Баланы есірткіден қалай қорғауға болады?

бала есірткіҮйінде жайқалып өсіп келе жатқан жасөспірім баласы бар әрбір ата-ананың көкейінде осы сұрақ туындайтыны даусыз. Кейбіреулер бұл мәселе төңірегінде шынайы бас қатырса, енді біреулері «менің отбасымда мұндай бәле ешуақытта орын алмайды» деп өздерін қорқа жұбатып, тыныш жүреді. 

Баланың алкоголь мен есірткі құралдарын пайдалануға бір табан жақын болуы тікелей оның өзіндік бағалауы мен өзіне деген сый-құрметіне байланысты болады екен. Психологтардың зерттеуінше, маскүнемдікке салынған немесе есірткі пайдаланатын жандардың өзіне деген құрметі өте төменгі деңгейді көрсеткен. Өздерін сыйлау бағамы өте жоғары болатын балаларға алкоголь мен есірткі ұсынған кезде, олар  бірден «жоқ» деп айта алатын көрінеді. Балада өзін сыйлау білу ұстанымын қалыптастырудың принциптерімен таныс болыңыз:

№1 ұстаным: Кішкентай болса да, жетістіктері мен табыстары үшін баланы әр кез көтермелеп отырыңыз.  Тіпті болмашы жетістігінің өзін мақтап, атаңыз әрі мұны жиі қайталаңыз. Оның табандылығы мен бірнәрсе істеуге деген құлшынысы алынған нәтижеден де маңызды екенін естен шығармаңыз.

№2 ұстаным: Балаңыздың өз алдына шынайы мақсаттар қоюына және оны таңдай білуіне көмектесіңіз.

№3 ұстаным: Баланың өзін емес, оның әрекетін не дұрыс жасамаған қадамын түзетуге тырысыңыз. Мысалы, «Сен қоршауға шықпауға тиіссің, бұл ақымақтық және жындылар ғана осылай істейді» деп айтқаннан гөрі «Қоршауға шығу қауіпті, сен аяғыңды сындырып аласың ғой» деп ескерткен абзал.

№4 ұстаным: Балаңызға үй жұмыстарының бірі үшін шынайы жауапкершілік артып қойыңыз. Үй жұмыстары бойынша тұрақты түрде тапсырма алып отырған бала өзін отбасылық топтың бір бөлігі ретінде сезінеді және өз міндеттерін орындаудың нәтижесіне қол жеткізе отырып, қанағаттану сезіміне бөленеді.

№5 ұстаным: Балаңызға оны қалай жақсы көретініңізді көрсетіңіз,  оған деген махаббатыңызды жария етіңіз. Ыстық ықылас, жылы құшақ және еркелету Сіздің оған деген жақсы қарым-қатынасыңызды сезінуге мүмкіндік береді. Онымен көбірек уақыт өткізуге, барлық нәрсені сонымен бірге жасауға тырысыңыз: сурет салыңыз, театрға барыңыз, үй тапсырмасын бірге орындаңыз, спортпен шұғылданыңыз, оқыған кітаптарды бірге талқылаңыз. Оның мектептегі өмірінен хабардар болыңыз, достарын үйге шақырыңыз. Оны бақылауда ұстамай, онымен бір өмір сүріңіз. Бұл баламен рухани және эмоционалдық жақындыққа жетуге мүмкіндік береді, оның сенімі мен сый құрметіне ие болуға көмектеседі. Үйінде өзін өте жайлы сезінетін және оң істермен айналысатын бала, араққұмарлық пен есірткі сынды жаман әдеттерге бой алдырмасы анық.

Есірткінің дәмін татуға жасалған ұсыныстарға баланы шешімді түрде бас тартуды үйрету аса маңызды.  Жасөспірім үшін өз ортасында қабылданған талаптар мен ережелерге сай болу аса маңызды. Егер топтағылар есірткімен елітуге үйренген болса, бозбала үшін таңдау тұрады: барлықтары секілді әрeкет істеу немесе ортасынан қуылуып бар абырой биігінен айрылу. Соңғысы жасөспірім үшін ең қорқынышты нәрсе болып көрінуі де мүмкін.

Есіңізде болсын, Сізде кейбір қатып қалған қағида сынды қамалдарды бұзып, балаңыздың теріс пайымдарын өзгертуге мүмкіндігіңіз бар:

– есірткі сананы топастандырады, қимыл үйлестігін бұзады, олар шын мәнінде мәселені шешуге көмектеспейді;

– есірткі баланы немесе жасөспірімді ересек адамға айналдыра алмайды;

– есірткіні пайдалану заң бұзушылық болып есептеледі. Балаңыз осыны білу керек;

– есірткіге тәуелді болмаған адамның болашақта достары көп, қоғамда алар орны да сыйлы болады.

Есірткіге тәуелді бола бастау 12–19 жастан басталады.

Сіздің балаңыз есірткі қолданып жүргенін қандай белгілерге қарап біле аласыз?

Сыртқы белгілері:

– бетінің боздығы;

– кеңейген не тарылып кеткен көздің қарашығы;

– қызарып кеткен немесе бұлдыр көз, баяу сөз;

– жиі суық тию;

– қимыл үйлестігінің жоқтығы.

Негізгі белгілер:

– укол іздері, кесік, көгерген жер;

– оралған қағаздар, фольга;

– кішкентай қасықтар, капсулалар, бөтелкелер, көпіршіктер, белгісіз дәрілер, ұнтақ;

– ақ ұнтақ пен немесе қоңыр түсті ізі бар батпақ ұстараның жүздері;

– шприцтар мен инелер.

Мінез-құлқындағы өзгерістер:

– ол үйден жиі кетіп қалатын болды. Балаңыздан бос уақытында қайда, кіммен жүргенін сұрай қалсаңыз, оның ашу-ызасына тап боласыз;

– ол үйде не мектепте болмағаны, мектептегі істері, достарыммен қарым-қатынасы, ақша жұмсау жайлы жиі өтірік айтатын болды;

– қысқа мерзімде сіздің ұл-қызыңыздың басқа достары пайда болды. Жаңа достар қонаққа келмейді, олар бір-ақ минутқа ғана келіп, дауыстарын қатты шығармай бір нәрсе туралы сөйлесіп кетеді;

– құпия телефон хабарландырулары немесе телефон арқылы оғаш әңгімелер орын алды, балаңыз кімнің хабарласқанын жасырады, ал әңгімелерінде түсініксіз жаргон сөздер көптеп кездеседі;

– ұлыңызды (қызыңызды) үй мәселелері қызықтырмайтын болды. Оның сізге деген қарым-қатынасы өзгеріп, немқұрайлы, парықсыз, сенімсіздікпен қарайтын, тұйық, бөгде болып кетті;

– ауа-райы мен жағдаймен санаспай, ұзын жеңі бар киім киетін болды;

– оның мінезі өзгерді – ашу, ыза, айғай, ұстамсыз, көңіл-күйінде өзгерістер пайда болды;

– ол бұрынғы қызығушылықтарын ұмытты – кітап оқымайды, теледидар қарамайды, уайымшылдыққа салынып, қысқа ғана жауап береді («иә», «жоқ», «бірқалыпты») және ашулы;

– оның ұйқы тәртібі өзгеріп кетті – күні бойы ұйықтап, ал түні бойы бөлмесіне әр нәрсеге ұрынып ұйықтамай жүре алады;

– ол жеңіл мас күйінде, қимыл үйлесімділігі жоқ, cізге көрінгісі келмейді, жата қалғысы келеді – осындай қалыпта үйге жиі келетін болды;

– үйіңізде ақша мен киімдер жоғала бастады. Бастапқыда ол жиі қайталанбағанмен, сосын жиі-жиі қайталанып кетеді.

Осы аталған мәселелер баланың психологиялық ауруға душар екендігінің белгісі болса керек. Ол жасөспірімдік жасқа байланысты болып келеді.

Жоғарыда аталған мінез-құлық белгілерінің оннан сегізі байқалса, онда бұл сіздің балаңыздың есірткі қолданатындығы туралы дабыл болуы мүмкін. Бірінші әңгімеге дайындалыңыз. Ол жинақы алайда қатал болу керек. Осы әңгімеге Сіз дайын болуыңыз керек. Сізді ойландыруға себеп болған күндерді жазып түртіп алуыңыз мүмкін. Ең негізгі талаптарыңызды қойыңыз. Осындай нақтылық баланың жауапсыздығына шек қояды. Оны қорқытып, жазаламаңыз. Ол сізден қорқып, ішіндегі сырын жасырып қалуы мүмкін.

Бірінші әңгіме барысында ол еш нәрсені мойындамаса, онда Сіз оған: «Мен саған сенемін, бірақ менің сенімімді ақтау үшін сен тестен өтуің керек. Егер мен қателессем, онда сенен қуана кешірім сұраймын», – деп айтуыңыз керек.

Сараптаманы наркологиялық  диспансерлерде жасауға болады.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *