Шалғам, сәбіз, салат сияқты өсімдіктерді жұмыртқа коробкаларында (касеттерінде) өсіру әдісі бар.
Бұл әдіс өте ыңғайлы және тиімді: арам шөптерді отамайсын, түбін босатпайсын, тек су құясын.

Ұяшықтардың түбін кесіп тастап, алдын ала дайындалған топыраққа отырғызасыз.

Ұяшықтардың көлемі (5см х 5см) редисканы өсіру агротехникасының талаптарына сай келеді. Әр ұяшыққа бір дәннен саласыз да, бетін жұқалап топырақпен көмесіз.


Егіп болғаннан кейін су құясыз. Бір аптадан барлығы 100% шығады.

Осы әдіспен редиска, сәбіз, салат немесе басқа өсімдіктер ексеңіздер, пікірлеріңізді білдіріңіздер, тәжірибелеріңізбен бөлісіңіздер.

