Сайт-визиткалар жасау

сайт визитка жасауСайт жасау дегеніміз – сайт дизайнын, сайтты толтыратын функционалды және мазмұнды тұжырымдаманы, сайттың беттерін жасаудан, басқару жүйесін мазмұнға қосудан, сайтты мазмұнмен толтырудан, дайын сайтты серверге орналастырудан тұратын кешенді қызмет көрсету.

Өз қызметтері мен тауарларын сатудан табыс алғысы келетін бизнес иелері қазіргі бәсекелестік жағдайында сапалы PR-компаниясыз алға басуға болмайтынын білсе керек. Бүгінде интернетке жарнама берудің түрлі әдістері бар. Бизнесмендер жалпы жарнаманың мынадай түрлерін таңдай алады: теледидар, радио, журнал мен газет жарнамасы, дала мен көліктегі жарнамалық қалқандар. Сайт дайындаудың технологиялары өзгеріп тұратынын ескерсек, қазіргі таңда ең тиімді жарнама болып интернетке орналастырылған жарнама есептеледі, PR-компанияның бұл түрі бүгінгі күні ең тиімді және қолжетімді болып табылады.

Сайт-визитка – мекеменің имиджі. Сіздің оны жарнамалауыңыз, мақтанышпен көрсете алуыңыз немесе қарапайым визитканың өзіне жазуға ұялуыңыз сайт-визитканың қандай болатынына байланысты.

Сайт-визитка қандай мәселелерді шешуге септігін тигізуі керек? Әдетте оны жасату кезінде төмендегі функциялардың болуын ұсынады:

  • көрсетілетін қызметтер мен өндірілетін өнім туралы аудиторияны ақпараттандыру;
  • компания өніміне деген сұранысты арттыруға ықпал ету;
  • брендті жарнамалау;
  • кері байланыс арқылы тұтынушылармен қарым-қатынас орнату;
  • маркетингтік мәліметтерді жинау құралы қызметін атқару.

Мекемелердің виртуалды визиткалары болып саналатын сайт дизайнын жасау барысында фирманың белгілері: логотип, эмблема, монограмма орналастырып, ұжымдық түстер қолданылады.

Сайт-визитка орындалу жағынан баптық немесе қарқынды болады.  Бірінші нұсқасы қаржылық жағынан тиімді, алайда болашақта өзгертулерді енгізу барысында белгілі бір қиындықтар болуы мүмкін. Мазмұнды басқару жүйелері базасы негізінде сайт визиткаларды дайындау web-ресурсты толтыруды сайт иесіне мамандардың көмегіне жүгінбей, өз бетімен жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл сайт-визитка иелері үшін қолайлы нұсқа болып табылады.

Ғимарат. Аталған бизнес түрі үшін арнайы орынның қажеті жоқ. Мұндай қызметпен сіз үйде өз компьютеріңіздің алдында отырып-ақ айналыса аласыз.

Технология. Сайт визитка жасау үшін не қажет?
– сайт туралы бастапқы ақпаратты жинау;
– 
орындаушының техникалық тапсырманы құрастыруы;
– техникалық тапсырмаға, күнтізбелік жоспарға,  келісім-шартқа екі жақ тарапынан қол қою;
– макетті таңдау немесе сайт дизайнын жасау;
– хостингті орналастырудың орнын (интернетте сайт орналастыру) таңдау;
– домендік атауды тіркеу.

Сайт жасау – күрделі әрі шығармашылық процесс. Құны тапсырыс берушінің таңдауына, әр жобаның ерекшелігіне, сайттың мақсатына, бағыты мен күрделілігіне байланысты. Базалық ұсыныстар белгіленген жиынтықта сатылатынын, барлық бағалардың соңғы болып табылатынын есте сақтаңыз.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:
Жақсы компьютер – 50 000 теңгеден бастап.
Лимитсіз интернет – айына 4 000 теңге.

Табыс:
Құрылымы жағынан қарапайым сайт-визитка –15 000 теңгеден жоғары.

Мұндай сайт-визиткаларды жасау үшін 3-4 күн кетеді, яғни айына 6-7 сайт-визитка жасалса* 15 000 теңге = айына сіздің табысыңыз 90 000 теңгені құрауы мүмкін.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *