Қазпошта кәсіпкерлерге ыңғайлы және тегін электрондық поштаны ашты

post

Соңғы кездері “Қазпошта” АҚ кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірқатар бірегей жобаларды іске асыруда. Атап айтқанда, постаматтар ашылды, хаттар мен посылкаларды жөнелту жүйесі жеңілдетілді, оларды интернет арқылы бақылап отыру мүмкіндігі енгізілді, postmarket қызметі іске қосылды.

Жаңа ашылған Post.kz порталы мемлекеттік органдарды, кәсіпкерлік ортаны және халықты бірыңғай байланыс алаңына біріктіретін болады.
Бұл алаң абоненттік жәшік нұсқасында, электронды түрде іске қосылып, керекті хаттар мен хабарландыруларды, мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен халық арасындағы құжаттарды жеткізуге арналған.

Бір ерекшелігі бұл электронды пошта egov электрондық үкімет жүйесімен біріктірілген. Сондықтан мемлекеттік қызметтерге тапсырыс беруден бастап, құжаттардың түпнұсқасын пошта арқылы жеткізу сияқты кешенді форматта қызмет ұсынылады.

Post.kz ұлттық электонды поштасы арқылы онлайн-трейдинг қызметімен инвестициялар және құнды қағаздармен Қазақстан қор биржасында келісімдер мен алып-сату операцияларын жүзеге асыруға болады.

Жоба барысында Қазпошта бөлімшелерінде ұсынылатын пошталық және қаржы қызметтерінің электронды нұсқасы қосылады. Енді азаматтар электронды пошта қызметтерімен бірге, жол ережесін бұзған үшін айыппұлдарды және басқа да төлемдерді іске асырып, сәлемдемелерді ресімдеп және бөлімшедегі кезекті брондай алады. Сонымен қатар клиенттер сәлемдемелердің келер мекенжайын ауыстырып, ыңғайлы болатын бөлімшеге немесе үйге жіберіп, гибридті электронды хат жібере алады, яғни Қазпошта қызметкерлері электронды түрде келген хатты керекті мекенжайда басып шығарып, қағаз түрінде жеткізеді.

Қазпошта кәсіпкерлерге көптеген ыңғайлы қазіргі заманғы бизнес механизмдерін ұсынуды. Сондықтан тездетіп www.post.kz-тен пошта ашып, компанияңыздың атауы немесе атыңыз сияқты әдемі, қысқа, логиндер алыңыздар. Бүгін біз kasipker@post.kz деген пошта аштық. Енді хаттарыңызды осы поштаға жолдасаңыздар болады.

Author: Vitaly Zhirov