Өз бақшаңда тұқым өсіріп, оны сату

Бұл бизнесті кез келген қалада, ауылда, аудан орталығында немесе облыс орталығында ұйымдастыруға болады Бір кемшілігі бұл – тек маусымдық бизнес.

Егер сіз бұл бизнеспен айналысуды шешсеңіз, бірінші кезекте тұқым сататын жақсы фирма табыңыз. Бастысы, бұл фирманың тұқымдарды өзі өндіретініне,  тұқымдардың отырғызуға дайын ба екеніне, отырғызу үшін өңделгендігіне назар аударып, өзіңіз алда жұмыс істейтін тұқымдардың тізімін жасаңыз. Тұқымдардың қорапшасына назар аударыңыз, себебі көптеген сатушылар тұқымды мүшектеп сатып алып, сосын барып оны қолдан кішкентай қалталарға салып, базарлар мен түрлі адам көп жүретін орындарда сата береді.

Сонымен, сіз тұқымдардың тізімін жасап алдыңыз. Содан кейін парник салып, жер учаскесін дайындап, кәсіпті бастай беріңіз. Тұқым отырғызып, оған күтім жасаңыз және т.б. (бұл үрдіс жөнінде бақша егуге арналған кез келген журнал мен кітаптан ақпарат ала аласыз. Көкөніс дақылдарын өсіріп, олардан келесі жылы бақша егуге және сатуға тұқым алыңыз.

Технология. Енді бақша өсімдіктерінен тұқымдарды дұрыс жинап алу үшін бірнеше кеңестерге тоқталайық.

Шалғам тұқымын бірінші жылы отырғызып-ақ алуға болады. Жетілген өскінді таңдап, топырақ деңгейіне дейін жапырақтарын кесіңіз, өсетін жоғарғы жағын қалдырыңыз. Сонымен қатар тамырын жартысына дейін жоныңыз. Өсімдікті жаңа, жақсы өсетін топыраққа отырғызыңыз. Көп күттірмей, осы жылы-ақ гүлдері мен тұқымы пайда болады.

Сәбіз, қызылша, петрушка, сельдерей, пастернак пен шалғам тұқымдарын күздің соңында жинап, жертөлеге қояды немесе0,5 м. тереңдікке қорапқа жабады. Көктемде құнарлы топыраққа сеуіп, гүлдері шыққанда сабақтарын сынып қалмас үшін байлап қою керек.

Екінші жылы орамжапырақтың да тұқымдары шығады. Орамжапырақты жертөледе көктемге дейін сақтаңыз. Егер ол бұзыла бастаса, оны уақытша топыраққа отырғызыңыз, сосын барып бақшаға қайта отырғызасыз.

Алдымен тұқымдар арқылы жуа мен сарымсақты көбейтуге болады. Жаз айларында тұқымнан жуа дәнін өсіріп, одан жуаның өзін өсіруге болады. Қысқа қарай, алғашқы үсіктерден кейін, сарымсақтың (чеснок) тұқымын отырғызыңыз. Бірінші жаз ішінде біртісті сарымсақ өсіріп шығасыз, оны тағы қысқа қарай отырғызсаңыз, тіртері бар сарымсақ аласыз.

Тұқым арқылы асқабақ пен бақша дақылдарының қажетті сортын алу үшін жасанды будандастыру әдісін пайдалану керек. Асқабақ, кабачок, қиярлардың ірі, әлі ашылмаған аналық гүлдері (ол тұқымымен болады) мен аталық гүлдерін алыңыз. Әр гүлді дәкемен байлап қойыңыз, бұны кешкі уақытта істеу керек. Таңертеңгі 11-ге дейін оларды шешіңіз де аталық гүлдер мен аналықтарды бір-біріне жақындату арқылы будандастырыңыз. Будандасқан аналық гүлді қайта байлап қойыңыз. Тұқым үлкейіп, өсе бастағанда  марліні шешіңіз де оны ашық түсті лентамен белгілеп қойыңыз.

Қиярдың тұқымын әбден жетіліп сарғайған түрінен таңдаңыз. Қиярды екіге бөліп, тұқымды қиярдың ішіндегі жұмсақ массасымен бірге алыңыз,  бірнеше күн ашытыңыз, содан соң жуып, кептіріңіз. Асқабақ дақылдылардың тұқымын бірден жуып, кептіріңіз.

Қызанақ тұқымын да әбден піскенінен ішкі жұмсақ массасымен бірге алыңыз. Оларды бір аптадай ашытыңыз, содан кейін жақсылап жуып, кептіріңіз.

Бұршақ дақылдылардың тұқымын жақсы жетілген, сарғайған сабақтарынан алыңыз. Оларды ашып, тұқымын әбден кептіріңіз.

Сақтау. Тұқымдарды қараңғы, салқын және құрғақ жерде матадан немесе қағаздан жасалған мүшектерде сақтаңыз. Барлығының сыртына аттары мен жиналған мерзімін жазып қойыңыз.

Тұқымдарды жинап алғаннан кейін сіздің жұмысыңыздың келесі сатысы басталады. Әр дақылға өз қалташасын жасатыңыз. Сыртына тұқым атауын, жалпы сипатын мен суретін орналастырыңыз. Әдетте бір А4 форматындағы парақтан екі қалташа жасауға болады. Параққа пішінін келтіріп алыңыз (полиграфиямен айналысатындарға жасатуға болады), содан соң шығарып, көбейтіңіз (принтер, ксерокс, ризограф, офсет). Қалташаларға белгілі бір мөлшерде тұқым салып, степлермен өзіңіздің жеке визиткаңызды  кыстырыңыз (ол сатып алушының дақылды өсіруге қатысты сізден кеңес сурауы үшін қажет, сатып алушылар ол арқылы тұқым сатып алу мен т.б. мәселелер бойынша сізге хабарласатын болады, сонымен қатар, егер сіз байланыс телефоныңызды көрсетсеңіз, бұл сізге деген сенімді арттырып, сатып алушылар алдындағы беделіңізді көтереді).

Егер сіздің қалташалар жасатуға ақшаңыз болмаса немесе сіз бұл бизнесті жаңадан бастап жатсаңыз, тұқымдарға арналған қалташаларды қарапайым ақ қағаздан (кеңселік болғаны дұрыс) жапсырып жасауға болады. Ал барлық қосымша ақпаратты қолдан жасалған штамп немесе басқа нәрсе арқылы енгізуге болады.

Барлығы дайын болғаннан кейін, өніміңізді базарға шығаруға немесе өз тауар өткізу жолыңызды ойластыруға болады.

Болжамды есептеулер.

Шығындар. Бизнестің маусымды екенін ескере отырып, шығыстар мен табыстарды бір айға емес, жыл бойына есептеу керек. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда алғашқы кездері тұқым алуға көп қаржы жұмсамауға да болады.

Табыс. Бизнес дұрыс ұйымдастырылған жағдайда жылдың екі айында (наурыз бен сәуір) қомақты табысқа кенелесіз.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *