Кешірім сұрау агенттігі

кешірім сұрау агенттігіӘр адамның өмірінде бір рет болса да істеген ісі үшін сүйіктілері, туысқандары не болмаса жай таныстары алдында кешірім сұрауға тура келген кездері болған шығар. Көпшілігі бұны бар ниетін көрсетіп жасай алмайды, «кешіріңіз», «ғафу етіңіз»  дегеннен басқа аузынан ештеңе шығармайды, ал бұл көбінесе жеткіліксіз болып жатады. Кейде  сөз тамаққа тіреліп, «кешір» деген қарапайым сөздің өзін айта алмай қаламыз. Қырсыққанда дәл осы қарапайым, бірақ айтуға соншалықты қиын сөздер қарым–қатынасты үзбеудің жалғыз ғана дәнекері қызметін атқаратыны рас.

Бұндай сәттерде адамдарға көмек қажет. Бұл да өз кезегінде бизнес үшін керемет идея. Қаржы салымдары тым аз, ал қызметтің бұл түріне деген сұраныс жоғары. Бұған бүгінгі күні көптеген қалаларда, оның ішінде Еуропа елдерінде кешірім сұрау қызметінің табысты жұмыс істеп жатқанын дәлел ретінде келтіруге болады.

Мынадай көріністі елестетіңіз. Сіз өзіңіздің екінші «жартыңызбен» ренжісіп қалдыңыз, бірақ ол сіздің кінәңіз емес делік. Үйде отырсыз, уайымдайсыз, ашуланасыз. Кенеттен есігіңізге қоңырау шалынады. Сіз есікті ашып, мынадай көріністі тамашалайсыз: есік алдында сіздің екінші «жартыңыздың» атынан кешірім сұраған хаты бар гүл шоғы немесе сыйлық тұрады. Мұнда музыкалық сүйемелдеу болса да жарасады. Міне, бұндай қадамнан кейін сүйіктісін қалай ғана кешірмесін?

Мінекей, бизнес‑идеяның негізгі мәні  – кешірім сұрау агенттігін құру.

Бұл үшін не қажет?

1) Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелу;

2) Тапсырыстарды қабылдайтын кеңсе ашу;

3) Өз қызметі туралы жақсылап жарнама беру;

4) Бұл ретте ұшқыр қиялмен қатар үлкен ынта керек!

Технология және шағын маркетинг. Агенттік, бәлкім сіз түсініп те қойған шығарсыз, жұртшылықтан кешірім сұрау үшін тапсырыстар қабылдаумен және оларды орындаумен айналысады. Тапсырыстарды бағасына қарай  бірнеше санатқа бөлуге болады:

– Телефон арқылы кешірім  сұрау – жай телефон шалып, тапсырыс беруші атынан ерекше түрде кешірім өтіну;

– Үйіне барып кешірім сұрау – тапсырыс беруші көрсеткен мекен- жай бойынша алдын ала әзірленген және тапсырыс берушімен келісілген мәтінді пайдаланып кешірім сұрау;

– Үйіне ертегі (мультфильм) кейіпкерінің костюмін киіп барып кешірім сұрау – тапсырыс беруші көрсеткен мекен-жайға келісілген уақытта барып, кешірім сұрау көрінісін жасау.

Бұндай санаттар көп болуы мүмкін, қызметке, мәселен, отшашуларды, музыкалық сүйемелдеумен сахналық шоуды қосуға болады, егер үй жоғарғы қабатта болмаса, онда терезе алдында, романс стилінде де жасауға болады, жалпы қосатын элементтер өте көп – барлығы тек қиялға байланысты. Агенттік қызметіне құттықтаулар жолдауды да қосуға болады.

Клиент кешірім сұрау агенттігінің қызметін кеңес алу үшін, кешірім сұрауды ұйымдастыруға көмектесу үшін ғана пайдаланып, қалған әрекетті өз бетімен жасаса да болады. Кешірім сұрау қызметінің көмегімен тек кешірім сұрап қана қоймай, сонымен қатар сезімдерін білдіруге де, кездесуге шақыруға да (бәлкім бұл алғаш рет болуы мүмкін), ренішін білдіруге де және т.б. жасауға болады.

Бұған қоса, кешірім сұрау қызметі кешірім сұраудың сәтті аяқталуына байланысты жауапкершілік алмауы керек. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, барынша жақсы жасалған кешірім сұрау шаралары адамның кешірім сұрауды қабылдамауына еш мүмкіндік қалдырмайды. Азаматтардың өздері де біреумен ренжісіп қалған жағдайда, көбінесе, кешірім сұрауды өзгеден күтіп, кешіруге кез келген уақытта әзір тұрады. Агенттіктің көрсеткен қызметінен оң тәжірибе алған клиент, міндетті түрде қайта хабарласады, сондай‑ақ өзінің достары мен таныстарына бұл туралы айтады, бұның өзі жарнаманың ең керемет түрі.

Штатқа міндетті тұрде психолог алу ұсынылады (бастапқы кезде біреуі де жетеді). Клиент проблемасының мәнін ұғынған соң, психолог қарым- қатынасты қалпына келтіру үшін қажетті сөздер таңдай бастайды. Ескеретін жайт, бұл сөздер жалпылама сипатта емес, тура сол қалыптасқан жағдайға байланысты болуы міндетті.

Сату. Кез келген бизнес өткізу бағыты мен маркетингі дұрыс жасалған кезде ғана сұранысқа ие болады. Бастапқы кезеңде жарнама да үлкен рөл атқарады. БАҚ‑қа жариялау, жарқылдатып жарнама беру сізге клиент тартуға жәрдемдеседі, бірақ ең жақсы жарнама қызметті өте сапалы ұсыну болып табылады.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:

– ғимаратты жалға алу, ауданы  15-20 м²×1500 тг/ м² – 22 500-30 000 теңге.

– психологтың жалақысы  орындалған жұмыстың ауқымына және тапсырыстың санына қарай болады. Шамамен сағатына 1500 – 2000 тг.

– жарнама, орта есеппен алғанда 15 000 теңге.

Барлығы: 70 000 теңге.

Табыс:

Сіздің табысыңыз тапсырыстардың санына байланысты болады. Қызмет көрсетулердің құны санатына байланысты, мәселен тапсырыс беруші атынан қоңырау шалу, ерекше түрдегі кешірім өтіну 1 500 теңге, қосымша атрибуттарды, костюмді көріністерді қолданумен үйіне барып кешірім сұрау және т.б. 3 500 теңгеден басталады. Бұнымен қоса, сіз костюмдерді театрдан, ойын‑сауық орталықтарынан қисынды бағаға жалға ала аласыз.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

2 responses to “Кешірім сұрау агенттігі

  1. оте дурыс екен

  2. наследственный агентсва ашу ушин керек оган лицензия керек етема

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *