Қылмыс жасауда күдікті және айыпты деп танылған азаматтардың қандай құқықтары бар?

Arrest, close-up shot man's hands with handcuffs.Қылмыс жасауда күдікті және айыпты деп танылған азаматтардың құқықтары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексімен реттеледі.   

Қылмыстық іздестіру органы күдіктіні:
1) жетпіс екі сағаттан артық қамауда ұстауға;
2) бұлтартпау шараларын қолдану жөнінде қаулы жарияланған сәттен он тәуліктен артық бұлтартпау шарасын қолдануға (қамау, үйқамақ, тұрғылықты орнынан шықпау туралы қол хат алуға) құқы жоқ.

Күдіктінің құқықтары:

1) ұстап алуды (задержание) жүзеге асырған тұлғадан дереу арада оның құқықтарын түсіндіруді талап ету;

2) қандай іске байланысты күдікті екендігін білу;

3) өзі немесе туыстары арқылы немесе сенімді тұлғалар арқылы қорғаушы шақыру, егер күдікті, оның туыстары немесе сенімді тұлғасы қорғаушы шақырмаған жағдайда, тергеуші оның қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;

4) сұрақ-жауап басталғанға дейін таңдалған не тағайындалған қорғаушымен бетпе бет және құпия кездесу;

5) күдікті одан бас тартқан жағдайлардан басқа, түсініктемені қорғаушының қатысуымен ғана беру;

6) өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы қаулы көшірмесін алуға және ұстау хаттамасын, шара қолдану туралы қаулы көшірмесін алу;

7) түсініктеме және айғақ беруден бас тарту;

8) дәлелдер ұсыну;

9) қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы және қарсылықтар туралы шағымдану;

10) ана тілінде немесе білетін тілде түсініктеме беру;

11) аудармашының тегін қызметін пайдалану;

12) күдіктінің не қорғаушының, болмаса оның заңды өкілінің өтінішімен тергеушінің немесе жауап алушының рұқсатымен тергеу әрекетіне қатысу;

13) оның қатысуымен жүргізілген тергеу әрекетінің хаттамасымен танысу және хаттамаға ескертулер жасау;

14) тергеуші, жауап алушы, прокурор және соттың әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шешіміне шағым айту;

15) заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Күдіктінің қорғаушысы немесе заңды өкілінің болуы күдіктінің қандай да бір құқығын жоюға немесе шектеуге негіз бола алмайды.

Айыпталушының құқығы:

1) заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өз құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, қорғануға дайын болуы үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігінің болуы;

2) өзіне тағылған айыпты білу және қылмыстық іс қозғалғаны, айыпталушы ретінде іске тартылуы туралы қаулылардың көшірмесін алу;

3) қылмыстық іздестіру органынан дереу арада оның құқықтарын түсіндіруді талап ету;

4) қылмыстық процесті жүргізуші орган қабылдаған өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерінен хабардар болу;

5) бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алу;

6) өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беру;

7) айғақ беруден бас тарту;

8) дәлелдер ұсыну;

9) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеу;

10) ана тілінде немесе өзі білетін тілде түсіктеме және айғақ беру;

11) аудармашының тегін көмегін пайдалану;

12) қорғаушы алу;

13) осы Кодексте көзделген жағдайдарда және тәртіппен, өзінен алғашқы жауап алуға дейінгі сәттен бастап қорғаушысымен оңаша және құпия жолығу;

14) айыпталушының не қорғаушының, болмаса оның заңды өкілінің өтінішімен, тергеушінің немесе жауап алушының рұқсатымен тергеу әрекетіне қатысу;

15) өз өтініші немесе қорғаушысының, заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер жасау;

16) сараптама тағайындалып, жүргізілсе, сондай-ақ оған сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде, осы Кодекстің 244, 254, 354 және 355-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыру;

17) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;

18) айыптау тізімін қоспағанда, айыптау қорытындысының немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының және оның қосымшаларының көшірмелерін алуға;

19) тергеушінің, жауап алушының, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым беру;

20) қалпына келмейтін негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіру;

21) ашық түрдегі сот шешімін талап ету.

Іске айыпталушының қорғаушысы немесе заңды өкілінің қатысуы айыпталушының қандай да бір құқығын алып тастауға немесе шектеуге негіз бола алмайды.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *