Ұлттық қолөнер бұйымдарын сату

Заманауи өмірдің түрлі салаларында халықтық-қолданбалы өнер түрі үлкен орын алады. Ол адамның өзіндік шеберлігі мен өнерінің арқасында ерекше және өте әсем көзге түсетін заттарды шығаруға мүмкіндік береді.

Әр қалада, ауылда, аймақта бос уақытында жоғары деңгейде өз қолымен әсем бұйымдар жасаумен айналысатын адамдар кездесіп жатады. Әлеуметтік жағдайы мен қоғамдағы орнына қарамастан олар өзінің сүйікті ісімен айналысады. Ал олардың қолдарынан туған ерекше бұйымдар көптің көңілінен шығып, көздің жауын алатыны анық.

Олар жасаған заттарын сатқысы келсе де, өздері тұратын жерлерінде ондай бұйымдарды алу мен сатудың арнайы мамандандырылған нүктелерінің жоқтығы кедергі болып жатады. Бұл мәселенің шешімі – ұлттық өнер бұйымдарын сататын дүкен ашу. Бизнес бастау үшін тамаша идея екені сөзсіз.

Неден бастау керек? Алдымен ұлттық өнер бұйымдарын сататын орын табу қажет. 30-40 м² орынды жалға алсаңыз болады. Бастысы оның қандай ауданда орналасқанын ескеріңіз. Дүкеннің қаланың орталығында болуы міндетті емес, шеткі аймақта орналасса да болады. Алайда оның адамдар көп өтетін жерде болғаны маңызды, яғни жанында оқу орындары, бизнес орталықтар, тұрғындар тұратын кешендер орналасуы мүмкін.

Одан кейін қолөнершілерге дүкеніңіз арқылы олардың бұйымдарын саудаға шығаруға болатынын хабарлау керек. Жарнаманы жан жақты беру қажет.

Содан соң өткізуге тауар алып, дүкеннің ассортиментін көбейту керек. Дүкен сөрелерін толтырып алған соң жергілікті шеберлердің қолдарынан туған бұйымдардың дүкені ашылды деп жар салуыңызға болады. Онда түрлі заттар сатылуы мүмкін, мысалы ағаштан жасалған оюмен безендірілген шахматтар, сандықшалар, кенеп, шыны, темірде салынған суреттер, құмыралар, шамдар, шекеме, күйдіру, граверлеу арқылы туған дүниелер,  бижутериялар мен зергерлік бұйымдар (сақина, сырға, алқа, білезік), жасанды гүлдер. Осының бәрі сізге және клиенттердің фантазиясына байланысты болады.

Сату. Бизнес маркетинг пен өткізу нарығы жолға дұрыс қойылғанда ғана жақсы дамиды. Алғашқы кезеңде жарнаманың орны ерекше, ол екіжақты болу керек. Біріншісі халықтық өнер бұйымдарын қабылдау бойынша болса, екіншісі сату бойынша.  Дүкендегі тауарларыңыз өз үйін немесе жұмыс орнын безендірем деушілер мен өнерсүйер қауым арасында үлкен сұранысқа ие болады.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:

Жалға алатын орын –30 м² x 1 200 теңге = 36 000 теңге.

Ұлттық өнер бұйымдарын сату үшін сауда-саттық стеллаждардан басқа ешқандай арнайы жабдықтардың қажеті жоқ. Қымбат емес, бұрын қолданыста болған стеллаждарды алса да болады, мысалы 4-6 стеллаж алсаңыз 25 000-35 000 теңге керек.

Барлығы: 61 000 теңге.

Табыс. Сатқан үшін әр зат құнының  25 – 30% сомасын коммиссия ретінде алсаңыз болады. Бұл сізге де, тауарларын сізге келіп өткізетін қолөнершілерге де тиімді.

Алғашқы кезеңде көп шығындалмайсыз, сондықтан 4-6 ай ішінде бизнесіңізден пайда түсетінін байқайсыз.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *