Вешенка саңырауқұлақтарын өсіру

вешенкаҮлкен жер көлемі мен бастапқы капиталы жоқ фермерлер үшін қызықты технология – вешенка саңырауқұлақтарын өсіру.  Салыстыру үшін  бір жылда  бір шаршы метрде өсірілетін өнімдер бойынша мәліметтер келтірейік: қияр – 4-6 кг, қырыққабат – 5-6 кг, картоп – 4-8 кг,  вешенка саңырауқұлақтары – 80-100 кг.

Оларды бөлмеде өсіруге де болады, ал саңырауқұлақтардың бағасы картоп, қырыққабат пен қияр бағасынан әлдеқайда жоғары.

Вешенка саңырауқұлағы керемет дәмімен және қоректік құрамымен ерекшеленеді. Оларды түрліше дайындауға болады: пісіру, тұздау, қуыру, т.б. Кейбір адамдардың айтуынша, вешенка адам ағзасынан радионуклидтерді шығарып, ісік жасушаларымен қүреседі.

Ғимарат. Ең алдымен бұл іс үшін сәйкес жер табу қажет: ауылдық үй, жылыжай, жертөле, т.б.

Технология. Вешенка саңырауқұлақтарын өсіру технологиясы өте оңай. Субстратты дайындау үшін ыстық суда туралған сабанды буландырамыз, суығаннан кейін полиэтилен қабына салып, мицелиймен араластырамыз. Қапты сөреге қоямыз. 3 күн өткеннен кейін саңырауқұлақтардың өсіп шығуына мүмкіндік беру үшін қаптың 5-6 жерінен тілімдер жасау қажет. Қапты 16-20 күн бойы 18-20ºС-де қараңғылық жағдайында сақтаймыз. 16-20 күннен кейін жасалған тілімдерден саңырауқұлақтар өсіп шыға бастайды. Қапты 12 сағат бойы жарық жағдайында болатындай желдетілетін, 10-16ºС  ылғалды бөлмеге қою қажет. Саңырауқұлақтар бір жұма ішінде тауарлық күйге жетеді. Өнім алынғаннан кейін қаптарды бұрынғы орнына қайта апарып қою қажет. Олар бір апта демалып алғаннан кейін қайта өсетін болады.

Саңырауқұлақтардың ең тиімді көлемі: қалпағының диаметрі 40-60 мм (саңырауқұлақтардың үштен бірінің диаметрі 40 мм-ден аспайды); діңінің ұзындығы – 10-40 мм. Өнімді жинап алып, қаптарды алғашқы бөлмеге қайта апарамыз. Бір қаптан шамамен 3 кг вешенка саңырауқұлақтарын алуға болады.

Вешенка саңырауқұлағын өсіру – қалдықсыз өндіріс. Қолданған қаптарды  жергілікті халық үй жануарлары азығы және бақша тыңайтқышы ретінде қолдану үшін сатып алады (бұл саңырауқұлақтардың өнімділігі, мысалы, қияр өнімділігінен 30%-ға артық).

Мицелийді қажеттілікке қарай сатып алады. Бір саңырауқұлақ блогын (қабын)  жасау үшін 150-200 гр мицелий қажет. Мицелийді +20º-тан +24º температурада  24 сағат,  +15º-тан +18º температурада 3 күн,  0º-тан +2º температурада 2 жұма,  -2º-тан 0º температурада 1 ай сақтайды.

Өткізу. Өнімді өзіңіз тұратын жердегі мейрамханаларға, кафелерге және басқа да қоғамдық тамақтану орындарына өткізуге болады. Сонымен қатар, дүкендер мен базарлар да сіздің клиентіңіз бола алады.

Болжамдық есептеулер.

Шығыстар:
– Мицелий (2,4 кг) – 600 теңге.
– Сабан (200 кг) – 1 500 теңге.
Жалпы шығын:  2 100 теңге.

Табыс:
36 кг саңырауқұлақ сату – 9 000 теңге.
Жалпы табыс: 9 000 теңге.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

One response to “Вешенка саңырауқұлақтарын өсіру

  1. байдабекова гульжан

    Саламатсыздар ма, менің вешенка саңырауқұлақ бизнесімен айналысқым келеді, өзім биологпын. Осы жағынан бизнес план жасасуға көмек берсеңіздер.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *