50 жылда АҚШ-ның 6 елшісі өлтірілді, оның 4-уі мұсылман елдерінде

Өткен ғасырдың орта белінен бастап дүние жүзіндегі Америка құрама штаттарының елшіліктері қаруланған радикалды топтардың стратегиялық нысандарына айналды. Жуырда Ливияның Бенғазы қаласында мерт болған Джон Кристофер Стивенс Американың дипломатиялық тарихында қызмет бабында өлтірілген 6 елшісі және бұл оқиға 60 жыл ішінде АҚШ-ның елшіліктері мен консулдықтарына жасалған 30-шы шабуыл болып отыр.

Американың дипломатиялық нысандарына шабуылдардың бірінші толқынында солшыл радикалды топтар жауапты еді. Олар өткен ғасырдың 50 жылдарынан бастап Еуропадағы және Латын Америкадағы АҚШ-ның елшіліктеріне шабуылдар жасаумен болды. Қазіргі кезде белсенділіктері жоқтың-қасы. Бұл әрекеттердің екінші толқынында «исламдық» фактор орын ала бастады және өткізу орны Таяу Шығысқа ауысты. Мерт болған 6 елшінің 4-уі мұсылман елдерінде көз жұмған. Бұған қоса «Қағида» террористік ұйымының пайда болуы АҚШ-ның елшіліктері мен консулдықтарына шабуылдарды өршітіп жіберді. 1997 жылғы Дар-эс-Салам мен Найроби қалаларындағы жарылыстардан бергі 15 жылда «Қағида» ұйымына қатысты радикалды топтар 15 шабуылды өз мойынына алған. Демек бір жылда бір шабуыл жасап отырған.

Қызмет бабында өлтірілген Американың елшілерінің тізімі:

1) Алғашқы болып мерт болған – Гватемаладағы елші Джон Гордон Мейн. Ол 1968 жылы өз жұмыс орнында гватемалық FAR (Қаруланған көтерісшілер жасақтары) ұйымының қолынан қаза тапты.

2) 1973 жылы Хартум қаласында Судандағы елші Клео Аллен Ноэль палестиналық «Қара қыркүйек» тобының мүшелерінің қолынан өлді.

3) 1974 жылы Никосия қаласында Кипрдағы елші Роджер Девис грек жастарының елшілік ғимаратына шабуыл барысында қайтыс болды.

 4) 1976 жылы Бейрут қаласында солшыл палестиналық топ Ливандағы елші Френсис Мэлойды ұрлап алып кетіп, атып тастаған.

5) 1978 жылы Қабул қаласында Ауғаныстандағы елші Адольф Дабсты солшыл радикалды маоист ұйымы ұрлап алып кетіп, ауған-совет арнайы жасақтары тарапынан босату қимылдары барысында мерт болған.

6) Ауғаныстандағы жағдайдан кейін шет елдердегі Американың дипломатиялық нысандарының қорғанысы едәуір күшейтілген болатын. Бенғази қаласындағы консулдықта орын алған Джон Кристофер Стивенстің өлімі 34 жылдан кейін қайталанып отырған бірінші оқиға. Кейбір деректерге сәйкес оның өлімі кездейсоқтық болған.

Айта кету керек, Крис Стивенс соңғы ливиялық төңкерістің және Муаммар Каддафидің кетуінің архитекторы болды. «Не ексең, соны орасың» – демекші, американың елшісі өзі қолдау көрсеткен одақтас радикалды топтардан өлімін тапты.

Көріп отырғанымыздай, Американың дипломатиялық нысандарына шабуылдар сыртқы күштердің арандатушылық пиғылдарынан орын алып отыр.

Соңғы кездердегі еліміздегі лаңкестік әрекеттерді ескере отырып, біздің қауіпсіздік органдарға да бұл жағдайды ескерген жөн сияқты.

Бөлісу

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *