Tag Archives: тіркеу

Дара кәсіпкерді қалай тіркеуге болады?

Жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу салық органында дара кәсiпкер ретiнде есепке қою арқылы жүзеге асырылады.

Дара кәсiпкерлер келесі шарттардың біріне сай келетін болса, онда мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады. Бұл шарттар:

1) тұрақты негiзде жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдалану;

2) 2015 жылға жеке кәсiпкерлiктен есептелген жылдық жиынтық табысы 256 368 теңгеден асу (ең төменгi жалақының 12 еселенген мөлшерi х 21364 теңге).

Бұл дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызмет жасауына тыйым салынады.

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.

Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Ип каз 1

Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тіркеуші органға:

1) дара кәсіпкерді тіркеу есебі туралы салықтық өтініш;

2) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшiн 3704 теңге мөлшерде алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

3) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат ұсынады. Continue reading

Жеке кәсіпкер болу үшін не істеу керек?

Егер Сіз жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға ретінде тіркелмей немесе  заңды тұлға ретінде тіркелу арқылы бастағыңыз келсе, онда осы екі жағдайдың екеуінде де Сізге тиісті үлгіде тіркеуден өтуге тура келеді. Жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін тіркеуді жүзеге асыратын аймақтық салық басқармасы болып табылады. Continue reading