Tag Archives: құс

Бөдене өсіру

Бөдене өсіруЖалпы ақпарат. Кәдімгі бөдене – тауықтар жасағына, қырғауылдар тобына жатады. Бұл құс осы жасақтың ең кішкентай өкілі болып саналады.  Оның денесінің ұзындығы бар болғаны 16-20 см, салмағы – 80-150 г. аралығында болады.

Ең алдымен, бөденені қандай мақсатта өсіретініңізді шешіп алыңыз. Егер сіздің мақсатыңыз жоғары сапалы бөдене етін өндіру болса, онда  калифорниялық тұқымға назар аударған дұрыс. Негізінен, бөденені жұмыртқа алу үшін өсіреді. Бұл жағдайда ең жақсы тұқым – жапондық бөденелер. Жапондық үй бөденелері 50-60 күн шамасында жұмыртқа сала бастайды (салыстырып көріңіз, тауықтар 180-210 күннен кейін ғана жұмыртқа салады). Жыл сайын әр бөдене 300 және одан да көп, салмағы 10-14 гр болатын, дәмді де пайдалы жұмыртқа береді. Continue reading

Үйрек пен қаз өсіру

1. Жалпы ақпарат. Үйрек пен қаз  – үй шаруашылығындағы пайдалы құстардың бірі. Олар күй талғамайды, ет пен майды, өте жақсы қауырсын мен мамықты мол береді. Үйрек пен қаз өнімдері: біздің  тағамдық тұтынуымызда құнды болып саналатын еттері, қаздың майлы бауыры, олардың майы. Continue reading