Спорттық жабдықтарды жалға беру

спорт жалға беруӘр қалада табиғатта демалуды ұнататын адамдар тобы табылып қалар. Табиғат аясындағы демалысқа тек пикниктерді ғана емес, сонымен қатар туристік саяхаттар, альпинизм, балық аулауды да жатқызамыз. Осыған сай бизнесмендерге мезгілдік спорттық жабдықтарды сату мен жалға берудің мүмкіндігі туды.

Спорттық туризмде спортпен кәсіби айналысатын адамдар ғана емес, сонымен қатар өздерін турист ретінде сынап көргісі келетін жастар да баршылық. Осындай жаңа қосылған адамдардың өз спорттық жабдықтарының жоқ екендігі түсінікті, олар сатып алуға да асықпайды, өйткені алғашқы саяхаттарынан алған әсерлерінің қандай болатынын болжай алмайды. Сондықтан спорттық жабдықтарды жалға алуға тура келеді.

Жалға не беруге болады? Спорттық жабдықтар  өте көп – олар шатырлар, ұйықтайтын қаптар, арқа қоржындары, түрлі етіктер, т.б. Спорттық жабдықтарды жалға беретін пунктерден мұндай бұйымдарды ғана емес, жорыққа қажетті басқа да құралдарды табуға болады. Жаз мезгілінде роликтер мен велосипедтерді, ал қыста тау шаңғылары, сноубордтар мен конькилерді жалға беруге әбден болады.

Бұл аталғандар жалға беруге болатын негізгі туристік құралдар ғана. Спорттық  жабдықтарды жалға беретін пунктерде заттардың түрі өте көп. Мысалы, альпинистер мен балықшыларға арналған көптеген жабдықтар да бар. Егер сіздің тұратын жеріңізде өзен, тау, теңіз болса, бұл идеяны ойланбай-ақ қолға алған жөн.

Спорттық жабдықтарды жалға беру бизнесі дамудың басқа шағын бизнес түрлерінің дамуынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Алдымен сізге бастапқы кезде қажет қаржыны құю керек, оның мөлшері сіздің алған бағытыңыздың ерекшелігі мен потенциалды клиенттерге байланысты. Істі қолға алысымен-ақ сізге жұмыс істейтін орын мен жақсы жарнама керек. Алғашқы клиенттерді көп күтпейсіз, себебі бұл бизнес түріне деген сұраныс кез келген аймақта бар.

Ғимарат. Сізге спорттық жабдықтарды сақтауға арналған бір кішігірім орын керек.Ол гараж не таза қойма немесе спорттық кешенде, бизнес орталықта, оқу мекемесінде жалға алынған орын бола алады.

Жалға беру пунктін қалалық саябақтардың, қорықтардың, демалыс аймақтары мен курорттардың маңына орналастырған тиімді.

Құрал-жабдықтар. Бұл бизнес түрін велосипедтерді жалға беруден бастауға болады, өйткені спорттың бұл түрі көптеген адамдарға ұнайды. Бірінші кезеңге әртүрлі көлемдегі, қала ішіне немесе кросқа ыңғайланған 10-12 велосипед алуға болады. Жұмсақ спицалы велосипедтер алу керек, олар көпке дейін шыдайды.  Оның бағасы – шамамен 30 000-40 000 теңге. Ал егер бірнешеуін алатын болсаңыз, онда әр данасын 25 000-30 000 теңгеден алуға болады.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:
Бизнесіңізді велосипедтерді жалға беруден бастайтыныңызды ескерсек:

– велосипедтер (10 дана) – 25 000 * 10 = 250 000 теңге.

– орынды жалға алу, 30 м² (егер жекеменшік орныңыз болмаса) – 40 000 теңге.

– газетке жарнама беру– 750 теңге, аптасына бір рет (20 сөз) * 4 апта = 3 000 теңге.

Барлығы: 293 000 теңге.

Табыс:
Велосипедті жалға беру – сағатына 500 теңгеден бастап (аймаққа байланысты).

Бір күнде  (8 сағат * 500 теңге = 4 000 теңге) бір велосипедтен  4 000 теңге табуға болады. Ал егер 10 шақтысы болса, онда 10 * 4 000 теңге = күніне 40 000 теңге.  Бұл әрине, ең жақсы деген көрсеткіш.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *