Пластик терезелерді реттеу

Пластик терезелерін реттеу – терезені орнатқаннан кейін де,  қолдану барысында да қажет болып қалатын қызмет түрі.

Пластик терезелерін не үшін реттеу керек?

Бірінші себеп – бұл қабырғалардың отыруы, яғни терезе жармасы жақтауға кей тұста тиіп тұрады.

Екіншіден, пластик терезелері дұрыс жабылмайды, яғни терезені алғашында дұрыс орнатпаған; ұсақ-түйек заттар немесе нақты бір ілгектері орта деңгейде тұрған жоқ (аз кездесетін жағдай).

Үшіншіден, көп уақыт бойы қолданыста болған терезе тығыздағышы нығыз тұрмайтындықтан жел өтіп тұрады.

Үш жағдайда да, белгілі бір шараларды қолданбас бұрын терезені жай ғана реттеп жөндеп көру керек.

Реттеудің технологиясы. Жабылған кезде терезе жармасы жақтауға тиіп тұрған нұсқаны реттеудің әдісін қарастырып көрейік. Ол үшін арнайы алты қырлы құрал қолданылады.

Бірінші кезең: үстіңгі ілгекті (кері итеру механизмі болып табылады) яғни, жарма жақтауға қосылған тұсты, жарманың асты-үстіне қарай жылжыту арқылы реттеу керек. Реттеуді жүзеге асыру үшін, терезені ашамыз, реттеу бұрандасын (ол жармада орналасқан) табамыз да, алты қырлы құралмен бұраймыз. Одан кейін терезені жауып көреміз, керек болса қайтадан реттейміз.

Екінші кезең: астыңғы ілгекті жарманың асты-үстіне қарай реттейді. Оны реттеу үшін пластик жақтауында орналасқан астыңғы бұранданы бұрайды. Ал жарманы асты-үстіне қарай реттеу үшін терезенің жармасында орналасқан алты қырды айналдырамыз.

Үшінші кезең: жарманың терезе жақтауына қалай қосылып тұрғанын анықтап алу керек. Жарманың бүйір жағындағы терезені жабатын механизмдерді (жарма бойында ондай бірнеше механизм бар) тауып аламыз, оны жапқан кезде, жақтауға кіретін басын  (бұрағыш не алты қыр көмегімен) айналдырамыз. Басы эксцентрик күйінде жасалғандықтан, жарманың жақтауға қосылған тұсын реттеуге мүмкіндік береді.

Сіз көрсететін қызмет түрлері:
– қарапайым құлыптарды күрделі құлыптарға ауыстыру;
– бұзылған шыныпакеттерді ауыстыру;
– терезе бекітулерін реттеу;
– жөндеуге келмейтін жарманы алып тастау;
– резеңкелі аралық қабатты ауыстыру.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:
– құрал-саймандар – 5 000 теңге.
– жақтауға арналған резеңке –1 метр– 20 теңге х 100 м = 2 000 теңге.

Табыс:
– бір терезені реттеу – 1 000 теңге.
– бір терезенің резеңкесін ауыстыру – 200 теңге.
– бір терезенің шынысын ауыстыру – 1 000 теңге.
– бір құлыпты ауыстыру – 200 теңге.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *