Шыныда жазу: қолмен жасалған туынды

шыныда жазуТүрлі-түсті шыныдан витраж жасау өз бастауын ерте кезден алады. Витраж жасап шығару – үлкен еңбекті талап ететін процесс. Бірнеше сағат ішінде шыныны бояу арқылы сіз көпшілікті қызықтыратын, эксклюзивті өнер туындыларын жарыққа шығара аласыз. Декоративті-қолданбалы өнер түрі ретінде шыныда жазу жұртшылықты өзінің қолжетімділігімен тартады: керекті материалдарды еш қиындықсыз таба аласыз және де олар қолжетімді бағамен сатылады. Трафареттерді қолдану керемет суретші болмасаңыз да бұл шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді. Ең бастысы бұл – бизнес үшін өте жақсы идея.

Неден бастау керек? Алдымен оқыту курстарына бару керек. Алайда олар қаланың барлық аудандарында болмайды. Егер ондай курс жақын жерде болмаса, қиналудың қажеті жоқ. Бизнес идея әрқашан өзінің жаңашылдығы мен ерекшелігімен тартымды. Білмейтін нәрселеріңізді сіз интернеттен, арнайы әдебиеттерден таба аласыз немесе осы салада тәжірибесі бар таныстарыңыздан да сұрап алуға болады.

Ғимарат. Ғимаратты адамдар көп жүретін жерден жалға алу керек. 10-15 м² алаң жеткілікті болады. Мынадай жабдықтар алу қажет: жиһаз, принтер, компьютер. Бөлмені ерекше дизайнмен әрлеуге болады, жөндеу жасап шығындалудың қажеті жоқ. Қабырғаларды ерекше суреттермен безендіріңіз, өз жұмыстарыңызды көрінетін жерге қойып қойыңыз, ол жарнама ретінде, сонымен қатар дизайн негізі ретінде болады. Жарнаманың орны әлбетте ерекше, оны жергілікті газеттерге беруіңізге болады, жақын маңда орналасқан үйлерге хабарландырулар іліп қою да артықтық етпейді.

Қажетті құралдар мен материалдар. Көркем өнер салонынан немесе кеңсе тауарлары дүкенінен шыныға арналған қажетті бояулар мен контурларды сатып алуға болады. Сонымен қатар, ашық түс шығару үшін қолданылатын бояу еріткіштерін, қылқаламдар мен трафареттер алу керек. Жазуға арналған заттар: айна, шыны, жазылған шыныны салуға арналған фоторамкалар, шыны аспап, стакандар мен бокалдар, шынытабақтар, құмыралар, бос бөтелкелер, ерекше пішінді бар банкалар, плафондар мен т.б.

Жазу технологиясы:

1) Шынының беті құрамында спирті бар сұйықтықпен, сабынмен, жууға арналған затпен сүртіледі не жуылады.

2) Таңдалған сурет керекті көлемде принтерден шығарылады. Бұйымға суретті түсіру үшін арнайы көшірме қағаз қолданылады: көшірме қағазды, оның үстіне эскизді қояды, сосын барлық құрылымды скотчты жылжытпай жапсырады. Дайын трафарет те қолданыла береді. Немесе эскиз шынының екінші жағына қойылып, сурет фломастермен салынады.

3) Содан кейін контурлық пастамен (таңдауға байланысты: алтын, күміс, түссіз, не қара түстерді пайдаланса болады) суреттің үстінен басып өтеміз. Контур кеуіп болғаннан кейін (30 минуттан 3 сағатқа дейін) суретті үлкен бөліктерінен бастап бояймыз.

4) Сулы мақталы таяқшамен артық кеткен жерлерді өшіріп тастайды. Суретте пайда болған ауаның көпіршіктерін мата қиқымымен немесе тістазалағышпен бірден алып тастау керек, әйтпесе сурет кепкен кезде «тесіктер» пайда болады. Жұмыс біткеннен кейін қылқаламдарды сұйықтықпен тазаланып, құрғатып сүрту керек.

5) Суреттің бетіне шыныға арналған акрил лагы жағылады. Ол сурет толық кепкен кезде шамамен бір тәуліктен соң жасалады. Дайын бұйымды жууға арналған заттарды қолдана отырып жылы суда жууға әбден болады.

Өткізу нарығы. Сіздің бизнесіңіз үшін жарнаманың орны ерекше.Жарнаманы жергілікті газетке беруге болады, адамдар көп шоғырланатын жерлерде, балалар алаңдарында, жақын маңда орналасқан үйлерде, мектептер, бала-бақшалар, оқу орындары мен бизнес орталықтарында хабарландырулар іліп қою арқылы жарнамалауға болады.

Сонымен қатар тапсырыс бойынша жұмыс жасауға да болады. Бірнеше сағат ішінде сіз өз қолыңызбен ерекше сый, эксклюзивті бұйым жасай аласыз. Оны туған күн, үйлену тойы, басқа да мерекелерде сыйлауға болады. Мұндай сыйлықтың адамдардың көңілінен шығатыны анық. Сонымен қатар ол – қымбат емес зат. Бұл тауарларыңызды кәдесыйлар мен ыдыс-аяқ сататын дүкендерге, той салондарына өткізе аласыз. Сонымен қатар, тапсырыс бойынша мейрамхана, кафе, сұлулық салондарымен бірлесе жұмыс жасауға да болады.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:
– орынды жалға алу – айына 25 000 теңге.
– жиһаз (2 үстел, 4 орындық, шкаф) – 45 000 теңге.
– керекті материалдар (бояулар, қылқаламдар) – 6 000 теңге.
– шыны (плитка тәріздес), 1 м² – 4 000 теңге * 10 м² = 40 000 теңге.
– сурет салуға арналған дайын ыдыстар – 8 000 теңге.
– газетке жарнама беру – 4 000 теңге.
Барлығы: 128 000 теңге.

Табыс:

Егер сіз бұл іске адамдар оқытамын десеңіз, 6 адамнан екі топ ашуға болады.  Сабақтардың айлық бағасы (аптасына екі сағат)  – 6 000 теңге.

Барлығы: 12 адам * 6 000 теңге = айына 72 000 теңге.

Екінші бағыт – тапсырыс бойынша жұмыс жасау, бұйымдарды дүкендер мен басқа мекемелерге сату. 10 заттан тұратын жазуға арналған дайын ыдыстар жиынтығы 8 000 теңге тұрады. Бір дайын өнімнің құны – 2 000-2 500 теңге * 10 зат = 20 000 (25 000) теңге.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *