Күнбағыс өсіру

Күнбағыс –  күрделі гүлдесін тұқымдасына жататын өсімдік. Оның шамамен  90‑ға тарта біржылдық және көпжылдық түрлері кездеседі. Үлкен гүлшоғырлары бар күнбағыстың ашық сәулелі жапырақшалары бір қарағаннан-ақ  күнді еске түсіреді. Бұдан бөлек, бұл өсімдік  басын үнемі күнге қаратып,  шығыстан батысқа дейінгі  күн ізімен оның соңынан еретін ерекше қабілетке ие. 

Өндіріс циклі көктемде басталып, күзде аяқталады және сорты мен технологиясына қарай  бар жоғы  100-150 күнге созылады. Бұл   бастапқы өніп-шығу кезеңінен гүл жару кезеңіне дейін суыққа, құрғақшылыққа төзімді, дәлірек айтқанда біздің климатымызға бейім өсімдік болып табылады.

Сондықтан, күнбағыс өсіру – аса қарапайым, қаржы салымын аз мөлшерде қажет ететін, жоғары рентабельді, өзін-өзі аз уақыт ішінде ақтайтын ақша табудың түрі.

Кұнбағыстың пістелері (дәндері) өте пайдалы. Олардың құрамында май, құнды өсімдік ақуыздары, көмірсулар, өзек, лецитин бар. Түрлі микроэлементтерге бай, сондықтан да магний, темір, мырыш, селенит, йод жетіспеушілігі кезінде көкөніс дәндерінің пайдасы тиеді.

Күнбағыс түрлері. Ең көп тараған түрі – майлы күнбағыс.  Күнбағыстың бұл түрі әлемнің барлық жерінде өседі және күнбағыс майын өндіру үшін пайдаланылады. Майлы күнбағыстың 4-5 метрлі толық сабақтары, кәдімгі немесе бұтақты, бір немесе бірнеше кішкене бастары болады; жалғыз бастыларының ені кейде жарты метрге (әдетте – 15-20 см) дейін жетеді; шетіндегі гүлдері сары, орта тұсы күлгін түсті болып келеді. Күнбағыстың жемісі – сопақша, төрт қырлы немесе бүйірінен сығымдалған дән, ол жеміссеріктен (қабық немесе қауыздан) және тұқым қабығымен жабылған ақ дәннен (өзек) тұрады.

Сондай‑ақ күнбағыстың көп тараған түрінің  бірі – біржылдық. Сабағы тығыз, биіктігі 2,5 мдейін тік өседі. Жапырақтары кезекпе кезек, ірі, жүрек тәрізді, бұдырлы, ұзын сап бойына орналасқан. Гүлдері сары, жоғары  ұшты, үнемі күнге қарай бұрылып тұратын ірі себетке жинақталған. Жемісі – жолақты немесе қара түсті сопақша жұмыртқа тәріздес дән. Ол ұдайы күннің  сәулесін, топырақтағы ылғал мен құнарлы заттардың болуын қажет етеді.

Өсіру әдістемесі және технологиясы. Күнбағыс өсіру қиын емес.  Ол кез келген бақша топырағында жақсы өседі, алайда жеңіл және құнарлы топырақты ұнатады. Оның өсетін орнын күн жақсы түсетін жерден таңдау керек. Күнбағыс көктемде топыраққа тұқымын себу арқылы көбейеді, ал көпжылдық түрлері – көктемде немесе күзде түптерінің бөлінуі арқылы өседі. Тұқымды сәуір‑мамыр айларында тікелей ашық топыраққа 30 х 40 см тәсілі бойынша 2-3 дәннен 2-5 см. тереңдікке себеді. Тұқым +5С температурада өне бастайды. Күнбағыстың гүлдеуі көктесін пайда болғаннан кейін 75-80 күн өткен соң ғана басталады. Өсімдік ерекше күтімді қажет етпейді. Тұқым  3-4 жыл өнгіштікті сақтайды. Күнбағысты 3-4 жыл өтпей бұрынғы егілген орнына  қайта өсіруге болмайды. Оған тағайындалған учаскені күзден бастап 20 см-ден кем болмайтындай етіп аудару керек.

Күнбағыстың күтімі өте қарапайым: қатарлар арасы арамшөп өсімдіктерінен еркін, ал топырағы борпылдақ болуы керек. Күнбағысты уақытылы егу оны қыркүйек айының басында жинауға мүмкіндік береді. Осы уақытта көбінесе қажетті ылғал деңгейіндегі жоғары сапалы пісте алуды қамтамасыз ететін қолайлы ауа райы болады.

Өнімді жинауға шамамен бір жарым ай уақыт кетеді. Күнбағысты басын өткір пышақпен қесу арқылы қолмен жинайды. Өте ылғалды пістелерді 8-10 күн бойы сабағының түбіріне кесілген себеттерді кигізу арқылы кептіреді. Егістіктен жиналған күнбағыстар қырманға – қоймадағы арнайы орынға жеткізіледі, ол тек екі қабырғаға орналастырылады, өйткені қойманың алдыңғы жағындағы қабырғаның болмауы, қажетті ауа алмасуын қамтамасыз етеді.

Бірден кептіру жақсы желдетіліп тұратын қараңғы қоймаларда жүзеге асады. Кептірілетін орындағы температура 40-50°С болуы тиіс. Матадан жасалған қаптарда 2 жылға дейін сақтайды.

Өткізу. БАҚ‑та күнбағыс тұқымын көтерме сату туралы хабарландыру беруге болады.  Одан кейін қуыру және бөлшектеп сату үшін, күнбағыс майын шығаруға, сондай‑ақ нан‑тоқаш және кондитерлік өндіріске пайдалануға болады.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар жерді жалға алмайтыныңыз ескеріліп есептелген.
1 га жерге егу үшін  5-10 кг тұқым қажет. Мәселен, Сізде 10 га х 10 кг = 50 кг х 70 теңге = 3 500 теңге.

Табыс:
1 га жерден 8-10 центнерге дейін өнім алуға болады. 10 га х 8 ц = 80 ц өнім = 800 кг х 70 теңге/кг = 56 000 теңге.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *