Қырғауыл өсіру

Құстар – Алла жаратылыстарының ішіндегі тамаша туындылардың бірі. Олар шапшаңдығымен, сыртқы сымбаттары мен сұлулықтарымен көз тартады. Қырғауыл – ең әдемі құстардың бірі. Ол  оңтүстікте кездесетін құс, алайда оны еденіне құм төселген, аналығы жұмыртқа салу үшін шөп салынған күркешесі бар ашық торлы қораларда  жыл бойы өсіруге болады. Мұның бәрін үй маңындағы учаскеде жасауға әбден болады.

Тұқым түрлері. Азия аумағының кең көлемін мекендейтін қарапайым қырғауылдың (Phasianus colchicus) қанаттарының бояулары арқылы ерекшеленетін 30-ға жуық түрлері бар. Жалпы дене тұрқы тауыққа ұқсас болады, одан айырмашылығы ұзын құйрықтары ғана. Қырғауыл қанаттарында  алтын, қою-жасыл, қызғылт-сары, күлгін және басқа да түстер кездеседі.   Құйрығы сарғылт-қоңыр, жолақты болып келеді

Өсіру. Қырғауылдарды әдетте торлы қораларда ұстайды. Ағаш немесе темір тіректерге үш жағынан сым торларды керу арқылы тор қораларды қолдан жасап алуға болады. Қораның төртінші қанаты жағында тақтайдан жасалған сарай болады. Қырғауылға арналған қораның төбесін тормен кейде құстарды жауын мен ыстықтан қорғау үшін шатырмен жабады. Жалпы, қырғауылды орналастыру ережесі бойынша 1 м2 жерге  0,9-1,1 келеді. Оларды жұбымен, үйірімен ұстайды.

Қырғауылды күтуді құстар үнемі тоқ әрі тазалықта болатындай етіп ұйымдастыру керек. Тор қораны тазалықта ұстау – құс денсаулығын сақтаудың негізгі шарттарының бірі.

Қыс мезгілінде өсіру. Қораны арасына жылу сақтайтын жабын салынған екі қабатты тақтайлардан жасайды, оның терезесі мен желдеткіші болуы керек.  Мұндай жылы жабындар шатыр мен төбенің арасына да салынады. Қораға жылытқыш құралдар орнатып, электр жарығын жүргізеді. Қыста күн жылы кезде жылу сүйетін қырғауылдарды тор қораға, күн көзіне шығаруға болады, алайда сарай есігі үнемі ашық болуы керек, өйткені қай жерде ыңғайлы болатынын құстардың өздері таңдайды.

Жем беру. Жемдерді түрлі топтарға бөледі, дәнді: жүгері, сұлы, арпа, бұршақты, шөпті: көк шөп (жоңышқа, беде, бұршақ, жас қалақай). Көк шөпті қырғауылдарға жаңадан шабылған жас күйінде, ұнтақтап немесе басқа жеммен араластырып, сулы быламық ретінде беру қажет. Жас шөпті жеке жем салғышқа салып та беруге болады. Қырғауыл балапандарының әр басы күн сайын 5-15 гр. жас шөп жесе, ересек қырғауылдар – 20-30 гр тұтынады.

Жас шөп каротиннің, түрлі дәрумендердің, көбіне ақуыздың қайнар көзі болып табылады. Қырғауылдың балапандарына мал жемдері ерекше қажет. Қырғауыл азығы үшін ұйыған сүт, ірімшік, қаймағы алынған сүт, ацидофильді сүт секілді сүт тағамдары да пайдаланылады. Балықты, балық ұнын алдын ала қайнатып, ұнтақтап береді.

Көбейту. Қырғауылдың ұрғашысы сарғыш-қоңыр түсті, жасыл теңбілдері бар  7-ден 18 жұмыртқаға дейін салады. Жұмыртқасының түрі мен үлкендігі өзгеріп отырады.  Жұмыртқасының ұзындығы  – 42-46 мм, ені – 33-37 мм. Жұмыртқаның орташа салмағы – 30-35 гр. Жұмыртқа  басуының ұзақтығы 21-ден 27 күнге дейін жалғасады. Қырғауыл ұясы топыраққа тереңдете төселген собық, бұтақшалар, құс қанаттарынан тұрады.

Кішігірім шаруашылықтар мен бақша учаскелерінде қырғауыл балапандарын карлик (қортық) тұқымдас тауықтар (бентамка) мен үндіктер, т.б. күріктету арқылы көбейткен оңай. Күріктегіш құс балапандарды қыздырады, қауіп-қатерден сақтайды, ауладан олар үшін жем табады, әр уақытта өз жанынан тастамай, қарайлап, құстарды өсіруді біраз жеңілдетеді. Қырғауыл балапандарын күрік тауық арқылы көбейткен кезде ұялық бақшада ұстайды.

Ұялық бақша алдыңғы қабырғасы тұтас ағаштан кейде қырғауыл балапандары емін-еркін кіріп-шығатын, бірақ күрке тауық сыймайтын алынып-салынатын тормен алмастырылатындай ағаш жәшік түрінде жасалады. Қырғауыл балапандарын тауық балапандары секілді тамақтандырады. Инкубаторлық әдіс арқылы қырғауылды дәл тауық балапандары секілді көбейтеді.

Өнімді құс фабрикаларына, мейрамханалар мен дәмханаларға, базарларға өткізуге болады. Жергілікті басылымдарға жарнама беру арқылы өнімді тікелей сатуға да болады.

Болжамды есептеулер.

Шығыстарға өсіруге арналған жұмыртқа сатып алу кіреді –

100 теңге (1  жұмыртқа бағасы) x 100 дана = 10 000 тенге.

1 бас үшін құрама жем сатып алу (жылына)  – 35 кг x 40 теңге (1 кг құны) = 1 400 теңге x 100 бас үшін = 14 000 теңге.

Барлығы: 24 000 теңге.

7.2. Табыс:

– Ет сату – 1 кг, орта есеппен, 650 теңге.

– Жұмыртқа сату – 10 дана – 900-1000 теңге.

– Қырғауыл сату (айына), орта есеппен – бір құс 1 000-1 500 теңге.

– Дербес ересек құстарды сату (жұбымен) – 7 000-8 000 теңге.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *