Егер Сізге тағайындалған зейнетақы көлемімен келіспесеңіз, не істеу керек?

Зейнеткерлік жас шамасы бойынша: әйелдер үшін  20 жыл  еңбек өтілімен  жасы 58-ге  толғанда, ал ерлер үшін – 25 жыл еңбек өтілімен  63 жасқа толғанда толық көлемде беріледі.

Зейнетақы көлемі зейнеткерлік төлемді есептеуге берілген  орташа айлық көлеміне және 01.01.1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне байланысты болады.

Зейнеткерлік төлемдер 1995 жылдың 1 қаңтарынан бері қарай жұмыстағы үзілістеріне қарамай, кез келген 3 жылының орташа айлық табысына қарай есептеледі. Осыған орай 1998 жылдың 1 қаңтарынан бергі орташа айлық табысының көлемі  жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған міндетті зейнетақы аударымдардың жүзеге асырылып отырған табыс көлеміне сәйкес бекітіледі. 3 жылғы жұмысы бойынша зейнеткерлік төлемді есептеу үшін 36 айлық табыстың жалпы сомасын қатарынан 36-ға бөлу арқылы анықталады. Зейнетақы мөлшерін есептегенде орташа айлық табыстың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (ары қарай АЕК) 32 еселік (2011 жылы 39 еселік) сомасынан асып кетпеуі керек. 2010 жылы бұл сома 45216 теңгені құрады (АЕК 1413*32). Зейнеткерлік төлемнің мөлшерін есептеу орташа айлық табыстың 60 пайызы есебінен жүзеге асады. 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі әрбір толық еңбек етілген жылдың зейнетақы көлемі, талап етілген еңбек өтілінен бөлек 1 пайызға көбейеді.

Басқаша айтқанда, егер Сіз 1998 жылға дейін 25/20 жыл (тиісінше ерлер/әйелдер) жұмыс істесеңіз, онда Сіз өз орташа айлығыңыздың 60 пайызын алып отыратын боласыз. Егер 26/21 жыл (тиісінше ерлер/әйелдер) жұмыс істесеңіз, 61 пайызын аласыз. Осылайша әр жылға 1 пайыз қосылып отырады. Алайда оған шектеу де бар – заң бойынша төлемдер 75 пайыздан аспауы керек.

Егер Сіздің еңбек өтіліңіз 25/20 жылға (тиісінше ерлер/әйелдер) жетпесе, онда зейнетақы мөлшері жинақтаған еңбек өтіліне үйлесімді есептеледі.

Ең төменгі зейнетақы көлемі 2010 жылғы базалық зейнетақыны қосқанда 18 325 теңгені құрады (2011 жылы – 24 047 теңге).

Егер Сіз зейнетақы мөлшерімен келіспесеңіз, тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекттік орталығының бөлімшесіне барыңыз немесе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық департаментіне барып кеңес алуыңызға болады. Мекен-жайлары мен телефондарын анықтама қызметінен білуге болады.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңы;

2) «Мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы және жас шамасы бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан зейнетақы төлеуді, мемлекеттік базалық зейнеткерлік төлемдерді, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды төлеуді белгілеу және жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819қаулысы;

3) «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан зейнеткерлік төлемдер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету стандарты туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-п бұйрығы.

Пайдалы сілтемелер:
1) www.e.gov.kz/wps/portal – «Электрондық үкімет» порталы;
2) www.gcvp.kz – Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы;
3) www.enbek.gov.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

МЗТО Call – Centre телефондары:

8-800-080-37-07 – республикалық бюджет қаражатынан зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу сұрақтары бойынша;

8-800-080-37-08 – «Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қоры» АҚ қаражатынан әлеуметтік төлемдерге байланысты сұрақтар бойынша;

8-800-080-37-09 – жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы сұрақтар бойынша.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *