Мысыр тауығын өсіру

Мысыр тауығы цесаркиМысыр тауығы (цесарка) – батыс Африкадан шыққан, тауық тұқымдастарына жататын үй құсы. Мысыр тауығы өз тұқымдасы болып табылатын тауық пен үндікке қарағанда жұмыртқа мен жабайы құс дәмін еске түсіретін аминоқышқылға бай, ерекше ет сапасының жоғарылығымен ерекшеленеді. Ересек мысыр тауығының таза салмағы – орта есеппен алғанда 1,5 кг-нан (қоразы), 1,8 кг-ға дейін (ұрғашысы), тәуліктік мысыр тауығы балапанының салмағы – 27-28 г, үш айлығының салмағы – 1-1,3 кг. Жас құстар өздерінің бастапқы салмағын 35-40 есе арттырады. Мысыр тауықтары туу маусымы кезінде 70-120 жұмыртқа табады. Олардың құрамындағы А дәрумені мен каротиноидтар тауық жұмыртқаларына қарағанда 1,5-3 есе көп. Мұнымен қоса, жұмыртқаларының қабығы тауықтікіне қарағанда 1,5 есе қалың және 3 есеге мықты, осының арқасында жұмыртқаны доғал жағымен жоғары қаратып (тамақ ретінде) ұзақ уақыт (жарты жылға не одан көп) сақтауға және кез келген көлікпен айтарлықтай алыс қашықтыққа тасымалдауға болады.

Тұқымдары. Ғалым-селекцияшылар мен  құс өсіруші мамандардың жұмыс нәтижелерінің арқасында  екі тұқымдық топ құрылды: ақ сібір және загор ақтөсі. Мысыр тауығының кез келген тұқымын үй шаруашылығы жағдайында өсіруге болады. Ең бастысы сібір ақ тауығы мен загор ақтөс тауығының сұр-шұбар тұқым түріне қарағанда өнімділігі жоғары екендігін ескеру керек. Бірақ, барлық жағдайларда мысыр тауығының қандай да бір түрімен немесе тұқымдық тобымен шектелу қажет.

Асырау. Мысыр тауығын қарапайым серуендегіші-соляриі бар құс қорада ұстауға болады, бұнымен қоса мысыр тауығының жылы қораларды ұнататынын ескеру керек;  бұл құстар суыққа шыдамсыз, сондықтан қыста құс қораны үнемі жылытып отыру маңызды. Құс қора жарық, құрғақ және жиі желденетін болуы қажет. Еденге 9-10 см  құм төселуі тиіс. Жазда мысыр тауығын жайылуы үшін бақшаға шығаруға болады. Олар күні бойы басқа жемдерді қажет етпестен, шаршамастан әртүрлі жәндіктерді аулаумен болады.

Жем. Мысыр тауығы жем талғамайды, бірақ олардың спецификалық ерекшеліктерін және сұраныстарын ескеру керек. Ересек мысыр тауығы үшін негізгі азық мөлшері 130-150 г. құрама жемнен немесе аралас бидайдан (тары, үгітілген жүгері, жом)  тұрады. Бұдан бөлек, туралған шөп пен көкөніс сабақтары түріндегі жасыл жем де жеуі тиіс. Азық мөлшеріндегі астық жемін түрлі үстелден қалған (піскен картоп, ботқа және т.б.)  тамақ қалдықтарымен алмастыруға болады: наубайшы ашытқысынан шыққан және т.б. Ересек мысыр тауықтарына күніне үш рет жем береді: таңертең сағат 7-8-де, түскі сағат 12-14-те және кешке сағат 18-19-да. Суды астауға құйған жөн, тауықтардағы секілді оны күніне үш рет ауыстыру керек. Қыста 5°С температурадан төмен болмайтын, күн шығып тұрған уақытта оларды аулаға серуендеуге шығару қажет. Ал күн суық кезде көп уақытқа болмаса да, бірақ күн сайын құс қораны желдету барысында мысыр тауықтарын дәлізге немесе галереяға шығарып тұрған орынды.

Мысыр тауығын көбейту. Мысыр тауығы балапандарын шығару үшін инкубаторда тауық балалапандарын алуға есептелгендей қарапайым әдістер қолданылады. Бұнымен қоса, инкубацияның 26-күнінде жұмыртқаларды шығару камераларына шығарады. Шығару камераларындағы ылғалдылық тауық жұмыртқаларының инкубациясынан 5-10% артық болады. Балапандар кеуіп, жүндері үлпілдей бастағанда оларды инкубатордан шығарып, еденіне ағаш үгінділері, газеттер немесе құрғақ құм төселген жылы, алдын ала әзірленіп қойылған қораға жайғастырады. Онда кішкене жем салғыш пен вакуумды астау орналастырылады.

Егер мысыр тауығын  күрке тауық (немесе кішкене үндік) астында өсіретін болса, шаруа жеңілдейді, өйткені бұның балапан басу процесінен еш айырмасы жоқ. Аналық қасиеті бойынша тексерілген күрке тауықты таңдайды. Күрке тауық басып шыққан мысыр тауығының балапаны оған үйреніп алады да, үлкейген шағында оның артынан еш қалмай жүре береді.

Алайда ескеретін жайт, шамамен апталық кезінде мысыр тауығының балапаны ұшуға әрекет жасай бастайды. «Ұшып кетулерден» сақтану үшін тәуліктік жасында-ақ олардың (өсірудің барлық тәсілі бойынша) бір қанаттарының білезігін кесіп тастау керек, мұнда электропышақты пайдаланған дұрыс, өйткені ол көп қан ағуды, жараның ластануын болдырмайды және т.б. Бұндай ампутация құстардың ұшуының алдын алады. Қанатының бір бөлігіндегі ампутацияны қайшымен де жасауға болады, сосын кесілген орынды йод тұнбасымен күйдіру керек. Егер мысыр тауықтары балапандарының бір қанатының білезік ампутациясын уақытылы жасамаса, кейін ересек мысыр тауықтарының бір қанатының желпуішін қысқартады (10-12 см-ге),  ал бұл операцияны жылына 2-3 рет істеп тұруға тура келеді. Мысыр тауығы балапандарына жемді тура кәдімгі балапандарға жем бергендей береді: алғашқы күндері қайнатылған жұмыртқаны, сосын жұмыртқаны сүтті бидай ботқасына араластырып береді. Суды астаушаға құяды. Әрбір 2 сағат сайын аз аздан жем беру керек.

Өнімді сату. Бұл мәселеде мұқият болу керек. Мысыр тауығының еті мен жұмыртқасын базарларға, дүкендерге өткізуге болады, сондай-ақ сіз өнімнің қасиеттері мен сапасын ескере отырып, оны жеткізіп тұру туралы мейрамханалармен, кафелермен және т.б. келісуіңізге болады.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:

– Жоспарланған жем мөлшері – 1 мысыр тауығы үшін жылына шартты түрде 32 кг зауыттан шыққан құс жемі х 20 мысыр тауығы (1 топ мысыр тауығының оңтайлы саны 18 ұрғашы мен 2 қораз есебінде) х 35 теңге (1 кг орташа бағасы) = жылына 22 400 теңге.

– Инкубаторда шығару үшін жұмыртқа сатып алу 100 жұмыртқа х 150 теңге (бір жұмыртқа бағасы) = 15 000 теңге.

– Инкубатор сатып алу – 20 000 теңге.

– Айлық мысыр тауығы балапандарын алу – 500 теңге х 20 тал = 10 000 теңге.

Барлығы: 67 400 теңге.

Табыс:

Жұмыртқа сату. Жылдық орташа жұмыртқалауы 70-120 жұмыртқа (1 мысыр тауығынан) х 25 теңге (1 жұмыртқа бағасы) = 1 750 – 3 000 теңге (бір мысыр тауығының жұмыртқаларын сатудан). Мәселен, Сіз 18 ұрғашы тауық сатып алсаңыз х 1 750 теңге = 31 500 теңге.

Етін сату. Бір мысыр тауығының орташа салмағы 1,5 кг х 1 300 теңге (1 кг үшін орташа бағасы) = 2 000 теңге бір мысыр тауығы үшін.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *