Hand-made сөмкелерін жасау

Саудада жақсы жетістікке жету үшін жаңашыл болу керек. Нарық көптеген тауарларға лық толы: ыдыс, киім, жөндеуге арналған материалдар, түрлі керекті құрал-саймандар. Дүкендерден кез келген затты тауып ала алатын сияқтысың.

Егер сіз фантазияға бай, қолынан бал тамған адам болсаңыз, онда hand-made («hand made» – қолмен жасалған) сөмкелерін жасаумен айналысып көріңіз! Батыстың бұл жаңалығы елімізге енді ғана келуде, сондықтан алғашқылардың бірі болып жақсы табыстарға қол жеткізуге әбден болады.

Хэнд-мэйд – өз хоббиіңізді табыс әкелетін бизнеске айналдырудың тамаша мүмкіндігі. Егер тіге алсаңыз, жаңа нәрселер ойлап табуға құштар болсаңыз, онда бұл сала сізге арналған.

Ғимарат. Бастапқы кезде сіз бұл іспен үйде де айналыса аласыз. Уақыт өте келе тұрақты клиенттеріңіз пайда болған кезде, жергілікті дүкендер мен бутиктермен әріптестік қарым-қатынас орнатқан кезде сіз өндірісіңізді кеңейтіп, арнайы орын-жайды жалға алатын боласыз.

Құрал-жабдықтар. Егер сіз тоқылған сөмкелермен айналыссаңыз, онда жуандығы, диаметрі әртүрлі шилар керек. Ал егер сіз сөмкелерді тігетін болсаңыз, онда тігін машинасы қажет. Сонымен қатар, екі жағдайда да шығын материалдары қажет.

Технология. Алдымен мұндай қызмет түрінің артықшылықтарына  тоқталып өтсек.

Біріншіден, hand-made сөмкелері, негізінен, қымбат емес материалдардан жасалады, оларды сіз үйіңізден-ақ таба аласыз, сондықтан да аталған бизнес көп шығындалуды қажет етпейді. Оған не кіреді? Мата, өңдеу мен әсемдеуге арналған түрлі бұйымдар, жіптер алу керек.

Екіншіден, сіз өзіңіздің фантазияңызды жүзеге асыра аласыз. Себебі  мұнда өзіңіз – би, өзіңіз – қожа. Сіз кез келген хэнд-мэйд сөмкелерін жасай аласыз, оларды қалауыңыз бойынша көркемдейсіз. Бірақ, әрине, заман талаптары мен сатып алушылардың ыңғайына қараған жөн. Әйтпесе, сіздің сөмкелеріңізге деген сұраныс жоғары болмайды.

Үшіншіден, өз еңбегіңізді өзіңіз бағалайсыз. Негізінде баға затыңызға деген сұранысқа, клиенттердің класына байланысты анықталады. Егер сөмкелерді жастар, студенттер алатын болса,  онда бағасын тым асырудың маңызы жоқ. Белгілеген бағаңыз клиенттеріңізге қолжетімді болуы қажет екенін естен шығармаңыз.

Төртіншіден, өзіңізге ыңғайлы уақытта жұмыс істейсіз. Егер ерте тұратын адам болсаңыз, онда таңертең жұмыс істейтін боласыз, ал егер кешірек тұрып, кешірек жатқанды ұнататын адам болсаңыз, кешкі уақыт сіз үшін өнімдірек болады

Бесіншіден, сіздің хэнд-мэйд сөмкелеріңізді сатудың түрлі жолдары бар. Қаладағы кішігірім дүкендерден бастап интернетке дейін, тіпті аукцион арқылы да сатуды ұйымдастыруға болады.

Алтыншыдан, сіз ешқашан да клиенттерсіз қалмайсыз. Қымбатырақ болса да, сапасы жоғары, жақсы зат алған әлдеқайда тиімді. Қолмен жасалған зат қашанда сатып алушыларды тартады.

Сонымен қатар, мұндай сөмкелер егесін әрдайым ерекшелеп тұрады. Уақыт өте келе нарыққа еніп, тауарлық маркаңызды брендке айналдыра аласыз. тартал.ы  тіпті аукционға дейін. онда онда кез-келген уақытты таңдай аласыз.

Өнімді өткізу. Жас кәсіпкер алдында туындайтын ең басты сұрақ –  өнімді кім үшін өндіреміз? Ал «не өндіреміз?» және «қалай өндіреміз?» деген сұрақтардың жауабы аз да болса белгілі. Сіздің басты сатып алушыларыңыз кімдер? Олар түрлі субмәдениет өкілдері бола алады, мысалы, рокерлер, эмо, т.б. Көптің арасынан ерекшеленгісі келетін қыздар мен жігіттер. Сонымен қатар, спортшылар мен мәдениет қайраткерлері де сіздің клиенттеріңіз бола алады. Сіз БАҚ басылымдары, түрлі-түсті хабарландыруларды қалың жұрт арасында тарату, интернет-сайтын құру арқылы клиенттерді тарта аласыз. Ең басты жарнама – өнімдеріңіздің сапасы.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:
– тігін машинкасын сатып алу (болмаса) – 14 000 – 16 000 теңге, жаңасын алудың қажеті жоқ, сапалы ескісін де алуға болады.
– шығын материалдарын сатып алу (жіптер, стразалар, түймелер, әшекей түйреуіштер, т.б) –  5 000-6 000 теңге.
Барлығы: 19 000 – 22 000 теңге.

Табыс:

Сөмкелердің бағасы жұмсалған уақытқа, сөмкенің көлемі, матасы мен дизайнына байланысты болады.

Мысалы, сөмкелерді қармақ шимен тоқу өте қиын, сондықтан олардың бағасы да жұмсалған еңбекке сай болады. Қарапайым тігілген сөмкенің бағасы жұмсалған материалдарға байланысты 3 000 теңге, не одан жоғары.

Ерекше заттар қашанда бағалы, сондықтан мұндай бизнесті табыс әкеледі деп есептеуге әбден болады.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *