Теріні (былғарыны) қабылдау мен өңдеу

Жаңа сыпырылған тері буы бурқыраған деп аталады. Былғары үшін жаңадан сыпырылып алынған, қан мен кір жұқпаған  теріден артық зат жоқ. Алайда көбінесе теріні бірден зауытқа жеткізуге немесе өздігінен өңдеуге мүмкіндік болмай жатады. Ал жатып қалған тері тез арада бүлінеді. Ол алдымен кеуіп, содан кейін мыжырайып, мүйізденіп кетеді. Одан кейін көгеріп, жүні түсе бастайды. Содан соң мүлдем шіриді. Сондықтан да тері бүлініп кетпеуі үшін одан түрлі нәрселер жасауға тура келеді. 

Теріні өңдеу. Теріні тазалап алғаннан кейін, оны тұзбен өңдейді. Өңдеу терінің шіріп кетпеуі үшін ғана емес, жүнінің мықтап тұруына да септігін тигізеді.

Тазаланған теріні келесі әдіспен тұздаған жөн: майда тұз алынады. Қыс айларында әр 1 кг  теріге 200 г, ал жаз мезгілінде 300 гтұз пайдаланылады. Үлкен өгіздің терісіне қыста 5,7-6,6 кг, ал жазда 8,2-10,2 кг тұз, ал сиыр терісіне қыста 3,3-5 кг, ал жазда 5-6,2 кг. тұз жұмсалады.

Өңдеу тәсілі. Теріні жүн жағымен таза жерге немесе еденге жаяды. Терінің астына шыққан ылғалын сіңіріп алатын бір нәрсе қоюға болады. Терінің ішкі жағына біркелкі етіп тұз себеді, тұз теріге дұрыс жағылуы үшін тұзды қолмен жаққан дұрыс. Егер тұз дұрыс жағылса, онда 3 күннен кейін оның бетінде қатты тұз көрінетін болады. Ал егер барлық тұз сіңіп кетсе, онда тұзды жаңадан қайта жағу керек. Тері тұздалғаннан кейін, бас пен құйрық жағын ішке қарай иеді. Одан кейін бас пен басқа да бөліктерді тұзбен өңдейді.

Содан кейін теріні буып қояды. Оның әдісі мынадай: бастан басталған терінің төрттен бір бөлігі ішке қарай иіледі, одан кейін оң және сол жақтары ортаға қарай, тері арқа бойымен, одан кейін басынан бастап оралады, құйрықпен немесе жіңішке арқанмен байланады.

Бес күннен кейін оралған тері шешіледі. Ылғалын ағызып, тағы да аздап тұздап, қайтадан орап қояды. Егер бәрі дұрыс жасалса, онда тері ұзақ уақыт бойы бүлінбей сақталады.

Терілер көп мөлшерде жиналып қалғанда, қатарларда тұздауға болады.

Бірінші теріні еденге жайып тұздайды. Одан кейін бас, аяқ жақтарын дөңгелетіп ішке қарай орайды. Барлық бөліктерді, әсіресе басын жақсылап тұздайды. Одан кейін екінші терінің басын бірінші терінің үстіне емес, жанына түсетіндей етіп қояды. Бәрін бірінші терідегідей жасайды. Екіншісіне үшіншісін, сосын төртіншісін, бесіншісін, осылай кете береді. Бастар бір-бірінен кейін жатады. Осындай ретпен 200 шақты теріні қоюға болады. Қатардағы тұздық терілердің дұрыс орналаспағандығынан бір жақа ағып кетпеуі керек.

Егер тері дұрыс тұздалмаса, ол бүліне бастайды. Тері шіри бастағанда оның жүні түседі. Жүнін анда-санда қолмен тартып көру керек. Жақсы теріден жүн түспейді, ал бүлінген теріден жылдам сыдырылып кетеді. Ондай теріні қолдануға болмайды. Одан кейін терінің сыртқы жағын ішке қарай орналастырып, сосын көлеңкеде кептіру керек. Теріні кептіру үшін іліп қояды. Оны күннің астында не ыстық пештің қасында кептіруге болмайды. Кәдімгі бөлме температурасы болған дұрыс.

Тері кепкеннен кейін (қатты кептірудің қажеті жоқ), оның жүнін ішке  қаратып, соңғы рет кептіреді.

Мұндай жағдайда тері көпке дейін сақталып тұрады.

Сату. Терілер отандық жеңіл өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Онда қосымша өңдеу жасалып, белгілі мемлекеттік сапа стандарттарына сәйкес қайта өңдеу жүргізіледі. Мекеме сатып алатын шикізат мемлекеттік стандарт бойынша қатаң бақылаудан өтеді. Стандартқа сай емес шикізат былғары жартылай фабрикат өндірісіне жіберілмейді. Баға шикізаттың көлемі мен сапасына қарай белгіленеді.

Болжамды есептеулер.     

Шығыстар:

1 кг тұз  = 30 теңге. Бір қойдың терісін өңдеу үшін 1,5-2,5 кг тұз керек x 30 теңге = 45-75 теңге.

Ірі қара мал терісін өңдеу үшін 5-7 кг тұз x 30 теңге = 150-210 теңге керек.

Табыс:

Қой терісін сату  – 1 кг= 800 – 1 200 теңге.

Ірі қара мал терісін сату –1 кг= 1 800 – 2 200 теңге.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *