Tag Archives: байлық

Бай және табысты адамдардың 18 дағдысы

бай болу

Бай болам десеңіз табысты адамдардың бірнеше дағдысын үйреніп алыңыз. Табыс пен байлықтың құпиясын жасырған дағдылармен танысайық.

1. Барлық проблемаларыңызды барынша қысқа мерзімде шешу, кейінге қалдырмау, созбау, ушықтырмау. Әдетте, проблеманың салдарын жоюдан гөрі оны бастапқы кезінде реттеуге аз күш-жігер кетеді. Қателесетін болсаңыз да шешім қабылдаудан қорықпаңыз, бұл ешқандай шешім қабылдамағаннан жақсы. Көп ойланып-толғанудан арылыңыз. Бір ой келсе, ол жайдан-жай келген жоқ, сылтау іздемей, мүмкіншілік жасаңыз. Бай болу үшін басқалардан көп еңбек ету керек, сонда ғана табысқа жетесіз.

2. Басқаға емес, өзіңе жұмыс істеу. Біреуге құл болғыңыз келмесе, өз игілігіңізге еңбек етіңіз. Сонымен бірге сүйікті іспен айналысуды жұмыс деп атауға болмайды. Continue reading

Миллиардер Джон Рокфеллердің өмірден тоқыған ең маңызды 20 сабағы

Джон Рокфеллер бай

1. Мен 100 пайыз өзімнің күш-жігерімнен гөрі 100 адамның 1 пайыз күш-жігерінен пайда тапқанды қалар едім.

2. Күндіз-түні жұмыс істеген адамның ақша табуға уақыты жоқ.

3. Бедел жинаңыз, ертең ол Сізге жұмыс жасайтын болады.

4. Қайсарлықтың арқасында дұрыс болсын, бұрыс болсын, жақсы болсын, жаман болсын – барлығы орындалады.

5. Бизнеске негізделген достық достыққа негізделген бизнестен артық.

6. Адамдармен қарым-қатынас жасай білу – ол қант немесе кофе сияқты сатып алуға болатын тауар. Сондықтан мен сондай қабілетке дүниедегі басқа нәрселерден артық төлеймін.

7. Әзіл айту мен қарыз алу кенет болу керек.

8. Егер бай болу Сіздің жалғыз мақсатыңыз болса, онда ол ешқашан орындалмайды.

9. Маған ойланатын адамдар емес, жұмыс істейтін адамдар керек.

10. Ақша табу жолы – көшеде қан төгіліп жатса да сатып алу.

11. Құдай менің ширақ қимылдап, барлық күш-жігерімді салатынымды білгендіктен табысты болуымды және кез-келген жерде пайда табатынымды сездім.

12. Жақсы басқара білу – ол орта қабілетті адамдарға ерекше адамдардың жұмысын қалай істеуге болатынын көрсету.

13. Мен әрқашан кез-келген сәтсіздікті мүмкіндікке айналдыруға тырыстым.

14. Бәрін білетін адамнан ынтасы бар адамды жұмысқа қабылдар едім.

15. Жетістіктің кез-келген түріне қайсарлықтан басқа маңызды қасиет бар деп ойламаймын.

16. Ақша үшін ақша табуға барлық уақытын арнаған адамнан сұмырай және бейшара жанды білмеймін.

17. Мен бұл өмірде маңдайыма не жазғанын ешқашан білген емеспін, бірақ бір ҰЛЫ іске жаратылғанымды әрқашан білдім.

18. Үлкен шығындардан қорықпау керек. Аз пайдадан қорқу керек.

19. Менің қандай нәрседен рахаттанатынымды білесіз бе? Жұмсаған күш-жігерімнің пайда алып келгенін көру.

20. Сіздің әл-ауқатыңыз Сіздің шешімдеріңізге байланысты.

Дереккөз

Әлемдегі атақты инвестор Уоррен Баффеттің 10 қағидасы

бай адам Уоррен БаффетУоррен Эдвард Баффетт (Warren Edward Buffett) – америкалық кәсіпкер, әлемдегі ірі және атақты инвестор. «Көріпкел» деген лақап атпен танымал. 2013 жылғы желтоқсанға оның байлығы 59,1 млрд долларды құрады.  Уоррен Баффетт 2013 жылы 12,7 млрд. доллар тауып, көп табысқа қол жеткізген миллиардерлердің көшін бастады.

Ендеше Уоррен Баффеттің ұстанымдарымен танысайық:

1. Егер өткен уақыттың азғантай болса да  маңызы болса онда әлемдегі ең бай адамдар кітапханашылар болар еді.

2. Өзің түсінбейтін бизнеске ешқашан қаржыңды салма.

3. Кейбір адамдар қалың көпшілік акцияларға қызығушылық танытқанда көңіл бөле бастайды. Шын мәнінде, ешкім қызықпай тұрғанда көңіл бөлу қажет. Онсыз да танымал нәрсені сатып алып, табысқа кенелуге болмайды.

4. Бизнесте артқы көрініс айнасы алдыңғы айнадан әрқашан таза.

5. Ақшаны кез-келген ақымақ басқара алатын іске салу керек, өйткені күндердің күнінде оған бір ақымақ басшылық етеді.

6. Мен секіріп өтетін 7-футтық көлденең ағаш іздемеймін, мен аттап өтетін 1-футтық көлденең ағаштар іздеймін.

7. Сіз қанша жерден дарынды болып, қаншама күш-жігер жұмсасаңыз да кейбір нәтижелерге қол жеткізу үшін тек уақыт керек: Сіз тоғыз әйелді жүкті қылсаңыз да, бір айда бала таппайсыз ғой.

8. Акцияларды сатып алудың әлемдегі ең ақымақ және мағынасыз дәлелі – олардың бағасының өсуі.

9. Нашар басшылықтың нашар нәтижелерге реакциясы көп жағдайда нашар бухгалтерия болып жатады.

10. Өзіңнің терең орда жатқаныңды түсінсең, ең алдымен қазуды доғар.

Әлемдегі атақты Бас атқарушы директорлалардың өмірлік ұстанымдары туралы «СЕО (Бас атқарушы директорлар) әлеміндегі мықтылардың қағидалары» атты кітаптан оқи аласыздар. 

Джон Рокфеллердің ұстанымдары

Джон РокфеллерАдамзат тарихында ең бай адам Джон Рокфеллер болып саналады. Оның байлығын бүгінгі бағамен есептесек ол 200 млрд. долларды құрар еді. Қомақты сома. Бұл дегеніңіз бүкіл Қазақстанның 2012 жылғы жалпы ішкі өніміме пара-пар. Рокфеллер еңбек қызметін қарапайым есепшіден бастап, 1916 жылғы 29 қыркүйекте алғашқы долларлық миллиардер атанды.

Бизнеспен айналысу барысында Джон Рокфеллер өзінің белгілі бір ұстанымдарына берік болды. Бұл қағидаттар байлығын сақтап қана қоймай, оны көбейтуге септігін тигізді. Continue reading