Құрылыс бригадасы

құрылыс бригадасыҚазіргі құрылыс нарығы – қаржылық жағынан мүмкіндігі зор жақсы дамыған индустрия. Бұл салада жөндеу бойынша жеке қызметті ұсынудан бастап арнайы бригадаларды ұйымдастыруға дейінгі қызмет түрлерімен айналысып, мол табысқа кенелуге әбден болады.

Жөндеу-өңдеу жұмыстарын жасайтын құрылыс бригадасын құру қиын емес. Тек жөндеудің мынадай болатынын ескеру керек: косметикалық, күрделі және еурожөндеу.  Косметикалық жөндеу – орын-жайды өңдеудің ең қарапайым түрі. Күрделі жөндеу – мынадай жұмыстардың жиынтығынан тұрады: бұрынғы өңдеуді алып тастау, негізгі құрылғыларды (қабырға, еден, төбе) толық тегістеу, инженерлік коммуникацияларды ауыстыру. Еурожөндеу – қазіргі жоғарғы технологиялық құрылыс және өңдеу материалдарын қолданып, еуропалық (аты содан шыққан) стандарттарға сай жаңа жөндеу түрі.

Ғимарат. Алғашқы кезеңде арнайы кеңсені жалға алмай-ақ, тапсырыстарды үйдегі телефон арқылықабылдауға болады.Сонымен қатар,өзіңіздің құрылыс материалдарын сақтайтын жеке қоймаңыздың болуы да міндетті емес. Белгіленген тапсырыс бойынша құрылыс материалдарын керек кезде алып отыруға болады.

Технология. Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру мен оның технологиясы жалпы теориялық және практикалық негіздерге сүйенеді.

Жөндеу жұмыстарын білікті мамандар орындау керек. Барлық жұмыстар тапсырыс берушінің келісімімен атқарылуы тиіс. Қызметтің алуан түрін көрсету мен кеңес беру тұрақты клиенттерді табуға мүмкіндік береді. Әдетте, құрылыс бригадалары құрылыс материалдарын тиімді бағамен қайдан алу керектігін біледі. Осындай жерлерді біліп алып, жұмыстарға қажетті материалдарды сол орындардан сатып алатын боласыз.

Жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізудің жалпы ережелері. Жөндеуді бастар алдында келеңсіз жағдайларға тап болмас үшін төменгі қабатта орналасқан көршінің пәтерін қарап шығу керек. Электрик электр сымдарын қабырға мен төбе бойымен өткізеді. Сантехник жылу жүйесімен айналысады. Содан кейін сылақшылар жұмыс жасай бастайды. Түзу бұрыштар өлшеніп, сылақ қабаты жағылады. Сылау жұмыстары біткеннен кейін еден жөнделеді. Еденді құю кезең-кезеңімен жүзеге асуы мүмкін. Осы кезде терезе блоктары мен терезе алды орнатылады. Жылу радиаторлары орналастырылып, су құбыры мен асүйдегі сантораптағы  кәріз монтажы жасалады.

Сылақ пен еден құю жұмыстары біткеннен кейін аспалы төбе монтажы мен бояу жұмыстары жүргізіледі. Сантехникалық жұмыстар аяқталғаннан соң плиткашылар жұмысқа кіріседі. Қабырға мен төбені бір сылап (нақыштау, грунтау) алғаннан соң, плиткалар төселіп болғаннан кейін, паркет төсеуші жұмысқа кіріседі. Салынған паркет тегістеліп, лактың алғашқы екі қабаты жағылады.  Одан кейін қорытынды сылау жұмыстары – қабырғаны мен төбені бояу, тұсқағаз жапсыру, сантехникалық құрал-жабдықтарды іске қосу, есіктер орнату жұмыстары жүргізіледі. Тоқ сұққыштар (розеткалар) мен электрқұралдарының монтажы жасалады.

Соңғы жұмыс ғимаратты тазалау, құрылыс материалдарының қоқысын шығару болып табылады.

Қызметкерлер. Жұмысшылардан (тақташылар, сылақшы-бояушы, сантехник, электрик және т.б) бөлек, жасалған жұмыстарды қадағалайтын, тапсырыс берушілермен келісетін бір адам болу керек.  Тексеруші жұмысын өзіңіз де атқара аласыз.

Өткізу. Біздің елімізде ең жақсы жарнама – ол жеке нұсқаулар.  Интернет-сайты мен жергілікті газеттерге жарнама беруге болады.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:

Құрылысқа қажет құрал-жабдықтар алуыңыз керек, ол шамамен 15 000 – 20 000 теңге тұрады.

Тапсырыс берушілердің өздерінің материалдар болатындықтан Сізге ол жағынан шығындалудың қажеті жоқ.

Жұмысшыларға жалақы ретінде жалпы сомадан түскен белгілі бір пайызды төлеп тұруға болады.

Табыс:

Жөндеу көлемі мен күрделілігіне байланысты бағаланады:

Косметикалық жөндеу 60 000 – 80 000 теңге, 5 – 7 күн ішінде жасауға болады.

Күрделі жөндеу 100 000 – 180 000 теңге, 1 не 1,5 айда жасауға болады.

Еурожөндеу 200 000 – 300 000 теңге, 2 – 2,5 ай ішінде жасауға болады.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *