Үй қоянын өсіру

Жалпы ақпарат. Түпкі өнім көлемінің тез артуы бірден білінетін ең жетекші саланың бірі қоян өсіру шаруашылығы болып табылады және де бұл – назар аударуға тұрарлық сала. Қоян өсіру шаруашылығы түрлі өнім шығаруға мүмкіндік береді. Теріні өңдеу өндірісі үшін үй қоянының терісі пайдаланылады. Ол әртүрлі манто, бас киім, жаға, жәкет пен тондар өндірісі үшін пайдаланылады. Үй қоянын өсіруден алынатын тағы бір бағалы өнім – дәмді әрі тез сіңетін тағам болып табылатын үй қоянының еті.

2. тұқымдық топтары белгілі. Қазақстанда үй қоянының терілік және мамықты түрлерін өсіреді. Жүнді жабынының сипаты бойынша олар тәуір жүнді, қысқажүнді және ұзынжүнді болып келеді. Тәуіржүнді үй қояндарынан сұр дәу, ақ дәу қоянын, жылтыр жүндісін, қара‑қоңырын, шілтекүмістісін, веналық көгілдір түстісін, шиншилланы, көбелек тәріздісін және т.б. өсіреді. Бұл үй қояндарының сыртқы жүндерінің ұзындығы 3-4 см. дейін жетеді, астынғы жағының мамығы жартылай болып келеді. Таза салмағы 7 кг, ал кей жағдайда тіпті 9 кг-ге жетеді.

Қысқажүнді үй қояндарының сыртқы жүндерінің ұзындығы 2 см-ге жетеді; кейде оның ұзындығы мамығымен бірдей, бірақ көп жағдайда мамығынан қысқарақ болады. Сондықтан да қысқа жүнді үй қояндарының терісі жұмсақ әрі барқыт тәрізді болып келеді. Олардың терілерін қырықпай, әрі жұлмай тері бұйымдарын өңдеу үшін пайдаланады. Қазіргі кезде қысқажүнді үй қояндарының мынадай тұқымдық топтары өсіріледі: сібір тиіні, қара, көгілдір, қоңыр, жылтыр, қара‑қоңыр, кенгуру тәрізді және т.б. Ұзынжүнді немесе мамықжүнді үй қояндарының мамығы 12 см-ге дейін жетеді. Ең мамықты тұқымы – ақ мамықтысы. Аталған үй қояндарының тұқымдарын еліміздің барлық өңірлерінде де өсіруге болады.

Үй қояндарын асырау. Жеке шаруашылықта үй қояндарын ұстаудың көптеген тәсілдері бар. Бір өңірлерде кең қораларда оларды еркін ұстау әлі де қолданылады. Бірақ бұл тәсілдің өз кемшіліктері баршылық. Ең біріншісі – көжектеудің бақылаусыз қалуы, өйткені әртүрлі жастағы еркектері мен ұрғашылары бір жерде ұсталады, сондай‑ақ ұрғашы қояндар өздерінің ұяшығын терең ін етіп жасайтындықтан, жаңа туған көжектерді алу да оңайға соқпайды. Үй қояндарын бұлай асырау тиімсіз.

Ең тиімдісі – үй қояндарын жеке немесе топтық торларда асырау.

Қоян торларын ағаштар отырғызылған құрғақтау учаскелерге орналастыру қажет. Торды аймақтағы қолжетімді кез келген құрылыс материалынан жасауға болады. Тор конструкциясы жағынан қарапайым, жануарларға ыңғайлы, әрі оларды асырауға, яғни жем беруге, қояндарды бақылауға, астын тазалауға қолайлы болуы керек. Ең дұрысы – жерден 0,8 –1,0 мбиіктікке орналастыру. Торлар бір немесе екі орындық болуы мүмкін.

Үй қояндарын көбейту. Қояндардың көбеюге дайындығы 3-3,5 айында басталады, бірақ оларды бұл жаста шағылыстыруға болмайды, өйткені олардың ағзасы әлі де толыққанды қалыптасып бітпейді. Ірі тұқымды ұрғашы қояндарды бес айлығында салмағы3,5 кг. болғанда, ал орташа тұқымдыларды төрт айдан асқанда, салмағы кемінде 2,5 кг- ға жеткенде шағылыстыру ұсынылады. Қояндардың өмір сүру ұзақтығы – 5-8 жыл, бірақ олардың өнім беруі үш жылды құрайды, өйткені жасы ұлғайған сайын қояндардың көбею мүмкіндігі төмендейді.

Қояндар көбеюінің жоғары интенсивтілігі олардың көп көжектеуімен (бір ұрғашысы 5-7, жекелеген жағдайларда 17-ге дейін көжектей алады), буаздылығының қысқамерзімдігімен (30 күн), ерте физиологиялық жетілуімен және буаздық пен сүттілікті қатар алу мүмкіндігімен байланысты, бұның бәрі бір ұрғашы қояннан жылына 4-5 көжек алуға мүмкіндік береді. Ұрғашылары жыл бойы төлдей береді, тек күзде ғана олардың шағылысу белсенділігі біршама төмендейді.

Қысқы мезгілде көжектеуге дейінгі бес күн бұрын қораны жылылайды, тордың бұрышына аналық ұяны – ауқымы 55х30х20 см болатын жәшікті орналастырады және оны сабанмен толтырады. Ұядағы төсеніш құрғақ, жұмсақ, таза болуы керек.

Қояндар әдетте (негізі оншақты) жалаңаш, көзі жұмулы және құлағы естімейтіндей туылады. Ұрғашы қоян туғаннан кейін ұя жәшігінен шығысымен көжектердің тірі екенін тексеру керек. Ұрғашы қоян өзінің көжектерін қорғау үшін біршама ашулы болуы (бұл сирек кездеседі) немесе долдануы мүмкін. Оны ызаландырмаңыз, оның назарын басқа жақа аударыңыз, мысалы көжектерден алысырақ әкету үшін сүйікті тағамын (алма) беруге болады. Өлі көжектерді (суықтарын) немесе қатты ауруларын алып тастаңыз, осы арқылы сіз қалған сауларын қорғай аласыз.

Енді Сізге тордағы тазарту жұмыстарын, әдеттегіден бөлек, екі есеге арттыру қажет, өйткені жаңа туған көжектерге гигиена өте маңызды.

Алғашқы күндері көжектерді тамақтандыру туралы бас қатырудың қажеті шамалы, олар ана сүтімен қоректенеді. Бірақ бірқатар маңызды мәселелер баршылық. Қоректендіру процесі кезінде ұрғашы қоянның назарын аударатын адамдар, шу секілді факторлар болмау керек, себебі бұл жануардың өз көжектеріне деген қарым-қатынасына жағымсыз әсер етеді.

Көжектер сүтке тойып жүргенін қалай білуге болады? Жеткілікті деңгейде сүт ішкен көжектің іші томпақ, шымыр, тартылған, қатпарсыз болып тұрады. Егер көжектерге сүт жеткіліксіз болса, оларға сурогат ана бола тұруға тура келеді.

Жасанды жемді әзірлеу үшін қоспаны 53% құрғақ майсыз сүттен, 32% іркіт ақуыздан, 12% кокос және күнбағыс майынан 1-дің 3-ке қатынасы бойынша және 3% мультивитаминдер және минералдық заттар қоспасынан жасауға болады. Қоспаны 37-38 Cтемпературада жылытып, күніне бір‑екі рет тамызғышпен немесе шприцпен беруге болады. Егер жақын маңда құнарлы сүт алмастырғыш сатылса, ветеринармен кеңесіп көріңіз, бәлкім оны көжектерге беруге де болатын шығар.

Көжектердің негізгі жемі:

– көк (шөптер, тамыржемістілер сабақтары, қырыққабат, күнбағыс жапырағы, топинамбур, жүгері сабағы мен жапырағы);

– сөлді (тамыржемістер, бақша дақылдары мен бақша шаруашылығының қалдықтары, сүрлем);

– қатты (сабан, собық, бұта жемі);

– концентрлендірілген (арпаның, сұлының, бидайдың, жүгерінің, ірі бұршақтылардың астықжемі және қалдықтары: жом, шрот, аралас жем, кебектер);

– ұсақталған (шөп ұны, жом, астық үгінділері, етсүйекті немесе балықты ұн және микроэлементтер);

– минералдар (тұз, бор, сүйек ұны).

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:

– тор сатып алу (құрастыру) – 40 000‑нан 180 000 теңгеге дейін.

– қояндар сатып алу (20 тал) – 60 000‑нан 80 000 теңгеге дейін, аймаққа байланысты.

– құрама жем – аймаққа байланысты жылына 100 000‑нан 500 000 дейін.

Барлығы: шығыстар жұмыстың алғашқы жылы 200 000‑нан 760 000 теңгеге дейін.

Табыс:

Етін сату – жылына380 кг. 1 200 – 1 400 теңге кг. (456 000‑нан 523 000 теңгеге дейін жылына).

Бұл санды қайдан алдық? 20 ұрғашы қоян орта есеппен алғанда жылына 10 көжек табады, олардың әрбірінің салмағы 1,8-1,9 кг. Барлығы 200 қоян, сатылатын жалпы салмағы380 кг.

Терісін сату – 200 000 теңге (200 тал әрқайсысы 1 000 теңгеден).

Author: Vitaly Zhirov