Тұрмыстық техниканы жөндеу

Тұрмыстық техниканың істен шығуы әрдайым ыңғайсыздық тудырады. Мұндай жағдайда адамдар газет пен интернет арқылы тұрмыстық техниканы жөндейтін мамандарды іздей бастайды, түрлі нөмірлерге хабарласып, сынған заттың өлшемдерін анықтайды.

Қазіргі таңда қызмет көрсету нарығында шеберханалар мен түрлі қызмет түрлерін көрсететін, түрлі бағаға жөндеуді жасап беретін жеке шеберлер баршылық. Сондықтан, бизнестің «Тұрмыстық техниканы жөндеу»  түрі қашанда үлкен сұранысқа ие.

Ғимарат. Шебердің жұмыс орнын үйде, не гараждағы машина, саяжай құрал-саймандары мен велосипедтер тұратын жерде ұйымдастыруға болады. Алайда бұл уақытша екенін естен шығармаңыз. Нағыз шеберхананың көлемі шебердің жеке үстелі, жұмысқа арналған құралдары мен материалдары сыятындай және де көлемді заттар жасауға лайық орын болуы қажет. Шеберхана жақсы жарықтанған болуы тиіс. Бастысы көршілеріңізді мазаламауға тырысыңыз. Еден құрғақ, жылы, сыртқы жабыны қатты болуы керек. Шеберханада жылу, су жүйесі, қол жуғыш пен қуаттылығы 220 В тоқ күші 16 А.-дан кем емес тоқ сұққыштар (розеткалар) болуы міндетті.

Шеберханада жұмыс үстелі ортада тұруы тиіс. Онда күн сәулесі түсетін, денсаулыққа зиянды шаң мен еріткіштерді, бояудан бөлінген буды желдету үшін терезе болуы керек.

Технология. Шеберхана кез-келген отандық не шетелдік ірі тұрмыстық техника мен электрониканы жөндеу бойынша қызмет көрсетуі қажет. Электрониканы жөндеу шеберханасының негізгі қызметі плазмалы панель мен теледидарды, аудиотехника мен бейнеаппаратураны, үй кинотеатры жүйесін орнату мен бейнеойнатқыштардың қосалқы бөлшектерін жөндеу болып табылады. Аудиоаппаратура жөндеуге музыкалық орталықтар, магнитола мен магнитофонды жөндеу, ал бейнетехника жөндеуге – бейнеплеер, бейнемагнитофон мен  DVD жөндеу жатады.

Сонымен қатар, шеберлер тоңазытқыштарды жөндеуді және оларды техникалық қамтамасыз етуді, қысқатолқынды пештер мен шаңсорғыштарды жөндеуді жасай білсе, құба-құп.

Техниканы қарап шығып, оны жөндеу үшін қанша ақша кететінін анықтау қажет. Егер жөндеу тым қымбат болса, клиент одан бас тартуы мүмкін, мұндай жағдайда шебердің көріп шыққаны үшін ғана төлем жасалғаны дұрыс. Шеберхана сапалы және жедел жөндеуді тапсырыс берушінің үйінде жүзеге асыруды ұсынса да болады. Жөндеуден кейін шебер кепілдік талонын жазып, техниканың қалыпты жұмыс жасауына байланысты кеңестер беру керек.

Қызметкерлер. Алғашқы уақытта қызметкерлер қажет емес, сіз өзіңіз де жөндеумен айналыса аласыз, ал уақыт өте келе бір көмекші шебер алуға болады.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:
Құрал-саймандардың шығыны шамамен 5000 теңгені құрайды (түріне байланысты).

Табыс:
– Тұрмыстық техниканы тексеру – 500 теңге және одан да жоғары.
– Тұрмыстық техниканы қосалқы бөлшегін ауыстырмай  жөндеу (бір бірлігі үшін) 1 500-3 000 теңге, ауыстырған жағдайда 3 000-5 000 теңге (күрделілігіне байланысты).

Мысалы бір айда тұрмыстық техниканы қосалқы бөлшектерді ауыстырмай жөндесеңіз, 5 бірлік x 1 500 теңге = 7 500 теңге, оған қоса ауыстырған жағдайда 10 бірлік x 3 000 теңге = 30 000 теңге. Айына 37 500 теңге таба аласыз.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *