Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 167 Кодексi

192-бап. Жалған кәсiпкерлiк

1. Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн құру не басқа заңды тұлғалардың өз шешiмдерiн айқындау құқығын беретiн акцияларын (қатысу үлестерiн, пайларын) сатып алу, сол сияқты оларға басшылық ету, егер жасалған барлық мәмiлелер құқыққа қарсы мақсаттарды көздеген және азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрген жағдайда, –

алты жүз елуден екi мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл сала отырып не онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Нақ сол әрекеттердi:

а) бiрнеше рет;

б) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаса;

в) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жасаса, –

екi мыңнан бес мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:

а) ұйымдасқан топ;

б) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса, –

үш мыңнан алты мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкi тәркiленiп, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

1. Осы Кодекстiң осы бабында және 192-1-бабында құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтiн мәмiлелерге кредиттердi заңсыз алуға, салық төлеуден жалтаруға, тыйым салынған қызметтi жасыруға, заңсыз табыс табуға және (немесе) өзге де мүлiктiк пайда алуға бағытталған мәмiлелер, сондай-ақ көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға жәрдемдесу жатады.

2. Осы бапта iрi мөлшердегi залал деп азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен мың есе асатын сомада келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомада келтiрiлген залал танылады.

216-бап. Әдейi банкроттық

Әдейi банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң жеке мүддесi немесе өзге адамдардың мүддесi үшiн төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасауы немесе ұлғайтуы iрi зиянға немесе өзге да ауыр зардаптарға әкеп соқса, –

жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

216-1-бап. Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын, банкті мәжбүрлеп таратуға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне әкелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің ірі қатысушысы-жеке тұлғаның, ірі қатысушысы-заңды тұлғаның бірінші басшысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын орындайтын тұлғаның қасақана іс-әрекеті (әрекетсіздігі), –

үш мыңнан алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не екі мыңнан төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *