Tag Archives: өсіру

Бөдене өсіру

Бөдене өсіруЖалпы ақпарат. Кәдімгі бөдене – тауықтар жасағына, қырғауылдар тобына жатады. Бұл құс осы жасақтың ең кішкентай өкілі болып саналады.  Оның денесінің ұзындығы бар болғаны 16-20 см, салмағы – 80-150 г. аралығында болады.

Ең алдымен, бөденені қандай мақсатта өсіретініңізді шешіп алыңыз. Егер сіздің мақсатыңыз жоғары сапалы бөдене етін өндіру болса, онда  калифорниялық тұқымға назар аударған дұрыс. Негізінен, бөденені жұмыртқа алу үшін өсіреді. Бұл жағдайда ең жақсы тұқым – жапондық бөденелер. Жапондық үй бөденелері 50-60 күн шамасында жұмыртқа сала бастайды (салыстырып көріңіз, тауықтар 180-210 күннен кейін ғана жұмыртқа салады). Жыл сайын әр бөдене 300 және одан да көп, салмағы 10-14 гр болатын, дәмді де пайдалы жұмыртқа береді. Continue reading

Өз бақшаңда тұқым өсіріп, оны сату

Бұл бизнесті кез келген қалада, ауылда, аудан орталығында немесе облыс орталығында ұйымдастыруға болады Бір кемшілігі бұл – тек маусымдық бизнес. Continue reading

Шалғам өсіру

1. Жалпы ақпарат. Шалғам – қыстың күні ағза үшін таптырмас пайдалы заттардың қайнар көзі. Шырынды, кіртілдек шалғам көптеген өзектерден, пектинді заттардан және минералды тұздардан тұрады. Құрамында темірі жоғары, оның үстіне оңай сіңетін болғандықтан шалғам гемоглобинді арттырып, қан түзілуіне жәрдемдеседі. Онда құнды дәрумендер мол: С, В1, В2, РР. Әрине,  аталған дәрумендер апельсинде, қырыққабатта және қарақатта айтарлықтай көбірек, бірақ шалғам түйінінің құрамындағы С витамині жарты лимонды, үш қызанақты немесе оншақты қараөрікті алмастыра алады. Ал бұл осы дәруменге деген тәуліктік адам қажеттілігінің жартысы деген сөз. Шалғамның ащы дәмі мен жұпар исі көбінесе оның құрамындағы органикалық қышқылдарды және эфир майы – сульфорафенді білдіреді. Continue reading