Төсек жабдығын тігу

көрпе төсекТөсек жабдығы  – төсекті жабдықтауға арналған, матадан жасалған бұйым. Төсек жабдығына матадан жасалған сейсеп, ақжайма, жастық тысынан тұратын бірегей жиынтық кіреді. Көлеміне қарай оның мынадай түрлері бар: бір кісілік, бір жарымдық, екі кісілік. Төсек жабдығы сапалы, жұмсақ, түсі ашық маталардан тігілуі керек. Көбінесе оны мына мата түрлерінен тігеді: зығыр (лен), мақта, жібек.

Ғимарат. Егер үйіңізде артық бос бөлме болса, онда сол бөлмеде жұмыс істеуден бастаған дұрыс. Ал бизнесіңіз біршама жүрген кезде арнайы орынды жалға алатын боласыз.

Жабдықтар, құрал-саймандар, қажетті материалдар.

Тігін машинкасы. Егер сіздің оверлогы мен түрлі операциялары бар қымбат тігін машинкасын сатып алуға мүмкіндігіңіз болмаса, кез келгені жарайды. Оның қымбатын алу міндетті емес.

Мата. Дүкен не мата қоймасын іздеңіз. Көзге ұнамдысын алыңыз. Жоғарыда айтып өткендей, сапалы мата таңдау керек. Алайда сіз арзанға тігемін десеңіз, онда арзан маталар да алуға болады. Матаны ораммен алған арзанырақ. Өзіңіз тұратын жерден матаны жаппай сататын қоймаларды іздеп көріңіз.

Жіптер. Көп жіп керек. Сондықтан бірден көп мөлшерде алған дұрыс, оның түсі матаға сай болу керек.

Қайшы мен үлкен сызғыш. Сіз үлкен көлемдегі маталармен жұмыс жасайсыз, сондықтан жақсы қайшы мен ұзын сызғыш алу қажет. Оған қоса үлкен үстел керек. Алайда еденде де жұмыс жасауға болады.

Технология. Төсек жабдығын тігуден бұрын алдын-ала өлшеп, есептеп алу керек. Алдымен сызба жасап алыңыз. Матаны ысырапсыз пайдаланып, нақты өлшеммен кескен жөн. Көбінесе маталардың ені – 1,5 м, 2,2 м. Төсек жабдығын тігу барысында белгіленген стандарттарды сақтау керек.

Мысалы, балаларға арналған төсек жабдығының стандарттары мынадай: сейсеп – 100 х 150, ақ жайма – 120 х 180, жастық тысы – 35 х 45. Жастықтың тысы екеу болу керек.

Бір кісілік төсек жабдығы: сейсеп – 160х220, ақ жайма – 180 х 240, жастық тысы – 70 х 70 (кейде 50 х 70).

Екі кісілік төсек жабдығы: сейсеп – 200 х 220, ақ жайма – 220 х 250, жастық тысы 70 х 70 (немесе 50 х 70). Сонымен қатар, отбасылық жиынтықтар бар, онда екі сейсептен болады. Төсек жабдығының осы түрімен сіз клиенттерді тарта аласыз. Өйткені ондай жиынтықтар барлық жерде сатылмайды. Өлшемдермен алдын-ала жұмыс жасап, сызба сызып алғаннан кейін пішіп, кесуге болады.

Келесі кезекте – тігу. Түзу жолмен тігу ең басты шарт болып табылады. Түзу жолдан ешқашан да ауытқымау керек. Содан кейін үтіктеу қажет. Жақсы үтіктеу дайын өнімнің сыртқы келбетін аша түседі.

Қызметкерлер. Бастапқы кезеңде қызметкерлер алмай, өзіңіз ғана жұмыс жасауға болады.

Өткізу. Алғашқы кезеңде өз таныстарыңыз бен көршілеріңізге сата аласыз. Сонымен қатар, балабақшалар мен басқа да мекемелерді аралап шыққан жақсы нәтиже береді. Ең дұрысы – базарлармен, дүкендермен төсек жабдығын тұрақты түрде жеткізіп тұру туралы келісу. Сондай-ақ, төсек жабдығын арнайы тігетініңіз туралы жарнама беріп қоюға да болады. Жақсы тауарға деген сұраныс әрқашан да жоғары.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:

– тігін машинкасы – 16 000 теңгеден бастап.

– стандартты бір жиынтық төсек жабдығын тігу үшін 12 м мата * 100 теңге (1 м құны ) = 1 200 теңге. 10 жиынтық тігу барысында сіз 12 000 теңге жұмсайсыз.

– жіптер – 10 дана * 50 теңге = 500 теңге.

Барлығы: 28 500 теңге.

Табыс:

Бір жиынтық төсек жабдығы 3500 теңге тұрады, тиісінше, сіз айына 10 жиынтық әзірлейтін болсаңыз, 3500 теңгеден = 35 000 теңге болып шығады.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *