Ешкі өсіру

Ешкі ұсақ мүйізді малға жатады. Ешкінің ең басты ерекшелігі – кез келген жағдайға бейімделе алатындығы. Жеке шаруашылықта да айтарлықтай төзімді болу ешкіге тән: олардың ас қорыту мүшелері 60 пайызы клетчаткадан тұратын  азықты да қорытып жібереді. Ешкінің өмір сүру ұзақтығы 14-15 жыл.

Ешкінің сүті адамға ана сүтін алмастыра алады. Оның құрамындағы май оңай сіңімді, әрі адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Ешкі сүтінің құрамында кальций мен фосфор минералдық заттарының мол болуы балалардың сүйектерінің қалыптасуы үшін өте пайдалы. Оны әртүрлі өкпе, суық тию ауруларын емдеу үшін қолданады, сондай-ақ ешкі сүті  гепатиттен, асқазан жарасынан, астмадан және т.б. аурулардан қорғайды. Ешкі сүтінің құрамында В, В2, С  және А  дәрумендері бар. Күніне әр ешкіден 4-7 литрге жуық сүт алуға болады.

Ешкі орта есеппен бір жылда 300 гр. жүн береді, ал кейбір жақсы ешкілердің жүні 800 гр. дейін жетеді.  Жүн көбінесе жем беру мен өсіру жағдайына, сонымен қатар ешкіні қырқу мерзіміне байланысты болады.

Ешкіні күтіп-баптау. Ешкілер – талғампаз жануар емес, сондықтан оларды кез келген орында асырауға болады, ең бастысы оның тұратын орны құрғақ, жарық және онда өктем жел болмаса болғаны. Оның орналасқан жерінің температурасы +5-10 градустан төмен болмауы керек. Егер оның тұратын орны ылғалды болса, онда ешкі сүтінің майлылығы азаяды. Ешкі тұратын орынға кішігірім жем беретін аттақыр орналастырады. Аттақырдың төменгі шеті мен еденнің арасы 60-70 см. құрауы тиіс.  Бұл малдың шөпті шашпауы үшін жасалады. Ешкілердің суы үнемі қабырғаға бекітілетін  шелектерде болуы керек. Суды екі күнде бір рет ауыстырып отырады.

Ешкі – тазалықты жақсы көретін жануар, сондықтан олардың астында үнемі төсеніштері жеткілікті болуы қажет. Төсеніш ретінде ағаш үгінділерін, шымтезек немесе құрғақ жапырақтарды қолдануға болады.

Ешкінің негізгі азығы. Ешкінің құнарлы заттарды қажет етуі жасына, жүктілік мерзіміне, емізу мерзіміне және өнімділік деңгейіне байланысты болады. Дұрыс емізбеу, әсіресе жас кезінде, даму мен өсуінің артта қалуына алып келеді, мұндай ешкілер көп сүт бермейтін болады. Қорада тұру науқанында ешкілердің басты азығы ұсақ шабынды шөп болып табылады.45 кг. салмаққа дейінгі ешкілерге тәулігіне2 кг. жуық шөп береді. Дұрыс тамақтану рационында шөптің болмауынан сүт өнімі мен сүттің майлылығы жылдам төмендейді. Дәнді азықтардың ішінен ешкілерге кебекті ұнтақталған немесе пісірілген түрінде, құрама жемді – сулы жемдермен бірге немесе бұқтырылған түрде беруге болады. Минералды заттардың ішінен ешкілерге ас тұзы мен бор беру керек. Ешкінің қыс мезгілінде қоректенуі  шамамен2 кг. шөптен,2 кг. тамырлы жемістерден, 0,2-0,3кг. концентраттардан тұрады.

Ешкілерді байланып тұрған жерінен жайылымға біртіндеп шығарады. Жаз мезгілінде ең басты азығы – жасыл шөп. Ешкілерді тек шық кепкеннен кейін ғана өріске шығарады. Жаз мезгілінде оларды екі рет суарады.

Ешкі өсіру. Ешкілер – көбейгіш әрі тез өсіп жетілетін мал. Орташа буаздылық уақыты шамамен 150 күнді құрайды. Ешкінің жыныстық жетілуі 6-7 айынан 1,5 жылға дейін болатындықтан, оларды қашыруға 16-18 айында жіберген дұрыс.  Ешкілерді кез келген үй жануарымен бірге бір орында ұстауға болады. Дұрыс коректендіріп, дұрыс қараған жағдайда ешкілер мүлдем ауырмайды.

Өнімді сату. Ешкі өсіру нәтижесінде алынған өнімді (сүт, жүн) қышқыл-сүт өнімдерін сататын шағын бизнес ұйымдарымен келісім-шарт жасасу арқылы, сондай-ақ газетке жарнама беру арқылы сатуға болады. 

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:

– лақ сатып алу – 10 дана х 6 000 теңге = 60 000 теңге.

– шөп – 1 т = 5 000 теңге.

– кебек, құрама жем – 2 000 теңге.

Барлығы: 67 000 теңге.

Табыс:

– Ешкіні сату: 4 дана х 12 000 теңге = 48 000 теңге, қалған ешкіні өсіп жетілдіруге қалдырамыз.

– Жүн: ешкіні жарты жылда қырқу арқылы 1 ешкіден 150 г. жүн алуға болады х 10 ешкі =1 500 г х 300 теңге (1 г құны) = 450 000 теңге.

– Сүтін сату: күніне 4 литр х 250 теңге = 1000 теңге х 30 күнде = 30 000 теңге (айына), жарты жылда 180 000 теңге.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *