Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері

“Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)” Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексi

157-бап. Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерi

Дара кәсiпкерлердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың жеке табыс салығы салынбайтын мөлшерiн жеке тұлға үшiн күнтiзбелiк жылда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгi жалақының 12 еселенген мөлшерi құрайды.