Category Archives: КӘСІП

Жұмыртқа коробкаларында редиска (шалғам) өсіру

Шалғам, сәбіз, салат сияқты өсімдіктерді жұмыртқа коробкаларында (касеттерінде) өсіру әдісі бар.
Бұл әдіс өте ыңғайлы және тиімді: арам шөптерді отамайсын, түбін босатпайсын, тек су құясын. 

Ұяшықтардың түбін кесіп тастап, алдын ала дайындалған топыраққа отырғызасыз.  Continue reading

Гравирлік (бедерлік) жұмыстар

гравирлеуГравирлеу дегеніміз – механикалық әдіспен немесе қолмен шыны, ағаш, тас, металл беттеріне жазулар, өрнектер, суреттер салу. Бұндағы суреттер дөңес (рельефті) немесе ойыс болуы мүмкін.

XXI ғасырда «лазерлік гравирлеу» деп аталатын жаңа технология пайда болды. Continue reading

Кондиционерлерді орнату

кондиционер орнатуАймақтарда бұл бизнес түрі жақсы дами бастады. Климаттық техниканы сатумен айналысатын көптеген сауда компаниялары олардың монтажымен айналысқысы келмейді. Ал бұл өз кезегінде жеке кәсіпкерлердің бұл бизнес түрімен айналысуына жақсы мүмкіндік тудырады деген сөз. Continue reading

Балмұздақ сату

балмұздақБалмұздақ – үлкендер де, балалар да жақсы көретін тәттінің бірі.  Балмұздақ сату – табысты, шығыны аз істің бірі. Дүңгіршектерде сату – жас бизнесмен үшін таптырмайтын бастама. Балмұздақ сату әкімдік пен СЭС мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық шешімі бойынша жүзеге асырылады. Continue reading

Балалармен отырған жас аналардың демалу орталығы

демалу орталығыКөптеген әйелдерге ана болу бақытын сезіну жазылған. Қиындықтар мен толғануларға қарамастан жас аналар өз нәрестесін көргенде бәрін ұмытып кетеді. Ана барлық уақытын баласына арнайды. Баланың өсіп келе жатқанын, оның алғашқы қадамдарын бақылау, оның ең бірінші қызық сұрақтарын тамашалау – осының бәрі ана үшін үлкен бақыт. Continue reading

Жауыннан қорғайтын жамылғы тігу және оны сату

жаңбырАуа-райының кенеттен бұзылуы біршама ыңғайсыздық тудырады. Алдын ала берілген болжамдарды көргенмен, кейде олар да дәл келмей жатады. Сөйтіп адамдар жұмыстан, кинотеатрдан, қонақтан қайтып келе жатқан кезде аспан күркіреп, жаңбыр себелеуі немесе тіпті құйып кетуі мүмкін. Continue reading

Тоған құрылысы

тоғанКез келген тоған жер үй ауласының көркін келтіреді. Аптап ыстықта ол ауаны ылғалдандырып, жасыл желекті өсімдіктер үшін қолайлы микроклимат тудырады. Жаз мезгілінде адамдардың көпшілігі жұмыстан соң кішігірім тоған алдында, су ағынын тамашалап, аспалы торда отырып демалуды, не болмаса тіпті өз саяжайында күнге қыздырынып, суға түсуді ұнатады. Continue reading

Сайт-визиткалар жасау

сайт визитка жасауСайт жасау дегеніміз – сайт дизайнын, сайтты толтыратын функционалды және мазмұнды тұжырымдаманы, сайттың беттерін жасаудан, басқару жүйесін мазмұнға қосудан, сайтты мазмұнмен толтырудан, дайын сайтты серверге орналастырудан тұратын кешенді қызмет көрсету. Continue reading

Төсек жабдығын тігу

көрпе төсекТөсек жабдығы  – төсекті жабдықтауға арналған, матадан жасалған бұйым. Төсек жабдығына матадан жасалған сейсеп, ақжайма, жастық тысынан тұратын бірегей жиынтық кіреді. Көлеміне қарай оның мынадай түрлері бар: бір кісілік, бір жарымдық, екі кісілік. Төсек жабдығы сапалы, жұмсақ, түсі ашық маталардан тігілуі керек. Көбінесе оны мына мата түрлерінен тігеді: зығыр (лен), мақта, жібек. Continue reading

Вешенка саңырауқұлақтарын өсіру

вешенкаҮлкен жер көлемі мен бастапқы капиталы жоқ фермерлер үшін қызықты технология – вешенка саңырауқұлақтарын өсіру.  Салыстыру үшін  бір жылда  бір шаршы метрде өсірілетін өнімдер бойынша мәліметтер келтірейік: қияр – 4-6 кг, қырыққабат – 5-6 кг, картоп – 4-8 кг,  вешенка саңырауқұлақтары – 80-100 кг. Continue reading