Шағын полиграфия

1. Жалпы ақпарат. Күн сайын әртүрлі тауарлар мен қызметтер ұсынатын жеке фирмалардың көптеп ашылуы полиграфиялық қызметтің дамуына себепші болып отыр. Фирмалар брошюралар, буклеттер мен үнпарақтар түріндегі түрлі жарнаманы, бухгалтерлік есептілікті жүргізу үшін көп көлемде түрлі бланкілер мен формулярларды қажет етеді. Сондықтан да полиграфиялық қызметтерге сұраныс артып отырған осы кезеңде  бұл бизнес түрімен айналысу, нарықтық  конъюнктура тұрғысынан алып қарағанда, өзін‑өзі ақтайтын болады.

2. Ғимарат. Типографияны орналастыруға келетін болсақ, онда ең тиімді орындар – бизнес‑орталықтар, білім беру мекемелері және т.б. Шағын типография 30-40 шаршы метрден артық жерді қажет етпейді.  Климаттық жағдайларға да назар аудару қажет, олар жұмысыңыздың ерекшелігіне сай болуы керек. Желдеткіш пен ауасорғыш жүйесі дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Бұл бизнесті ұйымдастыруда тұрғын үйлерден аулақ жүрген жөн, өйткені тұрғындармен көптеген проблемалар болып қалуы мүмкін. Типография қолжетімді жерде орналасқаны жөн және клиенттер тапсырыс беру үшін, дайын өнімін алып кету үшін рұқсат қағазын алып, белгілі бір өнеркәсіп аумағында жүріп қалмай, сіздермен жұмыс істеу барасында мүмкіндігінше аз уақыт жұмсауы керек.

3. Құрал-жабдықтар мен материалдар. Шағын типография үшін құрал-жабдықтар таңдау барысында келіп түсетін тапсырыстар көлемі өндіріс қуатының оңтайлы жүктемесін қамтамасыз ететіндей болу керектігін ескеру қажет.

Шағын типографияны жабдықтауды ең қымбат машиналардан бастамай, даму мен тәжірибенің жинақталуына байланысты жетіспейтін құрал-жабдықтарды шетінен сатып алып отырған жөн. Типографияның баспалық қызметінің негізгі бағытына сәйкес құрал-жабдықтарды таңдау бірнеше өлшемдер бойынша жүргізілуі мүмкін.

Егер типография көп жағдайда ақ‑қара материалдар шығаратын болса, онда ризограф иелену пайдалы. Ризограф жұмысының жылдамдығы мен үнемділігі арқасында шағын типографияларда кеңінен пайдаланылатын танымал құрал болды. Жеке басылымның өзіндік құнының, энергия шығынының төмендігі, экологиялық тұрғыдан зиян еместігі, шығын материалдарының қолжетімділігі ризографтың негізгі басымдықтары болып табылады. Бұдан бөлек, ризографты пайдалану баспа үдерісін дайындауда қосымша шығынды және дербес арнайы оқытуды талап етпейді.  Бұл машиналар «талғаусыз қоректенеді» және кез келген сападағы, арзан және жұқа қағаздан бастап картонға дейінгі қағазбен жұмыс істей алады.

Полиграфия қызметі нарығының бірқатар мамандары қайтадан құрылған типография үшін негізінен жаңа ризограф алу керектігін алға тартады. Бұл оған иелік етушіні өндірістің басты элементінің мүмкін болатын сынып қалулары мен тоқтап қалуларына қатысты проблемалардан құтқарады.

Егер типография одан да қиын тапсырыстарға мамандануға ниет етсе, онда ризографтың орнын басатын құрылғы – күрделі  түстерді құра алатын, оларды араластыратын, сондай‑ақ ауқымды тапсырыстарды орындай алатын толыққанды офсеттік машина.

Офсеттік машинаны пайдалану, ризографты пайдалануға қарағанда қымбатқа түседі, бірақ сапа мен өнімнің өзіндік құнының арақатынасы сенімді түрде бұл олқылықтың орнын толтырады.

4. Қызметкерлер. Қызметкерлерді таңдау барысында үміткерлерге жоғары талап қойыңыз. Сіздің дамуыңыз көбінесе баспашыға байланысты. Әдетте штатта мынадай қызметкерлер болады: баспашы, оның көмекшісі, маман, кесуші, тапсырыс бойынша менеджер. Баспашы маманының жалақысы жоғары болғанымен, оны табу оңай емес. Өйткені оның еңбегі ауыр әрі үнемі бояумен жұмыс істейтіндіктен денсаулығына зиян. Сонымен, сіздің типографияңыздағы басты қызметкерлер – баспашы мен тапсырыс жөніндегі менеджер. Әдетте, тапсырыста күзге қарай және жыл басына қарай көбейеді.

5.     Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:

– ризограф, моделіне байланысты – 450 000 теңгеден жоғары.

– кескіш, моделіне байланысты –  10 000 теңгеден жоғары.

– ламинатор, моделіне байланысты –  12 000 теңгеден жоғары.

– брошюрашы –  20 000 теңгеден бастап.

– ғимарат жалдау 30 м² – 80 000 – 90 000 теңге.

– қағаз, бояу –  150 000 теңгеден жоғары.

Барлығы: шамамен 750 000 теңге.

5.2. Баспа өнімдерінің негізгі түрлерінің орташа өзіндік құны:

– Парақша: формат А4, толық түсті, 2-жақты басып шығару, жылтыр, 500 дана, өзіндік құны – 40 000 теңге, соңғы баға – 55 000 теңге.

– Журнал: А4, 48 жолақ, қара-ақ, түрлі түсті мұқаба, 1 000 дана, өзіндік құны – 110 000 теңге, соңғы баға – 160 000 теңге.

– Буклет: А3, 1000 дана, өзіндік құны – 42 000 теңге, соңғы баға  – 60 000 теңге.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *