«Шағын бизнестің сенбісін» өткізу уақыт талабы

10613016_907295682621689_2733684506404617622_n2010 жылы 27 қарашада АҚШ-та American Express компаниясы «Шағын бизнестің сенбісін» («Small Business Saturday») тағайындады. Бұл бастаманың басты мақсаты – тұрғындарды жергілікті жерлердегі шағын кәсіпкерлік орындарында сауда жасауға үгіттеу арқылы оларды қолдау. «Small Businesses Association» қауымдастығының мәліметінше соңғы 20 жылда ашылған жаңа жұмыс орындардың 65% шағын кәсіпкерлікке тиесілі.

«Шағын бизнестің сенбісі» Facebook, Twitter сияқты әлеуметтік желілерде қызу насихатталды, арнайы сайт пен парақшалар ашылды. Алғашқы болып тіркелген 10 мың фирмаға Facebook компаниясы 100 долларға тегін жарнама ұсынды. Қазіргі таңда Facebook-тағы жобаның парақшасының 3,5 миллионға жуық қолдаушысы бар. Сонымен қатар, #SmallBizSaturday Twitter-егі ең жиі қолданылған хештегтердің тізіміне енді.

1376356_894535427231048_6057784020270468820_nБұл бастама қысқа мерзімде америкалықтардың жүрегін жаулап алды. «Small Business Saturday» жылсайын ұйымдастырылып тұратын жобаға және мәдени қозғалысқа айналды.

Осының нәтижесінде 2011 жылғы 26 қарашада «Шағын бизнестің сенбісі» Шопинг күні болып белгіленді. Американың Президенті Барак Обама, губернаторлар, мэрлер, сенаторлар, қоғамдық және жеке ұйымдар, 75 корпорация халықты «Small Business Saturday» күнін қолдауға шақырды. 500 мың шағын кәсіпкерлер онлайн инструменттер мен жарнамалық материалдарды пайдаланды.

2014 жылы 29 қарашада 88 миллион америкалық «Шағын бизнестің сенбісіне» қатысып, 14,3 миллиард долларға сауда жасаған.

Биыл 28 қарашада 6-шы рет өтетін «Small Business Saturday» күні одан да үлкен болады деп күтілуде.

Бұл бастама XXI ғасырдың ең үздік 10 жарнамалық науқанының қатарына енеді және шынайы Шағын кәсіпкерлік күні болып танылады.

Black Friday елімізде Қазақстандық интернет-бизнес және мобильді коммерция Қауымдастығы тарапынан «Кибер жұма» атауымен өтіп келсе, басқалардан «Шағын бизнестің сенбісін» өткізуге әзірге талпыныс байқалмайды.

«Small Business Saturday» күнін “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан Қазақстанда да өткізу қазіргі дағдарыс кезенінде шағын кәсіпкерлерге, жергілікті жерлердегі кішігірім дүкендерге үлкен қолғабыс болар еді.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *