Медициналық тексеруден өту не үшін қажет және одан қалай өтуге болады?

Адам барлық қиындықтардан сақтана алмайды, сондықтан да медициналық бақылау мен қызмет көрсету басымдықтардың ішінде алдыңғы орындарға ие.  Көбінесе дер кезінде қойылған диагноз бен уақытында емделу өміріңді қорғап қалуы мүмкін, сондықтан да профилактикалық медициналық тексеруден өтуді жыл сайын ережеге айналдыру қажет. Медициналық тексеруден өту үшін Сізге тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша немесе өз таңдауыңыз бойынша тіркелген емханаға баруыңыз қажет.

Сіз емханадан скринингті медициналық тексеру туралы естуіңіз мүмкін. Бұл әрбір ауру түрі бойынша қиын (тәуекел) топтарға кіретін тұрғындардың жеке жыныстық-жастық топтарының жаппай тексеруден өтуі дегенді білдіреді.

Мысалы, 18, 25, 30 жас шамасындағы ерлер мен әйелдерге – терапевтің, электрокардиограмма, биохимиялық зерттеу, холестерин мен триглицеридтің деңгейін анықтау сияқты тексеруден өту міндетті. 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65 жас шамасында да терапевтің, электрокардиограмма, биохимиялық зерттеу, холестерин мен триглицеридтің деңгейін, қандағы қанттың құрамын анықтау сияқты тексерулер міндетті түрде жүргізіледі. Барлық көрсетілген зерттеулер қан айналым процесіндегі ауруларды табу (жүректің ишемикалық ауруы, артериялық гипертония) мақсатында жүргізіледі. Себебі, дәрігерлердің айтуынша біздің еліміздегі өлім көрсеткіші артериялық гипертензия (қан қысымының көтерілуі) бойынша ең жоғарғы болып отыр.

Ересектердің мақсатты топтарын профилактикалық тексеріп-қарау: тексеріп-қарау, анамнез деректерін жинау, антропометриялық өлшеу (бойы, дене салмағы, белдің шеңбері), жылына 1 рет артериялық қан қысымын өлшеу; қырық жастан бастап жылына 1 рет көру жітілігін анықтау, қырық жастан бастап жылына 1 рет есту жітілігін анықтау, екі жылда бір рет қалқанша безді тексеріп-қарау және пальпациялау (эндокринолог), қырық жастан бастап жылына бір рет көзіші қан қысымын тексеру, отыз жастан бастап жылына бір рет тік ішекті саусақпен зерттеу (хирург), қырық жастан бастап жылына бір рет қуық асты безін саусақпен зерттеу (хирург), он сегіз жастан бастап тазалық дәрежесін анықтау үшін жағынды алумен әйелдерді гинекологиялық тексеріп-қарау (акушер-гинеколог), акушер-гинеколог болмаған жағдайда 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдердің цитологиялық зерттеуге жатыр мойынынан жағынды ала отырып (Рар-тест – Папаниколау бойынша бояу) гинекологиялық тексеруді қамтиды.

Профилактикалық тексеріп-қарау кезінде зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізіледі: қанның жалпы талдауы: жылына 1 рет эритроциттердің, гемоглобиннің, лейкоциттердің тұну жылдамдығын анықтау, жылына бір рет зәрді нәруызға тексеру, жылына бір рет нәжісті глист жұмыртқасына тексеру, жылына бір рет кеуде жасушасы органдарын флюорографиялық тексеру, қырық жастан бастап жылына бір рет қандағы глюкозаны тексеру, қырық жастан бастап жылына бір рет электрокардиографияға түсіру, қырық жастан бастап жылына бір рет фиброгастродуоденоскопияға түсіру кіреді.

35, 40, 45, 50, 55, 60, 65 жас шамасындағы әйелдерге келесі зерттеу түрлерін өту қажет: онкоцитологияға жағынды  (бұл зерттеуді өткенде жатыр мойны ісігінің даму тәуекелі жоғары әйелдер білінеді). 50, 52, 54, 56, 58, 60 жаста сүт безінің ісік алды процесін білу мақсатында маммография, яғни сүт безінің рентгені, кеңейтілген кольпоскопия (жатыр мойнын зерттеу) және гинеколог дәрігерге көріну жүргізіледі. Қазіргі таңда әйелдер арасында бұл аурулар жас шамасына қарамастан, өлім қаупі бойынша бірінші орынды алып отыр.

Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балалар үшін келесі мамандардың профилактикалық тексеруі қарастырылған. Сәбилерді өмірінің бірінші жылында: хирург-ортопед, ЛОР, невролог, офтальмолог;
2 жасында: стоматолог, офтальмолог;
3 жасында: хирург-ортопед, офтальмолог, стоматолог;
4-5 жасында: стоматолог;
6 жасында: хирург-ортопед, ЛОР, стоматолог, офтальмолог, невролог;
7 жасында: стоматолог;
8 жасында: эндокринолог, стоматолог;
9 жасында: хирург-ортопед, ЛОР, стоматолог, офтальмолог;
10 жасында:  эндокринолог, стоматолог;
11 жасында:  хирург-ортопед, ЛОР, офтальмолог, невролог, стоматолог;
12 жасында:  стоматолог;
13 жасында: стоматолог;
14 жасында: хирург-ортопед, ЛОР, офтальмолог, невролог, стоматолог
15-17 жасында: қыздар –  стоматолог, гинеколог, жігіттер – хирург-ортопед, ЛОР, невролог, стоматолог, офтальмолог маманның алдынан өткені жөн.

Тұрғындарға бекітілген барлық қаралулар, зерттеулер тегін! 18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын скрининг бойынша медициналық тексерулер тегін жүргізіледі.

Скринингтік медициналық тексерулерді өту міндетті, өйткені бұл іс-шаралардың мемлекеттік маңызы бар әрі мемлекет есебінен қаржыландырылады.

Онымен қоса, медициналық тексерулер еңбекті қорғау талаптарының бірі болып табылады. Бәрінен бұрын, медициналық тексерулер жұмысшының өз кәсіби функцияларын денсаулығына залал келтірмей орындауын бағалауға мүмкіндік береді. Медициналық тексерулер кәсіби аурулардың бастапқы белгілерін дер кезінде тауып, емдеуге және оның дамуының алдын алуға мүмкіндік береді. Жұмыс беруші медициналық тексерулердің көмегімен зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі жағдайында жұмысшысының денсаулығын бақылауға мүмкіндік алады.  Бұл жұмыс берушінің кінәсінен алдағы уақытта кәсіби аурулардың пайда болуының алдын алады.

Медициналық тексерулер алдын ала (жұмысқа тұрғанда), мерзімдік (мысалы, жыл сайынғы) және кезектен тыс деп үшке бөлінеді. Алдын ала медициналық тексерулер жұмысқа тұрғанда жүргізіледі. Мерзімдік медициналық тексерулерден жұмыс ағымында, кем дегенде екі жылда бір рет өту керек, ал 21 жасқа дейінгі қызметкерлер жыл сайын өтуі тиіс. Кезектен тыс тексерулер, көбінесе медициналық ұсыныстар болған жағдайда  жұмысшының өтініші бойынша болады.

Тексеру тізімі жұмысшының атқаратын жұмысына және қандай зиянды фактордың әсеріне душар болуына байланысты болады.

Медициналық тексерудің өтуге міндетті түрлері де бар. Мысалы,

* Баланы медициналық тексеру. Медициналық тексеру бала мектепке немесе балабақшаға барғанда міндетті түрде жүргізілетін іс-шара болып табылады. Сондай-ақ бұл бала денсаулығын қалыптасыру мен нығайтудың нақты мүмкіндігі. Дәрігерлер 17 жасқа толғанға дейін балаларды жылына бір рет медициналық тексеруден өткізуді ұсынады;

* Әскер қатарына шақырылғандардың медициналық тексерулері. Әскерге шақыру жасындағылар, шақырту қағазын алғаннан кейін әскери қызметті өтеуге жарамдылығын анықтау үшін медициналық тексеруден өтуі қажет;

* Шетелге шығар алдында және т.б. сақтандыруларды алу үшін қажетті медициналық тексерулер.

Сіз қай медициналық тексеруден өтуіңізге байланысты, оны өту сіздің медициналық кітапшаңызға әр дәрігердің белгілеуі арқылы немесе арнайы форманың толтырылуы арқылы жүзеге асады.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *