Қазпошта кәсіпкерлерге ыңғайлы және тегін электрондық поштаны ашты

post

Соңғы кездері “Қазпошта” АҚ кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірқатар бірегей жобаларды іске асыруда. Атап айтқанда, постаматтар ашылды, хаттар мен посылкаларды жөнелту жүйесі жеңілдетілді, оларды интернет арқылы бақылап отыру мүмкіндігі енгізілді, postmarket қызметі іске қосылды.

Жаңа ашылған Post.kz порталы мемлекеттік органдарды, кәсіпкерлік ортаны және халықты бірыңғай байланыс алаңына біріктіретін болады.
Бұл алаң абоненттік жәшік нұсқасында, электронды түрде іске қосылып, керекті хаттар мен хабарландыруларды, мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен халық арасындағы құжаттарды жеткізуге арналған. Continue reading

«Шағын бизнестің сенбісін» өткізу уақыт талабы

10613016_907295682621689_2733684506404617622_n2010 жылы 27 қарашада АҚШ-та American Express компаниясы «Шағын бизнестің сенбісін» («Small Business Saturday») тағайындады. Бұл бастаманың басты мақсаты – тұрғындарды жергілікті жерлердегі шағын кәсіпкерлік орындарында сауда жасауға үгіттеу арқылы оларды қолдау. «Small Businesses Association» қауымдастығының мәліметінше соңғы 20 жылда ашылған жаңа жұмыс орындардың 65% шағын кәсіпкерлікке тиесілі.

«Шағын бизнестің сенбісі» Facebook, Twitter сияқты әлеуметтік желілерде қызу насихатталды, арнайы сайт пен парақшалар ашылды. Алғашқы болып тіркелген 10 мың фирмаға Facebook компаниясы 100 долларға тегін жарнама ұсынды. Қазіргі таңда Facebook-тағы жобаның парақшасының 3,5 миллионға жуық қолдаушысы бар. Сонымен қатар, #SmallBizSaturday Twitter-егі ең жиі қолданылған хештегтердің тізіміне енді. Continue reading

Стив Джобстан табысқа жетудің 12 қағидаты

табысқа жету

  1. Сүйікті ісіңмен айналыс.
  2. Ешкімге ұқсама. Қалыптан тыс ойла.
  3. Немен шұғылдансаң да, барынша жақсырақ істеуге тырыс.
  4. SWOT-талдау жаса.
  5. Іскер бол.
  6. Кішкентайдан баста, үлкенді арманда.
  7. Көшбасшы болуға талпын.
  8. Нәтижеге жетуге зейін қой.
  9. Әр түрлі көздерден кері байланыс алуға тырыс.
  10. Жаңалық енгіз.
  11. Сәтсіздіктерден ғибрат ал.
  12. Үнемі біліміңді шыңда.

Бизнес туралы 15 қызық дерек

зәйтүн1. Сейсенбі – жұмыс аптасының ең өнімді күні.

2. Күніне 65 адам миллионер болуда.

3. 20 пайызға жуық миллионерлер ешқашан университетте оқымаған.

4. Әлемде күнде жаңа 33 тауар пайда болады, олардың 13 – ойыншықтар.

5. Статистика бойынша 90 пайыз ресторандар ашылғаннан кейін бірінші жылда жабылады. Continue reading

Әжетхана мәселесі шешілмеген ел ешқашан дамымайды

әжетханаБүгін 19 қараша – Дүниежізілік әжетхана күні екен деп күлеміз.
Шынтуайтында, әлі де болса біраз елдер туалет тауқыметін көруде. Әрбір үндістің үйін әжетханамен қамтамасыз етуді сайлауалды бағдарламасына енгізген Нарендра Моди сайлауда жеңіп, Индияның премьер-министрі болып тағайындалды. “Индияны тазарту” науқаны аясында 100 млн туалет салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 1,28 млрд үндістің жартысына жуығы далаға дәрет сындырады. Бұл өз кезегінде экологиялық жағдайды ушықтырып, көптеген аурулардың тарауына септігін тигізіп отыр.
Туалеті жоқ адамда намыс қайдан болсын. Туалет жоқ болса, рухы тапталады, ұяты қашады. Намысы, рухы жоқ халық қайдан дамиды?
Сондықтан, бүл күнге түсіністікпен қарайық.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

kasipkerlik kodeks2015 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне қол қойылды.

Қабылданған Кодекс Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Негізгі мақсат – бизнесті жүргізуге барынша оңтайлы жағдай жасау, инвестициялар ағынын ынталандыру, кәсіпкерлікті қолдау.

Кәсіпкерлік кодекс сегіз бөлім, 34 тарау және 465 баптан тұрады. Онда кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі және мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының жаңа тәртібі белгіленген.

Кодекс 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және келесі 6 заңның күші жойылады. Олар:

1) «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» Заң;
2) «Инвестициялар туралы» Заң;
3) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заң;
4) «Бәсекелестік туралы» Заң;
5) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заң;
6) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заң.

2015 жылғы 29 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің толық нұсқасын мына жерден жүктеп аласыз.

GDE Ошибка: Ошибка при загрузке файла - При необходимости выключите проверку ошибок (403:Forbidden)

Жеті атаны білу деген не?

7атаКеңестік заманда алыстағы ауданның бірінің мал отарларын аралап жүрген журналист пен совхоз директоры қоналқаға бір шопанның үйіне түсе қалады.

Дастархан басында жиналғандар «Осы біз кімбіз?» деген сұраққа жауап іздейді.

Әңгіме барысында совхоз директоры тек-пектің қажетін түсінбейтіндігін, «Шырағым, қай туған боласың», – деп сұрайтын жаман шалдарды «Бірегей бір халықты етпексіз бе құрама? Сіз аға да, мен іні, руымды сұрама!» – деп тыйып тастайтынын айтады. Continue reading

Дара кәсіпкерді қалай тіркеуге болады?

Жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу салық органында дара кәсiпкер ретiнде есепке қою арқылы жүзеге асырылады.

Дара кәсiпкерлер келесі шарттардың біріне сай келетін болса, онда мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады. Бұл шарттар:

1) тұрақты негiзде жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдалану;

2) 2015 жылға жеке кәсiпкерлiктен есептелген жылдық жиынтық табысы 256 368 теңгеден асу (ең төменгi жалақының 12 еселенген мөлшерi х 21364 теңге).

Бұл дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызмет жасауына тыйым салынады.

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.

Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Ип каз 1

Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тіркеуші органға:

1) дара кәсіпкерді тіркеу есебі туралы салықтық өтініш;

2) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшiн 3704 теңге мөлшерде алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

3) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат ұсынады. Continue reading

2015 жылға базалық мөлшерлер

2015 жылғы 1 қаңтардан келесі базалық мөлшерлер бекітілді:

1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 21 364 теңге;
2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 11 182 теңге;
3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 23 692 теңге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) –1 982 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 21 364 теңге болып белгiленсiн. Continue reading

Бай және табысты адамдардың 18 дағдысы

бай болу

Бай болам десеңіз табысты адамдардың бірнеше дағдысын үйреніп алыңыз. Табыс пен байлықтың құпиясын жасырған дағдылармен танысайық.

1. Барлық проблемаларыңызды барынша қысқа мерзімде шешу, кейінге қалдырмау, созбау, ушықтырмау. Әдетте, проблеманың салдарын жоюдан гөрі оны бастапқы кезінде реттеуге аз күш-жігер кетеді. Қателесетін болсаңыз да шешім қабылдаудан қорықпаңыз, бұл ешқандай шешім қабылдамағаннан жақсы. Көп ойланып-толғанудан арылыңыз. Бір ой келсе, ол жайдан-жай келген жоқ, сылтау іздемей, мүмкіншілік жасаңыз. Бай болу үшін басқалардан көп еңбек ету керек, сонда ғана табысқа жетесіз.

2. Басқаға емес, өзіңе жұмыс істеу. Біреуге құл болғыңыз келмесе, өз игілігіңізге еңбек етіңіз. Сонымен бірге сүйікті іспен айналысуды жұмыс деп атауға болмайды. Continue reading