Дара кәсіпкерлерге салық саласындағы заң бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған ба?

86157_240Егер де дара кәсіпкер 2 мың айлық есептік көрсеткіштен (3 462 000 теңгеден) асатын салық немесе міндетті төлемдерді төлеуден жалтарса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 221-бабына сәйкес азаматтың (оның ішінде дара кәсіпкердің) декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларация табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы не салық салынуға тиісті мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы,

егер бұл әрекет ірі мөлшердегі салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса, –

екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

2013 жылға айлық есептік көрсеткіш 1 731 теңге мөлшерінде белгіленген.

Айта кету керек, егер төленбеген салық немесе міндетті төлемдер сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асса, азаматтың салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлемеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады.

Author: Vitaly Zhirov