Шалғам өсіру

1. Жалпы ақпарат. Шалғам – қыстың күні ағза үшін таптырмас пайдалы заттардың қайнар көзі. Шырынды, кіртілдек шалғам көптеген өзектерден, пектинді заттардан және минералды тұздардан тұрады. Құрамында темірі жоғары, оның үстіне оңай сіңетін болғандықтан шалғам гемоглобинді арттырып, қан түзілуіне жәрдемдеседі. Онда құнды дәрумендер мол: С, В1, В2, РР. Әрине,  аталған дәрумендер апельсинде, қырыққабатта және қарақатта айтарлықтай көбірек, бірақ шалғам түйінінің құрамындағы С витамині жарты лимонды, үш қызанақты немесе оншақты қараөрікті алмастыра алады. Ал бұл осы дәруменге деген тәуліктік адам қажеттілігінің жартысы деген сөз. Шалғамның ащы дәмі мен жұпар исі көбінесе оның құрамындағы органикалық қышқылдарды және эфир майы – сульфорафенді білдіреді.

Шалғамнан жасалған тағам, әсіресе жеңіл салаттар, бірқалыпты өт айдайтын және ісікке қарсы қасиетке ие, сонымен қатар тәбетті де ашады. Шалғамның құрамындағы ферменттер ақуызды тағамдардың жақсы сіңуіне септігін тигізеді, зат алмасуды күшейтеді. Ал бұл семіздіктен, сусамыр (қант диабеті) және тұз байлану ауруларынан зардап шегетіндер үшін маңызды.  Осы ауруларға шалдыққандар үшін шалғам шырыны өте пайдалы.

2. Шалғам сорттары. Шалғамның еуропалық сорттары тез пісетін (20-25 күн)  және гүлденуге орнықты болып келеді.  Олар: Ерте қызыл, Дека, Заря, Жара, Сакса, Мұзды сүңгі, Француз таңғы асы де. Қытай шалғамының сорты біраз кешірек (40-50 күн) піседі, оларды жазғы уақытта егіп, өсірген дұрыс, тамыр жемістері тауарлық сапасын 2-3 айға дейін сақтайды, бұлар: Қызыл Алып, Дарози сурх, Эртапишар.

3. Шалғамды өсірудің әдісі мен технологиясы. Жазда шалғамды бау‑бақшаларда және бақша маңы учаскелерінде өсіреді. Өсіру технологиясы сәбіз бен қияр және т.б. ұқсас болып келеді.

Шалғамды қыстың күні үй жағдайында  өсіруге болады, әрі ол мұндай жағдайда тәттірек және ірірек болады. Қапырық та, жаңбыр да, жел де үйде өсірілетін шалғамға кедергі келтірмейтіндіктен ол әрбір үшінші аптада тұрақты түрде өнім береді. Бір апта оны сатуға кетеді және жаңа ай басталғанда жаңа партиясын өсіруге болады.

Өсірілетін жер кең, жарық, мәселен үйдегі бөлмелердің бірі, жақсы гараж немесе абаттанған жертөле болуы керек. Шалғамды қыстың күні өсіру үшін топырақ,  жәшіктер және оның тұқымы керек. Топырақтың кез келгені жарайды, тіпті бақшадан да алуға болады, ең бастысы онда арамшөп болмауы үшін оны електен өткізіп алу керек. Жәшіктерді оргалиттен жасауға, ал тұқымды дүкеннен сатып алуға болады – олар жыл бойы сатылады. Бөлмелерде  барлық қабырғаларға сөре жасап, ортасына стеллаждар қойған жөн. Содан кейін жәшіктерді електен өткен топырақпен толтырып шалғамның тұқымын отырғызу керек. Бірақ өсімдіктердің аз уақыт ішінде бір-біріне кедергі келтіруіне алып келетін тығыздап отырғызудан сақтану үшін,  тұқым егудің алдында қатарларды маркермен өлшеп белгілеу қажет, содан соң ғана белгіленген ұяшықтарға 1 тұқымнан сепкен дұрыс. Алайда, тұқымның өнгіштігін тексеруді ұмытып кетпеңіз, ол 85%-дан төмен болмауы керек. Ерте сорттылар үшін өсімдіктердің арақашықтығы 5х5 см. Жазғы сорттылар үшін қатарлап егу кезінде – 7х7 см сақтаған, маркерсіз жоғарыда көрсетілген қашықтықта жиектеу қажет.

Жаңадан бастап жүрген көпшілік бақшашылар өсімдік арасын уақытылы сиректетпеген үшін шалғамнан мол өнім ала алмайды. Өсімнің алғашқы кезеңінде көп суғарудың қажеті болмайды, бірақ тамыр жемісі қалыптаса бастаған кезден ұдайы суғарған тиімді. Су жетіспеген жағдайда тамыр жемісі ұсақ, ағаш сияқты, ұзын кедірлі түбірге айналып шығады. Суғарудан бөлек аптасына бір рет минералдармен тыңайту қажет. Ал үш апта өткен соң өнімді жинап, сатуға шығаруға болады.

4. Өткізу нарығы. Шалғамды сататын уақыт келгенде оны кез келген көкөніс дүкендеріне, базарларға  өткізуге болады. Бәлкім, сіз үнемі барлық өнімді бірден сатып алатын, Сізбен келісім жасайтын саудагерді тауып аларсыз. Ондай жағдайда, өзіңіз өсірген өнімнің барлығын бірден нақты ақшаға өткізесіз және табысды есептеп, сатып алушыны іздеп шаршамайсыз. Орнықтылық үшін газетке жарнама беріп қоюға да болады, оны мынадай мазмұнда жазса орынды сияқты: «Шалғамды көтерме бағада сатамын» ары қарай оның дәмділігі мен ағза үшін маңыздылығы туралы бір-екі ауыз сөз қосқан артық болмас. Барлық жақын маңдағы мейрамхана, дәмханаларға өзіңіздің ұсынысыңызды айтып, қоңырау шалып шығыңыз, мүмкін олар шалғамды үнемі алып тұру үшін сізбен келісімшарт жасағысы келер.

5. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:
* Тұқымы – 10 қорапша (10 данадан) х 350 теңге (1 қорапшаның құны) = 3500 теңге.

* Минералды тыңайтқыштар (1 қорапша) = 250 теңге.

* Жәшіктер -10 дана х 100 теңге = 1000 теңге.

Барлығы: 4 750 теңге

5.2. Табыс:

Жазда шалғам сату 1 байламы (5 шалғам) – 150 теңге,  20 байлам үшін барлығы = 3 000 теңге.

Қыста 1 байлам үшін  – 400 теңге, 20 байлам үшін барлығы  = 8 000 теңге.

Қосымша ақпарат: Жұмыртқа коробкаларында редиска (шалғам) өсіру

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *