайым карта болса, онда оның магниттік жолағы кодталады және оған эмбоссировка жасалады (бұл картада шығып тұратын белгілер).

Сату. Бұл бизнестегі негізгі міндет – тапсырыс берушілерді барынша көп тарту. Ол үшін, ең алдымен, өз қызметіңізді әлеуетті клиенттерге ұсынуыңыз қажет. Пластикалық картаны жасатуға негізгі тапсырыс берушілер түрлі ойын‑сауық, спорттық клубтар, дүкендер, мейрамханалар, барлар, дәмханалар, қонақ үйлер, қаржылық мекемелер, фитнес‑орталықтар болып табылады. Егер мұндай мекемелерден тапсырыс алуға алғашқы мүмкіндік туындаса, онда кейіннен бұл міндетті түрде клиенттер ағымын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, баспа және электронды БАҚ‑қа жарнама берудің, сондай‑ақ өзіңнің жеке сайтыңды немесе тым құрығанда интернет желісінде өз блогыңды құрудың маңызы зор.

Болжамды есептеулер

Шығыстар:
– ғимарат жалдау – 45 000-50 000 теңге.
– компьютер – 70 000 теңге.
– принтер – 25 000 теңге.
– картаны біріктіріп, ламинаттайтын пресс-ламинатор – 270 000-300 000 теңге.
– карта кескіш– 25 000 теңге.
– эмбоссер – 150 000 теңге.
– қарқынды баспа үшін пластик әзірлеу – 10 теңге/данасы, * 5 000 = 50 000 теңге.

Барлығы: 635 000 теңге.

Табыс:

Жоғарыда жазылған технология бойынша карта жасаудың өзіндік құны, яғни материалдарға кететін шығыстар, шамамен, 1 карта үшін 20 теңгені құрайды.

Пластикалық карта жасаудың бағасы, орташа есеппен алғанда 100-150 теңгені құрайды, онда да тиражына байланысты. Есептеп көрелік, 100 теңге/дана бойынша 1 000 карта жасау үшін сіз 100 000 теңге аласыз. Бұл сомадан шығыстарды алып тастаймыз – 20 000 теңге, сонда таза табыс сомасы 80 000 теңгені құрайды. Бірақ, есіңізде болсын, бұл тек негізгі шығыстар, бұдан бөлек қосымша шығыстар, мәселен электр энергиясына, ғимаратты жалға алуға қатысты шығыстар да бар және т.б. Уақыт бойынша 1 000 дана карта жасау үшін сіз ең көп дегенде екі күн уақыт жұмсайсыз.

Қалыптасқан жағдай бойынша, ең аз тапсырыс 500 дананы құрайды. Пластикалық карта жасау мен жеткізу жөнінде, ең құрығанда, айына төрт компаниямен келісім жасасаңыз, 2 000 карта * 100 = 200 000 теңге болады. Бұл сомадан өзіндік құнын алып тастаймыз, сонда табыс 160 000 теңгені құрайды. Яғни, сіздің бастапқы шығыныңыз әрі кетсе жарты жыл ішінде өз өзі ақтайды.

Author: Vitaly Zhirov