Tag Archives: кәсіп

Пластикалық карта жасау

TANBAКүн өткен сайын біз күнделікті өмірімізде пластикалық карталарды жиі пайдаланамыз. Олардың қатарына кредиттік карталар, дүкендердің, клубтардың, қонақ үйлердің, мейрамханалардың дисконтты карталарын, тіпті куәлік пен құжаттарды жатқызуға болады. Пластикалық карталарды мұншалықты кеңінен қолдану оларды жасауды бизнестің тиімді әрі перспективті түріне айналдырды. Continue reading

Пышақтар мен қайшыларды қайрау

пышақ қайрауАдам пышақ пен қайшыны күнделікті міндетті түрде қолданады. Біз оларды тұрмыстық мақсаттарда және жұмыста кәсіби қызмет түрлері бойынша пайдаланамыз. Оларды көбірек қолданған сайын олар да өтпей, қайрауды қажет ете бастайды. Continue reading

Шағын полиграфия

1. Жалпы ақпарат. Күн сайын әртүрлі тауарлар мен қызметтер ұсынатын жеке фирмалардың көптеп ашылуы полиграфиялық қызметтің дамуына себепші болып отыр. Фирмалар брошюралар, буклеттер мен үнпарақтар түріндегі түрлі жарнаманы, бухгалтерлік есептілікті жүргізу үшін көп көлемде түрлі бланкілер мен формулярларды қажет етеді. Сондықтан да полиграфиялық қызметтерге сұраныс артып отырған осы кезеңде  бұл бизнес түрімен айналысу, нарықтық  конъюнктура тұрғысынан алып қарағанда, өзін‑өзі ақтайтын болады. Continue reading

Өз бақшаңда тұқым өсіріп, оны сату

Бұл бизнесті кез келген қалада, ауылда, аудан орталығында немесе облыс орталығында ұйымдастыруға болады Бір кемшілігі бұл – тек маусымдық бизнес. Continue reading

Бал арасын өсіру

1. Жалпы ақпарат. Ара өсіруге негізделген бизнес – бұл негізінде балара  ұясын және омартаны ұстауға жататын бизнес. Бұл бизнеспен айналысу арқылы балара балы, балауыз, ара желімі, тозаңы және басқа да балара өнімдерін алуға болады. Табиғи жас балара өнімі азық–түлік саласында да, медицина саласында да әрқашан үлкен сұранысқа ие. Continue reading

Ұлттық тағамдарды дайындау

Қазақтың ұлттық тағамдары өзіндік жұмсақтығы мен тіл үйірер дәмімен ерекшеленеді. Қазақ тағамдарының негізін мал шаруашылығы өнімдері – ет пен сүт, десерттер, пісірілген нан өнімдері мен сусындар құрайды. Continue reading

Сүт және сүт өнімдерін әзірлеу және сату

1. Жалпы ақпарат. Сүт және қышқыл сүт өнімдері Қазақстанда жасына, тұрғылықты орнына және материалдық әл-ауқаттылығына қарамастан халықтың барлық санатына танымал. Қышқыл сүт өнімдерін жиі тұтыну денсаулықты нығайтып, өмірді ұзартады. Қышқыл сүт өнімдері дәл сүт сияқты жүрек‑қан тамырларының, сүйек және жүйке жүйесінің жұмысына қажетті ағзаның толыққанды ақуыз бен кальцийге деген сұранысын қамтамасыз етеді. Қышқыл сүт өнімдерінің басты артықшылығы олардың құрамындағы бифидобактериялардың ағзаны улайтын ауру тудыратын және әлсіз микроағзаларды өлтіретіндігінде. Continue reading

Шөп әзірлеу мен оны сату

1. Жалпы ақпарат. Шөп – жануар тектілердің негізгі азығы. Ірі қара мал, қой мен жылқы үшін белгілі бір мерзім аралығында күнделікті пайдаланатын басты азық. Малға берілетін ең жақсы шөп – жайлау мен даланың түрлі шөптері. Алайда қазіргі уақытта шөпті көпжылдық дәнді және бұршақ дақылды шөптерден (сулыбас, жоңышқа, костер, клевер) дайындайды.  Бұршақ дақылды шөптертің кальциі, дәнді дақылдылардың – фосфоры көп, сондықтан шөптің екі түрі де малға пайдалы. Әсіресе дәнді дақылды шөп жалпы азық көлемінің 70-75%-ын құрауы керек. Жоғары сапалы шөптің ылғалдығы 15%-ды құрап, жасыл түсті және жағымды иісті болады. Continue reading

Монша мен сауна үшін сыпыртқы дайындау

1. Жалпы ақпарат. Қайың сыпыртқылары – бұл моншаға барудағы қажетті аксессуар. Біздің ешқайсымыз да нағыз моншаны сыпыртқысыз елестете алмаймыз. Моншада ең болмағанда бір мәрте болғандардың әрқайсысы жақсы сыпыртқымен буға қыздырыну нағыз рахат екенін біледі. Монша сыпыртқысы  бұл – көп мөлшерде тер шығарушы, зат алмасуды күшейтуші, дене массажы, зиянды микроорганизмдерді теріден шығарушы. Continue reading

Бүлдірген мен таңқурай өсіру

Жалпы ақпарат. Қазақстанның топырақтық-климаттық жағдайы негізгісі бүлдірген мен таңқурай болып табылатын түрлі жеміс-жидектерді өсіру үшін өте қолайлы. Бұл жеміс-жидектер адам тамақтануында аса маңызды мәнге ие, өйткені бұлардың құрамында адам тіршілігінде үлкен рөл атқаратын ағзаның өмірлік күш-қуатын, оның физикалық және ақыл‑ой жұмысының қабілетін және түрлі ауруларға қарсы күресін арттыратын дәрумендер бар. Жеміс‑жидектерден жақсы тосаптар, сілікпелер, мармеладтар мен табиғи шырындар дайындайды. Олар – кондитерлік және жеміс‑жидек өңдейтін өнеркәсіп үшін таптырмас шикізат, сондықтан да жеміс‑жидектерді өсіру мен өткізу табысты бизнес болып табылады. Continue reading