Tag Archives: бала

Балалармен отырған жас аналардың демалу орталығы

демалу орталығыКөптеген әйелдерге ана болу бақытын сезіну жазылған. Қиындықтар мен толғануларға қарамастан жас аналар өз нәрестесін көргенде бәрін ұмытып кетеді. Ана барлық уақытын баласына арнайды. Баланың өсіп келе жатқанын, оның алғашқы қадамдарын бақылау, оның ең бірінші қызық сұрақтарын тамашалау – осының бәрі ана үшін үлкен бақыт. Continue reading

Көпбалалы аналардың қандай әлеуметтік төлемақы алуға құқығы бар?

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көп балалы аналардың:

– бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін); Continue reading

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алуға кімнің құқығы бар?

Осы жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленеді.

Жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады. Continue reading

Жекеменшік балабақша ұйымдастыру

1. Жалпы ақпарат. Үлкен қалаларда жекеменшік балабақша ұйымдастыруға қажеттілік байқалуда. Мұндай қажеттіліктің себебі түсінікті – ата-аналардың қолы бос емес, балаларға қарайтын ешкім жоқ, ал мемлекеттік мекемелерде бос орын табу өте қиын. Жастарына қатысты психологияға сәйкес, ерте және мектепке дейінгі балалық шақта ( 1 жылдан 6 жасқа дейін) бала тұлға ретінде дамиды, әлеуметтік топқа жатады. Сондықтан да осы жаста қалыптасатын тәлім-тәрбие, білім мен әдет баланың одан кейінгі дамуына қатты әсер етеді. Сондықтан да балаға жақсы мектепке дейінгі білім беретін, оны жақсы қарайтын ақжүрек, сезімтал педагогтар қызмет ететін балабақша ашу маңызды. Continue reading

Мектепті қалай таңдау керек?

Мектеп – бұл әрбір бала үшін екінші үй. Ол мұнда тек бастапқы білім алып қана қоймай, адамдармен қарым-қатынасты, әріптестермен бірге өмір сүруді үйренеді. Оның қандай болып өсетіні де дәл осы мектепке байланысты болады.  Мектепті таңдағанда неге назар аудару қажет: Continue reading

Балаға жақсы күтушіні қалай табуға болады?

Кей кездері бір-екі сағатқа болса да үйден шығуға тура келеді, сондай кезде баланы кіммен қалдыру керек деген сұрақ туындайды. Әрине, балаңызды қалдыруда жақсы білетін туыстармен, достармен немесе таныстармен келісу оңайырақ, әрі сіз де баланың олармен қуана қалатынын жақсы білесіз. Егер жақын туыстар түрлі себептермен осы жағдайда сізге қол үшін бере алмайтын болса, ал таныстар мен сенімді адамдар да сол мезетте жаныңыздан табылмаса, сізге балаңыз үшін кәсіби бала бағатын күтуші таңдауға мүмкіндігіңіз бар екенін ұмытпаңыз.    Continue reading

Баланы қалай тәрбиелеу керек?

Бала – ол өте нәзік те сезімтал адам. Оның жанын жаралап алу өте оңай, алайда осы бір жара өмір бойы сыздап жүруі ғажап емес. Бала кезінде шешілмей қалған мәселелердің салдары ер жеткен кезде  кейбір психикалық ауытқуларға негіз болатынын ұмытпаңыз. Continue reading

Баланы патронаттық тәрбиеге қалай алуға болады?

Көптеген адамдарда «патронат деген не?» деген сұрақ туындайды.

Патронаттық – ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларды тәрбиелеуге алуға ниет білдірген отбасыларға тәрбиелеуге беру.

Continue reading

Балаларды шылым шегуден қалай қорғауға болады?

Көп жағдайда балалар шылым шегуді 18 жасқа толмай тұрып бастайды. Олар неге бұлай істейді? Мүмкін, зерігуден, алаңдаушылықтан, қатарластары тарапынан қысым көргеннен, мазасыздықтан немесе біреуге еліктегендіктен шығар. Сіз, бәлкім, жасөспірімдер арасында  қазіргі ұялы телефон әлемінде, әлеуметтік желілерде және микроблогтарда шылым шегу туралы әртүрлі деректер, ойдан шығарылған мәліметтер қалай таралатынын білсеңіз, таң қалатын шығарсыз. Кейбір жас қыздар шылым шегу арықтауға немесе артық салмақ қоспауға көмектеседі деп шеге бастайды. Олар шылым шегудің ағзаға кері әсерін біле тұрса да, темекі шегуге дайын. Ал ер балалар ересектерге еліктеп шеге бастайды, мысалы, әкесіне, ағасына, жоғарғы сынып оқушыларына деген сияқты. Continue reading