Бедеулік – үкім емес

бедеулікҚазіргі таңда бедеулік проблемасы әлемдегі ең өзекті мәселе болып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, әрбір бесінші отбасында бала туу бойынша қиындықтар туындайды. Әрине, бұл тек жүктілікті армандап, яғни  проблеманың бар екенін түсініп, көмек сұрағандар ғана…

«Бедеулік» термині бірден жүкті болуға мүмкіндігі жоқ жұптарға қолданылады. Оның себебі, әйел ағзасының бұзылуынан да, еркек ағзасының бұзылуынан да болуы мүмкін. Бедеуліктің себептерін анықтау үшін  диагностикалық тестер жиі қолданылуда. Алайда, бұл саладағы таң қаларлық жетістіктерге қарамастан, кейбір жұптардың бедеу болу себептері әлі де анықталмай отыр. Жұбайлар бір жылдағы тұрақты жыныстық өмірден кейін жүктілік болмаса – мұның көмек сұрауға себеп екенін жақсы білу керек. Алайда, олардың көбі неден бастау керек екенін, қайда бару керек екенін білмейді.

Ондаған жылдар бойы жүктілікті күтіп, медицина мекемелеріне қаралмай және де оның қажеттілігін сезінбей отырғандар да көп. Мұндай жағдайда мәселенің бәрі -оларды шешу жолдарына емес, ақпараттың жоқтығына келіп тіреледі. Осыған байланысты шешуші фактор болып табылатын баға жетпес уақыт бекер өтіп кетеді. Шындығында, бала сүйгісі келетіндер бұл мезгілде артық ештеңе жасамайды және маңызды ештеңе жоғалтпайды.

Тіпті «бедеу» деген қорытынды естісеңіз де, қайғырудың еш қажеті жоқ екенін есте сақтаңыз. Қазіргі таңда бедеулік емделеді! Қазіргі заманғы медицина таңғажайыптар жасауға қабілетті.

Медициналық ғылымның төңкерістік жетістігінің бірі экстракорпоралдық ұрықтандыру әдісі (бұдан әрі-ЭКҰ) болып табылады.

Ескеріңіз: суррогат ананың қызметіне жүгінбей, басқа бір еркек пен әйелдің ұрығын пайдаланбай, ұрықтандыруды тек ерлі-зайыптылардан алынған ұрық пен жұмыртқаны қосып, сырттай не бірден жатырға орнату арқылы жасау тәсілі ғана ислам қағидаларына қайшы емес. ЭКҰ-ның бірнеше әдістерінің ішінде тек осы тәсілде ғана баланың шын әке-шешесін анықтау, бала денсаулығы тәрізді көптеген психологиялық, моральдық проблемалар орын алмайды.

ЭКҰ-дың нәтижелілігі көптеген әйелдер мен ерлерді қуантқан, дені сау балалардың дүниеге келумен дәлелденді.  Зерттеу «шыны түтіктегі балалар» мен табиғи жолмен өмірге келген балалардың еш айырмашылығы жоқ екенін көрсетті.

2010 жылдан бастап біздің елімізде ЭКҰ рәсімі квота бойынша тегін көрсетіле бастады.

Бағдарлама республикадағы екі орталықта жүзеге асады. Олар Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығы және Алматы қаласындағы ғылыми акушерлік, гинекологиялық және перинатологиялық орталық.

Тиесілі квота алу үшін жоғарыда көрсетілген Астана немесе Алматы қаласындағы орталықтарға барып, дәрігерлік тексеруден өтіп, оң қорытынды алу керек. Бұдан кейін емделуші тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау басқармасына жіберіледі және ол сол жерден тиесілі квотаны алып орталыққа қайтадан келеді.

Тиесілі квотаны заңды некеде тұрған 19 бен 35 жас арасындағы әйел ғана ала алады. Олар белгілі бір медициналық критерийге сай болуы керек, ал олардың күйеулерінің де денсаулығы жақсы репродуктивті болуы қажет.

Тиесілі квота бір реттік ЭКҰ-ға беріледі және бір жыл ішінде қолданысқа ие болады. Дәрігерлердің айтуы бойынша емдеу нәтижелілігі 30-40 пайызды құрайды. Одан әрі қарай, жүкті болуға әрекет емделушінің есебінен жүзеге асады.

Жыл сайын  ондай квотаны бедеуліктен зардап шегіп жүрген жүзге жуық отбасылық жұптар алады.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *