Біздің көпшілігіміз бизнес ашу үшін әртүрлі идеялар туралы жиі ойланамыз. Бірақ көпшілігі өз ісін ашу үшін үлкен қаражат керек деп ойлайды. Алайда, кемеңгерліктің барлығы қарапайым болатыны анық қой.
Бизнес ‑ бірегей және айтарлықтай қарапайым технология бойынша жүзеге асатын «ескерткішке фото» жасау болып отыр. Ескерткішке фотосуреттер жасау жөніндегі бұл технология ескі технологиядан ‑ «эмальдағы фото‑фотокерамикадан» айтарлықтай өзгешелігі бар, тіпті бұның өзі ұзақ жылдар бойы ең перспективалы болып келген болатын. Ең бір айырмашылығы оны жасау барысында тек қана полимерлер пайдаланылады. Барлық материалдар мен құрылғылар дүкендерде сатылады. Өз бизнесіңді жасау өте қарапайым, тіпті үй жағдайында әрі аз қаражат жұмсап жүргізуге болады. Бәсекелестіктен қорқудың да қажеті шамалы, өйткені бұл кеңістік әлі бос.
Бұл бизнеспен жас кәсіпкер де, сондай‑ақ кез келген фотостудия немесе жөн‑жоралғылар сататын дүкендер де айналыса алады.
Орын-жай. Осы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін үлкен орын‑жайдың қажеті жоқ. Сіз бәрін де үйіңізде отырып жасай аласыз.
Жабдықтау. Өз ісіңізді ұйымдастыру үшін Сізге мынадай құрал-жабдықтар қажет:
– компьютер;
– түрлі‑түсті сканер;
– пигментті бояулары бар түрлі‑түсті қарқынды принтер (олар күймейді);
– ламинатор.
Тағы бір ерекшелігі бұл оргтехниканың барлығы бір жұмыс үстеліне сыйып кетеді.
Технология. Жұмыс үдерісі:
1) фотосуретті аламыз және оны компьютерде сканерлейміз;
2) фотошопта өңдейміз;
3) принтерден шығарамыз (қағаз емес пластик ПВХ қолданылады);
4) ламинаттаймыз;
5) кесеміз;
6) фотоовалға бекітеміз (фото бекітілетін дайындама соққыға шыдамды пластиктен жасалады), бұдан кейін бұйымыңыз дайын деуге болады.
«Эмальдағы фото – фотокерамикадан» басымдығы:
– Жасалатын уақыты 15-20 минут, «эмальдағы фото – фотокерамикаға» 10 – 60 күн кетеді;
– Түстері өте сапалы беріледі;
– Ескерткішке бұрандалы шегесіз бекітіледі;
– Металлға өткізу үшін жұлып алынбайды (өкінішке қарай бұндайлар да кездеседі).
Сату. Сіз өзіңіздің жарнамалық материалыңызды жөн‑жоралғы қызметтерін көрсететін ұйымдар арқылы, сауда орталықтары арқылы тарата аласыз, газетке жарнама орналастыра аласыз.
Болжамды есептеулер.
Шығыстар:
Бастапқы кезеңде сізде мынадай шығыстар болуы мүмкін:
– компьютер – 70 000 теңге.
– сканер – 20 000 теңге.
– принтер – 25 000 теңге.
– ламинатор – от 25 000 теңге.
Барлығы : 140 000 теңге.
Табыс:
Фотоовал құны – 450 теңге, шығыс материалдары құны – 75 теңге.
Барлығы – 525 теңге, ал сату бағасы мөлшеріне, түсіне және өңіріне және т.б. байланысты 1 500-ден 60 000 теңгеге дейін.