Эму түйеқұстарын өсіру

Түйеқұс страус өсіруЖалпы ақпарат. Эму түйеқұстар тұқымдасына  (ұшпайтын құстар), түйеқұс, киви және басқа да бірқатар құстар қатарына жатады. Бұл құстардың барлығының алдыңғы қанаттары жоқ. Эму Австралиядан шыққан. Ересек түрлерінің салмағы 75 кг және бойы 170-190 см.-ге жетеді. Ірі қара мал өсіргенге қарағанда эмуды өсірудің бірқатар артықшылықтары бар – олар қоршаған ортаға тез бейімделеді, тақыр жерлерде және басқа да аз пайдаланылатын жерлерде өмір сүре береді, ерекше күтімді қажет етпейді, сондықтан әбден жанама өндіріс көзі бола алады. Үшіншіден, эмуды өсіру арқылы өнімнің бірнеше түрлерін алуға болады.

Бағу. Өздерін қоршауда да, қора-жайларда да емін еркін сезінуі үшін түйеқұстар өсірудегі міндетті элементтердің бірі топырақ болып табылады. Оларға кең жер керек. Түйеқұстарға арналып салынатын құрылыс алаңы құрғақ жерде болуы тиіс. Өйткені түйеқұстар құрғақ аудандарда тіршілік етуге үйренген, олар желдің өтіне өте шыдамды, суықты да жақсы көтереді, қар үстінде еш қиындықсыз жүре береді. Қораларда бағу үшін температураны +15 градуста ұстаса да жеткілікті.

Жемі. Түйеқұстар негізінен шөпқоректілер және жайылымдардағы, бұталардағы шөп-шалаңмен, ағаш өскіндерімен  қоректенеді. Азық ретінде жәндіктер мен ұсақ омыртқалыларды жиі пайдаланады. Түйеқұстарды асырау барысында жемі үшін қандай да бір экзотикалық тағам қажет етілмейді. Жемнің берілуіне қарай түйеқұстардың басқа үй құстарына қарағанда салмағы үлкен болады.

Эмуды асырау. Бұл түйеқұстар үшін аналықтарының жұмыртқалар салып, төлдеулері арқылы топтық көбею тән. Бұл жағдайда жұмыртқаларын, жас төлдерін, өсіңкіреген және үлкен түрлерін сою үшін сатуға болады. Құс өсіруді жаңадан қолға ала бастағандар үшін инкубаторлық әдіс ұсынылады. Эмуды өсірушілер үшін олардың жұмыртқа басуын үнемі бақылап жұмыртқаларын жинау, оларды кірден тазартып  инкубаторға орналастыру қажет. Эму бір маусымда 20-50 жұмыртқа салады. Нақты алғанда бұл құс әр үш күн сайын  1 жұмыртқа табады. Стандартты көрсеткіш бойынша балапандардың 85% пайызы жарып шығады. Сау түйеқұстар 25-35 жыл бойы өнім береді, яғни көбейту үшін сатып алынған түйеқұс жұптарын көпжылдық инвестиция ретінде қарастыруға болады. Ұрғашылары температура ауысуына өте төзімді – барлық климатта жақсы көбейеді.

Инкубатор балапандарды шығару процесінде температура мен ылғалдылықтың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Ол ауа алмасуын және салынған жұмыртқалардың бірқалыпты аударылуын қамтамасыз етеді. Бұл факторлардың барлығы балапандардың сапа көрсеткіштеріне әсер етеді.  Инкубациялық кезең 50-55 күнге созылады. Бұл кезеңдегі күтімге мыналар жатады: эмбрионның дамуын бақылау, өлі жұмыртқаларды алып тастау, санитарлық жағдайды қамтамсыз ету. Балапандарды өсіру дегеніміз – оларды жабынмен қамтамасыз ету мен серуендету және оларға жем беру. Балапандарға  жылы,  желдетілетін, гигиеналық нормаларға сай қора қажет. Оларды серуендеуге шығарып тұру денсаулықтарын нығайту және аяқтарының қисаймауы үшін қажет.

Сату. Эму түйеқұстарын өсіру арқылы мынадай өнімдер алуға болады: дәмі мен құрылымы бойынша сиыр етіне ұқсас майлы емес, түрі қызыл ет, жұмсақ, қауырсын құрылымына ұқсас мықты тері, құрамында олеин қышқылы бар, тері арқылы биоактивті элементтердің өтуін арттыратын өзіндік қасиетке ие май. Қауырсынын сән салондары бас киімдерді декоративті сәндеу үшін, балық аулауда қалтқы жасау үшін, ал өнеркәсіпте тазартқыш құралдарын әзірлеу үшін пайдаланады. Жұмыртқасының қабықшалары мен тырнақтарын зергерлік өнерде пайдаланады.

Эму еті және жұмыртқасын мейрамханалар, экзотиканы аңсайтын азаматтардың жекелеген санаттары аса қызығушылықпен сатып алады, өңделген етін салқын және ыстық тағамдар үшін пайдаланады.

Болжамды есептеулер.
Шығыстар:

Түйеқұс сатып алу (жастары – 1-2 ай) – 2 тал x 40 000 теңге = 80 000 теңге.

Белгілі бір жасқа жеткенде бұл жұп жылына 30 жұмыртқа береді. Жемге кететін шығын бір түрі үшін жылына шамамен200 кг құрама жем x 35 теңге = 7000 теңге x 2 түйеқұс = 14 000 теңге.

Барлығы: 94 000 теңге.

Табыс:
1 кг етінің құны 5 000-6 000 теңге x 75 кг (1 түрінің салмағы) = 375 000 теңге.

Түйеқұстың 1 жұмыртқасының бағасы шамамен 3 000-4 000 теңге x 30 (бір жылғы бір жұптың беретін жұмыртқа саны) = 90 000 теңге.

Басқа да өнімдерді (қанаттары, майы, терісі, тырнағы, қауырсыны) сату арқылы сіз өз табысыңызды айтарлықтай арттыра аласыз.

Түйеқұс фермаларындағы табыстың қосымша көзі экскурсиялар ұйымдастыру болуы да мүмкін. Түйеқұстарды көргісі келетіндер әрқашан табылады. Сонымен қатар ферма жанындағы мейрамханадан тамақтануды және кәдесый сатып алуды ұсынуға болады. Әрине, мейрамханада түйеқұс етінен және жұмыртқасынан жасалған тағамдар міндетті түрде болуы керек.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *