Интернет-кафе

Интернетті үйлерінде пайдаланушылар арасында лимитсіз интернеттің кең тарағанына қарамастан, интернет‑кафелердің қызметі сұранысқа ие күйінде қала береді. Бұл бизнесті сауатты жүргізсе, интернеті бар кафелер жақсы табыс әкеледі.

Әрине, соңғы уақытта wi-fi нүктелердің таралуы да артып келеді, алайда дәстүрлі интернет‑кафе нарықта әлі де бәсекелесе алатын жағдайда және де ол жақын арада бәсеңси қоймайтын тәрізді.

Интернет-кафе ашу жөніндегі бизнес‑жоба өзін‑өзі ақтап қана қоймай, сонымен қатар табыс әкеліп тұруы үшін не қажет?

Ғимарат. Табысты интернет‑кафе ашу үшін ең басты шарт – оның орналасатын орнын дұрыс таңдау. Өйткені, кафеге келушілердің саны, яғни бизнестің табысы да болашақ клиенттер контингентіне тәуелді. Ең алдымен, әлеуетті келіп кетушілердің қозғалыс маршрутын, сондай‑ақ олардың өз бос уақыттарын өткізуге қатысты әдеттерін зерттеу керек. Көптеген кәсіпкерлер ғимаратты арзанырақ жалға алу үшін шағын  аудандарда интернет‑кафелер ашады. Нәтижесінде олардың көбісі орналасқан жерді дұрыс таңдамағаны үшін сәтсіздікке ұшырап жатады.

Бұдан кейін, мұндай қызмет көрсету нарығында бәсекелестік өте жоғары екенін және оны жеңу үшін интернет‑кафе үшін бір ғана интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етудің жеткіліксіз болатынын ескеру керек. Клиенттерге мүмкіндігінше көптеген қосымша қызметтер ұсынған жөн. Мәселен, құжаттарды шығару және көшіру, тағы бір міндетті жағдайдың бірі – ойын залының, музыка мен фильмдер коллекциясы бар файлдық серверлердің болуы. Егер сіз интернет‑кафе ашсаңыз, онда қоғамдық тамақтану қызметін ұсынсаңыз да болады. Бұндай қызметтің ассортименті кәдімгі кафелердегідей кең болуы міндетті емес,  жеңіл тамақтану немесе бір шыны кофе ішу мүмкіндігінің өзін келушілер жоғары бағалайтын болады,  бастапқы кезеңде тіпті жай кофенің өзі де жеткілікті.

Сонымен бірге қалам, қарындаш, А4 форматты қағаз, дискілер және т.б. секілді түрлі кеңсе заттарын сатуға да болады.

Құрал-жабдық. Сізге алғашқы уақытта кемінде 5 компьютер, желілік құрылғы, принтер, көшіру аппараты, факс аппараты қажет.

Егер сіз заңды бизнес жүргізгіңіз келсе, онда лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуге және сол сияқты лицензиялық компьютер ойындарына шығындалуға тура келеді. Қарақшылық жолмен келген бағдарламалық өнімдерді пайдалансаңыз, айыппұлдар салынуы мүмкін, ал бұл мекемеңіздің қаржылық жағдайына елеулі әсер ететін болады.

Қолданбалы бағдарламаларға келетін болсақ, қымбат саналатын  MS Office пакетінің орнына алғашқы кезеңде тегін Open Office орнатуға да болады.

Технология. Егер интернет клубты тек чатта отырып, ойын ойнауға арналған орын деп есептеуді доғарсақ,  онда өз табысымызды айтарлықтай көтере аламыз. Өз клубыңызды адамдар құжаттарын рәсімдей алатын орын деп есептеңіз: келген адам компьютерге отырады, қажетті ақпаратты көшіреді, портфолиосына сандық фото жасатады, шығарылған материалдарын сканерлейді, құжаттармен жұмыс істейді, радио тыңдайды, мәліметтерін қағазға басып шығарады, керектісін ламинаттайды, керектісін брошюралайды, мұқабасын сатып алады, құжаттың бірнеше көшірмесін жасайды, маңызды құжаттың жоғалып кетпеуіне сенімді болуы үшін сандық көшірмені CD‑ға, ұялы телефонының флэшкасына және USB драйвқа жазып алады. Мінекей, осындай қызмет түрлері бар өзінше бір таптырмас кеңсе.

Интернет‑кафеде қосымша қандай компьютерлік емес құрылғыны орнатуға болады:

Көшірме, оның принтермен және сканермен тіпті факспен біріктірілген мультифункцияналды түрін алуға болады.

Факс,егер сіз кеңселері көп ауданда орналассаңыз, онда факс жоғары сұранысқа ие қызмет болуы әбден мүмкін. Қала бойынша телефон желісі арқылы факс жіберуге болады. Егер халықаралық факс жіберу қажет болса, онда сізде үлкен басымдық болады деген сөз, өйткені сізде интернет те, сканер де бар. Интернет‑факс қызметін міндетті түрде пайдаланыңыз. Сіз бұл қызмет туралы ақпаратты «Интернет-факс» сөзін теру арқылы интернеттен таба аласыз. Мұндай қызметтер электронды пошта арқылы жүзеге асады,  форматы: +код-және-нөмір-телефон@fax-email.me. Сіздің осы почтаға жібергеніңіздің барлығы қажетті қалаға интернетпен жолданады, ал ол жақтан жергілікті қалалық телефон желісі арқылы беріледі. Мұндай қызмет халықаралық телефон қоңырауларына қарағанда өте арзан. Адамдар бұл қызметті пайдалануға ерінеді, өйткені онда тек факстің қалай жұмыс істейтінін ғана емес, интернет‑факс қызметін төлеу үшін банктік аударымдарды немесе банктік картаны пайдалану мәселесін де жете ұғыну қажет. Жылына жіберілетін бірнеше ғана халықаралық факс үшін мұнымен ешкім де айналысқысы келмейді, ал сіз бұл арқылы қосымша ақша таба аласыз.

– халықаралық қоңырау қызметін ұсыну.

– сандық фотолар басып шығару.

– VHS/MiniDV/MiniHVS кассеталарынан  CD/DVD‑ге көшіру.

– брошюратор.

– ламинатор.

Сонымен қатар, ғимаратта орын, сізде мүмкіндік пен ниет болған жағдайда мекемеңізге келушілер үшін мынадай қосымша құндылықтарды жақсартуға да болады:

– салқын сусындарға толы тоңазытқыш;

балмұздаққа толы мұздатқыш камерасы;

– кофе-машина немесе чай/кофе демдеу үшін қайнаған су алу мүмкіндігі;

Егер жақын маңда аспаздық, дәмхана немесе асхана болса, онда қабырғаға тапсырыс беруге болатыны туралы жарнама ілуге болады. Тапсырысты оператор арқылы аванспен жасау жүйесін енгізген дұрыс. Әйтпесе тапсырысты әкелмес бұрын клиенттің кетіп қалуы немесе клиентке ұнамаған жағдайда ол төлеуден бас тартуы мүмкін.  Қалауыңызға қарай, мұндай тапсырыстарды есептеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуға болады.

Сіздің мекемеңіздегі әрбір қосымша қызмет көрсету түрі келіп кетушілердің ниетін жақсарта түседі, сізге көбірек келгісі келіп, көп уақытын сіздің интернет-кафеде өткізгісі келіп тұратын болады. Бұның барлығы залдың толуына міндетті түрде әсер етеді.

Маркетинг. Кез келген бизнесте жарнаманы айналып өту мүмкін емес, компьютерлік клубтар да бұл ережеден тыс қала алмайды. Келушілерді тартуға назар аудартатын маңдайша, шағын PR-акция, сондай‑ақ барлық мүмкін болар бонустар мен жеңілдіктер септігін тигізеді. ЖОО‑да, қонақ үйлерде акция өткізіңіз. Сыйлық қоры үлкен болмаса да, компьютерлік ойындардан турнир немесе қандай да болмасын, жарыс ұйымдастыруға болады. Мұндайда маркетингтік тактика компьютерлік клубтың орналасқан жеріне (астанада, үлкен қалада немесе елді мекенде) әбден тәуелді болады. Мәселен, талапшыл астаналық жұртшылықты ұдайы жан‑жақты жарнамалық акциялармен назар аударту қажет, ал егер сіздің компьютерлік клубыңыз 200 мың адамдық қалада жалғыз болса, PR-кампанияны бастапқы кезеңде бір рет қана өткізген жеткілікті болады.

Сонымен қатар, компьютерлік клубтардың негізгі келушілері балалар мен студенттер болатынын ескеру қажет, олар сіздің мекемеңіздің  жарнамашылары бола алады, сондықтан да маркетингтік стратегияның негізгі векторы клиенттердің осы санатына бағытталуы тиіс. Одан кейін, ғимараттың ішкі жағында жайлы атмосфера қалыптастыру керек, тым болмаса косметикалық жөндеу жасауға тура келеді.

Қызметкерлер. Интернет‑кафе дұрыс қызмет етуі үшін сізге  қандай штат керек?

Штатта, ереже бойынша 5 адам болады: администратор, менеджер, кофеші-қызметші, ресепшн және көшіру орталығының қызметкері, күзетші.

Атмосфераны қалыптастыру – бұл оншақты адам айналысатын тұрақты жұмыс, олардың негізгі шаруасы клиентті зерттеуге бағытталу (кадрларды сауатты таңдау, қызметкерлерді оқыту және дәлелдеу) болып табылады. Студенттер – бұл интернет‑орталықтарға келушілермен байланысатын қызметкерлердің үлкен бөлігі. Қоғамда студенттер тұрақты жұмыс істемейді деген пікір қалыптасқан. Ынталандыру мен сыйақының икемді жүйесін қолданыңыз, тұрақты қызметкерге деген  нағыз қызығушылықты білдіріңіз, жұмыс жағынан өсу мүмкіндігін көрсетіңіз, осылайша  сіз студенттерді кадр ретінде жақсы пайдалана аласыз. Қызметкерлерді іс жүргізуге және интернет‑орталықтардың өміріне тікелей араласуға тартып отырыңыз. Мәселен, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан күзетшілер навигатор қызметін атқара алады, қажет болса, кеңес береді.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:

– ғимарат жалдау 40 м² – 80 000 теңге ай сайын.

– операциялық жүйесі бар 5 компьютер – 70 000 х 5 = 350 000 теңге.

– желі және оны жөндеу үшін құрылғы сатып алу– 40 000 теңге.

– принтер 20 000 теңге.

– Интернет қостыру – 20 000  теңге.

Барлығы : 510 000 теңге.

Бұдан кейін жаңа қызметтерді енгізуге байланысты сәйкесінше, қосымша құрылғылар сатып алу керек болады.

Табыс:

Клуб 100 %  толса– 5 компьютер х 30 күн х 6 000 теңге (24 сағат х 250 теңге) = 900 000 теңге. Ережеге сәйкес, интернет-кафенің бастапқы кезеңде толуы  30-60%, ал бұл  270 000 – 540 000 теңгені құрайды, оның ішінен ай сайынғы шығыстарды алып тастау керек (жалға алу, коммуналдық төлем, жалақы, салықтар).

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *